Дәріс №1. Кіріспе. Ауылшаруашылық малдарының төлдерін өсірудің ерекшеліктері. (1сағат)


Тәжірибелік сабақ №7. Бұзауларды сүт ему мезгіліндегі азықтандыру және ұстау гигиеансы



бет6/12
Дата16.06.2016
өлшемі0.83 Mb.
#139857
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Тәжірибелік сабақ №7. Бұзауларды сүт ему мезгіліндегі азықтандыру және ұстау гигиеансы

Тәжірибелік сабақ №8. Бұзауларды сүт ему мезгіліндегі ұстау кезіндегі қойылатын гигиеналық талаптар мен микроклимат көрсетекіштері.
1. Қолдан сүт беріп өсіру тәсілі – көбінесе сүт өндіру бағытындағы шаруашылықтарда қолданылады да, жас туған төлдерді алғашқы күндері еміздік арқылы, кейіннен шелектен сүт ішкізіп көректендіреді. Жалпы бұзауды апталық жасына дейін тек сүтпен азықтандырады да, одан соң рационға обрат (тартылған) сүт қосады. Бірақ сүт пен обратты араластырып бермейді, керісінше әртүрлі мезгілде, мысалы таза сүтті таңертең, ал обратты кешке берген жөн. Екеуін бір мезгілде араластырып ішкісе, іріп, іш ауруға ұшыратуы мүмкін. Сүт пен обрат бұзауға беру үшін таза және жаңа болып, бір айға дейін температурасы 35-37ºС, ал екінші айдағы бұзауларға -30-35º С болғаны керек. Жаңа сүт пен көректендіру 50-60 күндігіне дейін болса, обратты 3-5 айлығына дейін береді.

Жас төлдердің алғашқы айларда азыққа деген сұранысы тез және жиі (өсуіне байланысты) өзгерісте болатындықтан, оларды азықтандаруды жасына және шаруашылықтың жағдайына қарап белгілі 5-6 айға жасалған күн тізбегіне сүйенеді (кесте 7).

Ас алмасу процесстерінің жүруін жақсарту мақсатында бұзаулардың 5-6 күндігінен бастап температурасы 35-37 ºС қайнаған су беріледі де, 2 –айлығынан бастап таза қайнамаған су ішкізеді. Суару азықтандырудан соң бір сағаттан кейін жүргізіледі. Құрама азықтарды 15-20 күндігінен бастап береді, ал қатаң азыққа туғаннан бастап үйретеді. Жаз айында көк шөпті екі айлығынан бастап берсе, сүрлемді айдан асқаннан соң береді.

Жаңа сауылған сүтті үнемдеу үшін бұзауларға жасанды алмастырғыш сүттерді береді (ЗЦМ). Оның құрамына жоғары сапалы өнімдер: құрғақ майсыздандырылған сүт, мал және өсімдік майлары, витаминдер, макро-микроэлементтер, антиоксиданттар және дәмдендіргіш қоспалар қосылады. Жаңа сүтті алмастырғыш қоспаларды дайындайтын сүт өндірістерінде бірнеше рецептерді пайдаланады. Бұзауға берудің алдында ЗЦМ-ді 37-40 ºС температурадағы жылы су мен 1,2 кг-ын 8,8 л суға есептеп ерітеді. Бұлай дайындаған ЗЦМ-нің әр кг бір кг жаңа сүтті алмастырады. ЗЦМ бұзауға 11-күндік жасынан бастап беруге болады.



2. Бұзауларды арнайы бекітілген сиырлардың сүтін беріп өсіру үшін бір сиырдың (өніміне байланысты) бауырына 2-4 бұзауды бекітеді. Бұзаулардың өсіп-дамуына қарап, белгілі бір мезгілде, оларды басқа жас төлдермен алмастырады, сөйтіп бұл әдісті – топтап алмастыру тәсілі деп атайды (семенно-групповой). Бұл тәсіл кезінде аналықтың баурына бекітілген 2-4 бұзау сапалы, микробы жоқ, жылы, құнарлы сүтті сиыр емшегінен қабылдап, аурудан аман, жылдам өсіп-дамиды. Бірақ, бұзауларды өсірудің бұл тәсілінің де бірнеше кемшілігі бар. Мысалы, емізгіш-сиырлар, көбінесе күйтке келмей, қысыр қалды. Сол сияқты бұл әдіспен пайдаланған сиырлардың кейбірі машинамен сауғанда сүт бермейді. Сондықтан бұл тәсіл сиырды жыл бойына біркелкі мезгілдерде бұзаулатқанда пайдаланған қолайлы болады. Бұзауларға бекітілетін сиырды жылдың бар мезгілінде де, тек тууына екі ай қалған аралықтан басқа, таңдап, дені сау, жуас, оның ішінде тез үйренетін алғашқы туатын құнажындарды пайдаланады. Ондай малдың жылдық сүті 2000-3000 л кем болмай, емшектері дұрыс дамыған, үрпі жарасыз болуы керек. Бұзауларды мұндай бекітілген сиырларға 5-6 күндік жасынан бастап емізеді. Әр сиырға бекітілген бұзаулар біркелкі, жасы шамалас, салмақ айырмашылығы 8-10 кг-нан аспауы керек. Төлдері бекітетін сиырды таңдап, оған топтағы әр бұзауға шаққанда тәулігіне 3,5-4,5 кг сүттен беретіндей болса, бұзаулардың тез өсіп-дамуын қамтамасыз етеді. Сиырды емуге барлық бекітілген бұзауды бір мезгілде жіберіп, желіннің артқы бөлігінде сүт мол болатындықтан оған әлсіз, кіші төлдерді, ал алдыңғы бөлігінің сүтін емуге ірі, әлді бұзауларды жіберіп үйретеді. Сиырдың бауырынан бұзауларды туғандағы салмағынан үш есе артқанда, яғни әр бұзау 80-100 кг жеткенде, 70-100 күннен кейін айырады. Енесінен айырылған бұзауларды өсу жоспарына құрылған тізбегі бойынша азықтандырада.
Тәжірибелік сабақ №9. Өнімідік және бордақылауға арналған (еттік) жас малдарды күтіп-бағу, азықтандыру гигиенасы

Тәжірибелік сабақ №10. Өнімідік және бордақылауға арналған (еттік) жас малдарды ұстау кезіндегі қойылатын гигиеналық талаптар мен микроклимат көрсеткіштері
Негізгі тұқымдық бағытқа арналған бұқалардың көпшілігі ұрықтандыру станциялары мен тұқымдық өндірістердің орталығында тоғысқан болады. Бірақ станцияларға немесе ұрықтандыру пунктіне келген бұқалар, оларды пайдаланбас бұрын 30 тәулік бойына карантинде тұрады. Ол уақытта оларды бруцеллезге, туберкулезге, трихомонозға тағы басқа олардың алынған аймақтарында кәзір немесе бұрын кездескен жұқпалы ауруларға тексеріледі.

Әрбір бұқаны мұқият тексеріп, денінің саулығын, сырт тұлға көрсеткіштері, конституциясы, ұрығының (сперма) мөлшерімен сапасын зерттейді. Бұқалардың жоғарғы сапалы ұрығы болудың негізгі кепілі, олардың жеткілікті және құнарлы әсіресе белок, витамин және минералды заттарға бай азықтармен қамтамасыз ету болып саналады. Рационда витамин А жетіспеген жағдайда ұрықтың түзілуі (сперматогенез) бұзылып, ал витамин Е жетіспесе ұрық жолдарының эпителиялары өзгеріске ұшырап (дегенерацияға), соның нәтижесінде бұқаның ұрығы жоғалады (аспермия).

Бұқаларды таза, құрғақ жарық және жақсы желдетілген қораларда ұстайды. Төсеніш есебінде ағаш үгіндісін, немесе соломаны пайдаланып, немесе төсенішсіз кордорезиналы едендер, немесе жинағыш ағаштан жасалған торлы едендерде ұстайды. Бұқаларды арнайы тұрақтарда байлап, немесе бокстарда (денниктерде) орналастырады. Тұрақтың ұзындығы 2,2 м, ені 1,5 м болып, алдында туған жылы, аты (кличка), тұқымы, шығу тегі және салмағы көрсетілген тақтайша ілініп қойылады. Сақтық үшін барлық бұқаның танауына шығыр өткізіп, таяқ байлап қояды. Бұқаны бір жерден бір жерге ауыстырған кезде болмаса, олардың азықтануына бөгет жасамау үшін шығырды жоғары қаратып мүйізіне байлап қояды.

Бұқаларды күнделікті щетқамен тазалап, денесінің ластанған жерлерін тек қана сумен жуады. Әсіресе олардың жыныс мүшелерінің тазалығын мұқият тексереді. Жаз айларында бұқаларды, арнайы жасалған орындарда (ванналарда) бір жақты, айналмалы бағытты суға түсіреді. Ерекше көңілді олардың тұйяғына аударып, мезгіл-мезгіл тазалап, түзеп отырады.

Бұқалардың қан айналу, жүрек соғу, тыныс алу және ас қорту жұйелерінің жұмыстары жақсарып, артық семіріп кетпей, шағылысу қабілетінің активтілігін арттыру үшін, күнделікті серуендеуін (моцион) қамтамасыз ету қажет. Моцион үшін жаюды, жегуді жеке серуен алаңдарын, айналмалы электірлі жүргізгіштерді пайдаланады. (сурет 6)

Бұқалардың өте жиі аяқтарының аурулары: буыны ісу, сіңірі созылу т.б. кезедседі. Ондай малдар көп уақыт жатып, орнынан тұрмай, тұрса ауырсынып, шағылысқа ынтасы төмендеп, сиырға секіре алмайды. Ұрық сапасы нашарлап, кейде бракқа (жарамсыз) шығарылады. Бұқалардың аяқ ауруларының негізгі себептері олардың организміндегі зат алмасу процесстерінің, әсіресе минералдық, бұзылуы, қозғалыстың аздығы (гиподинамия), дұрыс пайдаланбаудың салдары және күтіп-бағуда санитарлық-гигиеналық талаптарды орындамай, кемшіліктердің жіберілуі болып саналады.

Қозғалыстың ұзақ уақыт шектеліп, жетіспеушілігі бұқа буынының ішіндегі сұйықтың азаюына апарып соғады да (8-10 есе), оның көрегі төмендеп, буын ткандарының физикалық қасиеттерімен қызметтері өзгеріп, нашарлайды.

Көптеген жағдайда бұқаларды тұрғызатын станоктардың дұрыс болмай, аяқ сіңірлерінің созылып, буын шеміршектерінің жарақаттанып қалуы кездеседі. Оған сол сияқты тегіс емес, қатты (бетон) едендердің зиянды әсері тиеді.

Бұқалардың аяқ ауруларының алдын алу - малдарды қалыпты жағдайда күтіп-бағуы, құнарлы азықтармен көректендіру, жас бұқаларды дұрыс өсіріп пайдалану тағы басқа шараладың жиынтығынан тұрады.

Бұқаны шағылысқа қоспас бұрын, физикалық салмақ түсетін аяқ-буындарын қалыпқа келтіріп шынықтыру үшін 15-20 минуттай серуендету қажет. Күнделікті мационның ұзақтығы (азықтандыру алдында) бір сағатқа созылып, 4-5 км жол жүруі керек. Әр шаруашылық жағдайына қарап, малдың жасы, салмағы, мінез-құлқына байланысты әртүрлі серуендету түрлерін қолданады. Ең тиімді, оңай моцион түрі малды, арнайы алаңдарда жүргізіп, тапталған жолдармен айдап, электірлі айналу шеңберімен, жаз мезгілдерінде жер орайына байланысты, жайып серуендету болып саналады.

Бұқаны шағылысқа қосқан кезде, оның аяқтарының асты берік, әсіресе артқы аяғына тірек болатындай болуы керек. Шағылысу кезінде бұқаның аяғы тайып кетіп, жарақаттанып қалмау үшін, станоктың (манеждің) еденіне кедір-бұдырлы резина төсеніш төселеді (қалыңдығы 18-20 мм).

Бұқалардың тұяғының түзу өсуін қадағалап, тазалап, артық өскені болса түзетіп кесіп отырады. Оларды тұрғызып, қолда ұстаған кезде әрбір 3-4 айда бір рет тексеріп, өскен тұяқты тегістейді. Тұяқтың шіріп, босап кетпеуі (мацерация) үшін есік алдына дезинфекциялауға арналған, төсеніш жасалады. Ол үшін ваннаны (шұңқыр) 10 % тотияин ерітіндісін немесе 2 % формалинге шыланған төсенішке толтырып қояды.

Күздің, қыс айларының кезіндегі күн сәулелерінің организмдегі жетіспеушілігін жасанды ультракүлгін шамдарының көмегімен толықтандырады. Ол үшін эритемді шамдарды еденнен 2,5-3 м биіктікте немесе мал белінен 1,0-1,5 м жоғары, екі басқа бір сәулелендіргіштен есептеп, іліп бекітеді.

Азықтандырудың жетіспеушілігі бұқалардың әлсіреп, әтек болуына (импотент) апарып соғады (азықтан болған әтектік). Азық рационында белоктың әсіресе мал белогі және витаминдер тобы А, Д, Е жетіспеуі бұқаның шағылысу қабілетін төмендетіп, әртүрлі (аспермия-ұрықтың жоғалуы, олигоспермия – концентрациясының азаюы, таратоспермия- ауру ұрықтардың пайда болуы) аурулардың тууына апарып соғады. Рациондағы кальцидің, фосфордың, сол сияқты микроэлементтердің, әсіресе иодтың жетіспеушілігі бұқаның ұрығының сұйылуына (олигосперия) апарып соғады.

Климаттан болған имотенция (әтектік) бұқаларда ауа райының шұғыл өзгерісінен – суық, ыстық артық күн соғу т.б. болады. Әтектің мұндай түрін болдырмау үшін бұқаларды қалыпты тұрғызылған қораларда ұстап, тиісті микроклиматты сақтап, күнделікті серуендетіп отыру керек.

Бұқаларды дұрыс пайдаланбай, артық күш түсірсе де, әлсіреп, әтек боп, шағылысқа бармайды. Әр бұқаға бекітілетін сиырдың саны әр қыйлы болып, жасына, физиологиялық ерекшеліктеріне, шағылыс мерзімінің ұзақтығына, күтіп-бағу және азықтандыру шамасына байланысты өзгереді. Үш бес жастық бұқаға жыл ішіндегі табиғи қолдан шағылысу кезінде 60-90, ал жасанды түрмен – 1500-2000 сиырдан бекітіледі. Әр тәулікте 1-2 реттен, 6-8 сағат үзіліспен, шағылысқа қосылуы керек.

Шағылысқа шығатын сиырдың күйтін анықтауға арналған бұқаға 150-200 басқа дейін белгіленеді.

Бұқаларда жүйке әтектігі (нейрогенді импотенция) ұрық алатын вагинаны дұрыс дайындамай (ыстық, суық, су құйып), ұрық алу кезінде үркітіп күйзеліске ұшырату, бөтен адамдардың қатысы, шу шығару т.б. әсерінен туады.

Бұқалардың денсаулығын тұрақты тексеруден өткізіп тұру қажет. Себебі көптеген аурулар жыныс жолдары арқылы тарайды. Ауырған бұқа ұрығымен көптеген аурулардың (бруцеллез, туберкулез, лептоспироз, трихомоноз, вибриоз, микоплазмоз, пустулезді вагинит т.б.) қоздырғыштарын бөліп таратуы мүмкін. Ұрықты қатырып – тоңазытқанда бұл аурулардың қоздырғыштары өлмей, малды ұрықтандырған кезде басқа аналықтарды ауыртып зақымдауы мүмкін.

Мал организмінің төзімділігін төмендететін жайсыз жағдай болғанда бұқалардың ұрығында белгілі бір бактериалардың (көк-ірің таяқшалары, ішек таяқшалары, корине бактериялар т.б.) ұзақ уақытқа сақталып, ауру таратушы болады. Ұрықтағы микроорганизмдер зиянды қалдықтарын бөліп шығарып, сперманың сапасын төмендетеді, ондай ұрық аналықтың жыныс мүшесіне түсіп, ұрықтану процессіне теріс әсер етіп, буаздықтың дұрыс өтуіне зиянын тигізіп, әртүрлі жыныс ауруларының шығуына апарып соғады.


Кесте 1. Ірі қара малдарына арналған қоралардың технологиялық бөлшектерінің размерлері мен аудандарының нормасы.


Қора элементтерінің атауы

Берілуі

Әр бөлшекте шаққандағы мал басының шекті саны

1 басқа орын, м²

Бөлшек размері, М

өндіріс ферма-сы

Тұқымдық фермалар

өндіріс фермалары

Тұқымдық фермалар

ені

Терең

дігі


ені

терең

дігі


1

2

3

4

5

6

7

8

9

Малды топтап ұстауға арналған секция (клетка)

Сауын сиырлар, бұзау және тууына 2-3 ай қалған құнажын

14-20 тәуліктен 3 айға дейінгі бұзаулар үшін 3-6 айдағы жас төлдер 6-8 айдан 12 айға дейін

12-18 ай, құнажындар үшін

Ет бағытындағы бұзаулы сиырлар

Бордақыдағы жас малдар серуен алаңында ұстағанда


50

20
20

100/50
100/50
150
250


4-5

1,2
1,5

2,5/1,8
3/2
5
3/2


-

1,2
1,5

2,5-3
3
5
-


Есеп бойфнша
-//-
-//-

-//-
-

-
-


-

3
-//-

-//-
-

-
-



-
Есеп бойфнша
-//-

-//-
-

-
-


-

3
-//-

-//-
-

-
-



Бокстар

Сиырлар мен буаз құнажындар үшін

1

1,9-2,5

1,9-2,5

1-1,2

1,9-2,1

1-1,2

1,9-2,9

3-4 айлық бұзаулар үшін

1

0,5

0,5

0,5

1,0

0,5

1,0

3-6 айлық бұзаулар үшін

1

0,66

0,72

0,55

1,2

0,6

1,2

6-12 айлық бұзаулар үшін

1

0,9-1,0

1,12

0,7

1,3-1,5

0,75

1,5

12-18 айлық бұзаулар үшін

1

1,0-1,3

1,36

0,75

1,5-1,7

0,8

1,7

Құнажындар мен 18 айдай жоғарғы жастағы

1

1,62

1,9

0,9

1,8

1,0

1,9

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Тұрақтар

Ірі сиырлар мен құнажындар үшін

1

1,7-2,3

2,1-2,4

1,0-1,2

1,7-1,9

1,2

1,8-2,0

Бұзаулайтын бөлмедегі:

Тууға жақын сиырлар

1

2,4-3

3,0

1,2-1,5

2,0

1,5

2,0

Құнажындар

1

2,4

2,4

1,2

2,0

1,2

2,0

Бұқалар үшін

1

1,5-1,7

3-3,3

-

-

1,5

2-2,2

Бордақыдағы малдар үшін

1

1,2-1,5

-

0,9-1,0

1,7

-

-

15-20 айдағы өндірістік жас малдар үшін

1

1,2-1,5

1,2-1,5

0,8-0,9

1,5-1,7

0,8-0,9

1,5-1,7

20 айдан асқан құнажындар үшін

1

1,7

1,7

1,0

1,7

1,0

1,7

Жекелеме клейкалар

14-20 тәуліктік бұзауларды төсенішсіз ұстағанша

1

0,54

0,6

0,45

1,2

0,5

1,2

14-20 тәуліктік бұзауларды төсенішті клеткада

1

1,2

1,2

1,0

1,2

1,0

1,2

20 күн 2,5 ай аралығындағы малдарды

1

0,78

-

0,6

1,3

-

-

Бөлме (Денник)

Сиыр бұзаулау үшін

1

9,0

9,0

3,0

3,0

3,0

3,0

Ескерту: 3-4 графалардың алымында қалың төсенішті, а бөлімінде торкөзді едендерде ұстағандағы көрсеткіштері жазылған.


Кесте 2. Ірі қара малдарына арналған су құбырлары мен азық науаларының размерлері.


Су құбырлары мен азық науаларының типтері

Размерлері, м

Көлдеңнен ұзындығы, м

Ені

Биіктігі

Үсті-нен

Түбі-нен

қарсы қабырға-сы

сыртқы қабырға-сы




2

3

4

5

6

Тұрғызып-байлап ұстағандағы азық науалары

0,6

0,3

0,4

0,75

Тұрақтардың ені бойынша ірі сиырларға 0,7-0,8

Бос байлаусыз ұстағанда және серуен алаңдарына орнататын азық науалары

0,6-0,8

0,4-0,6

0,5

0,5

12 айға дейінгі малдарға 0,4-0,5; бір жастан асқанға-0,5-0,6

1

2

3

4

5

6

2 тәуліктен 6 айға дейінгі төлдер үшін азық наулары

0,4

0,3

0,25

0,35

0,35-0,4 әр басқа

Топты суарғыштар

0,5

0,4

0,4

0,4

0,05-0,06 дан әр басқа

Жекелеме суарғыштар:

А) азық науасының алдында

-

-

-

-

Екі тұраққа бір құбыр

Б)Байлаусыз ұстағанда

-

-

-

-

1 құбыр 10-12 басқа алаңда.

Азықтарды тарату үшін арнайы азық жеткізетін құрылымдар қолдану қаралады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет