Дәріс-1: Пәнге кіріспе. Биологиялық ресурстар



бет38/77
Дата08.09.2023
өлшемі343.62 Kb.
#476884
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   77
5.Лекциялық кешен

Дәрілік шикізаты.
Көк майса шөбін, ұзындығы 30 см дейін гүлдері бар жапырақтары мол сабақтарының жоғарғы ұштарын жинайды. Дәмі және иісі анықталмайды, өйткені өсімдік өте улы. Ылғалдылығы 70%-дан кем емес. Алкалойдтар мөлшері 0,2%-дан кем емес.
Пайдаланылуы.
Қайнатпаларын радикулит, радикулоишиалгия, радикуло-невритпен ауырғанда қолданады. Сонымен қатар бұл өсімдіктің құрамындағы алкалойдтар күрделі препараттар құрамында болады.
1976 жылға дейін ресми түрде қайнатпалар түйнектерден дайындалған. Бірақ оның өте улы екендігіне байланысты және ол өсімдіктің «Қызыл кітапқа» енгеніне байланысты ол өсімдіктің тек шөбін ғана жинауға болатындығы туралы мемлекеттік реестрде көрсетілді.
Ыстықкөл утамырына (Aconitum soongoricum) уқорғасын (Aconitum karakolicum) өте жақын. Қырғыз халық медицинасында оны, яғни укорғасынды «Ыстықкөл тамыршасы» («Иссыккульский корешок») деп атайды. Ол екеуінің ареалдары бірдей, сондықтан ол екеуін әдетте бірге жинайды. Қорғасында алкалойдтар мөлшері 0,3%-дан артпайды.
12. Стереойд алкалойдтары.
Стереойд алкалойдтары табиғатта гликозидтер формасында кездеседі. Стереойд алкалойдтарының екі типін ажыратады:
- соласодин типі;
- иервин типі.
Стереойд алкалойдтары Solanum (Solanaceae) және Veratrum (Melanthiaceae) туыстарына жататын түрлерге тән.
Стереойд алкалойдтарының биосинтезделу механизмі толық әлі анықталмаған. Solanum туысына жататын өсімдіктердің алкалойдтарының агликон компоненттерінің көміртегі каркасы холестериндікіндей (С сақинасы - 5 мүшелі ал D сақинасы - 5 мүшелі) және кейбір ғалымдардың ойынша, олардың алдындағы жалпы жол салушылары бірдей. Жоғарыда айтылған екі Solanum және - Veratrum туыстарына жататын түрлердің ішінде Қазақстанда кездесетіні Veratrum Lobelianum Bernh. Сондықтан осы Veratrum Lobelianum түріне толығырақ тоқталып өтейік.
Veratrum Lobelianum Bernh - Маралқурай (гамерица лобеля) - Melanthiaceae Batsch тұқымдасынан.
Маралқурай - көпжылдық шөптесін өсімдік, жуан тік немесе қиғаш өскен қоңыр-сұр тамырсабағы болады. Тамырсабағынан көптеген ұзын ақшыл тамырлар өседі. Сабағы - жуан, биіктігі -140 см. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, дөңгелек, жалпақ эллипс тәрізді, шеттері бүтін, жүйкелері доға тәрізді. Гүлшоғы - ұзын төбелік сыпырғы. Гүлдері жасыл-көктеу, қарапайым түбіне дейін 6-ға бөлінген гүл серіктерімен. Жемісі - 3 ұялы қорапша көп тұқымдарымен. Өсімдік - улы.
Ареалы өте кең. ТМД елдерінің барлық региондарында кездеседі (далалық райондарынан және Орта Азиядан басқа). Қазақстанда өзен жағалауларында, ылғалды шалғындықтарда, орманды тау беткейлерінде субальпі белдеулеріне дейін, Алтайдан Солтүстік Тянь-Шаньға дейін таралған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет