Дәріс-1: Пәнге кіріспе. Биологиялық ресурстар



бет32/77
Дата08.09.2023
өлшемі343.62 Kb.
#476884
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   77
5.Лекциялық кешен

Дәрілік шикізаты.
Толық піспеген жемістері бар гүлдеген өсімдіктер.
Пайдаланылуы.
Сүйелшөп препараттары көмей папилломатозын емдеу үшін қолданылады. Папилломатоз дегеніміз - папилломаның бүкіл денеге жайылуы, ал папиллома дегеніміз - тері мен оның шырышты қабықтарында өсетін сүйелше ісік. Сүйелшөп жоғарыдағыларға қосымша қызыл тері туберкулезді емдеуге де қолданылады. Сүйелшөп қайнатпасын бауыр және өт қабын емдеуге де пайдаланады.
Сүйелшөптің сүтті шырыны халық медицинасында сүйелдерді кептіру үшін пайдаланылады.
Эксперименттік жұмыстарда сүйелшөп препараттары туберкулез микробактерияларына фунгистикалық және бактериястатикалық әсер етеді, қатерлі ісіктің өсуін тоқтатады.
8. Индольді алкалойдтар.
Индоль алкалойдтар бірнеше топқа болінеді:
1. Индольалкиламин туындылары
2. β-карболин туындылары.
3. Физостигмин туындылары.
4. Эрголин туындылары.
5. Монотерпенойдты индол алкалойдтары.
Индол алкалойдтарының көпшілігінде 2 азот атомы болады, олардың біреуі - индол азоты, ал екіншісі барлық уақытта индол ядросының β-жағдайынан екі көмірсулы тізбекпен бөлінген. Индол алкалойдтарының пайда болуына триптофан немесе триптамин қатысады. Индол алкалойдтары Passiflora incarnata L. (Passifloraceae - страстноцветные); Carex brevicollis DC (Cyperaceae); Claviceps purpurea Tulasne (Clavicepitaceae тұқымдасы қалталы саңырауқұлақтар класынан Ascomycetes); Rauwolfiae serpentina Benth (Apocynaceae); Strychnos nux vomica L. (Loganiaceae); Catharanthus roseus G. Don (Apocynaceae) сияқты өсімдіктер құрамында кездеседі. Бірақ спорыньядан басқасы Қазақстанда кездеспейді. Сондықтан сол спорыньяға қысқаша тоқталып өтейік.
Спорынья - Claviceps purpurea Tulasne - Ascomycetes (қалталы саңырауқұлақтар класы) класынан. Қазақша аты - қастауыш. Қастауыш - астық тұқымдас өсімдікте қалталы саңырауқұлақтан болатын ауру, бұл аурудың салдарынан дәннің орнына көк-жасыл түсті түйіршік пайда болады. Қастауыш астық тұқымдастарда, соның ішінде қара бидайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет