БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1.Ара шаруашылығының адам өміріндегі рөлі
2.Балды өсімдіктердің фармакологиялық қасиеттері
3.Нектар және прополис туралы түсінік
4.Балды өсімдіктердің табиғи және мәдени формалары
5.Тозаңдардың химиялық құрамы
6.Егіс алқаптардың дәрілік өсімдіктері
7.Бау бақшалардың балды өсімдіктері
8.Орман алқаптардың балды өсімдіктері
9. Белгілі бір алқаптың бал қорын анықтау
ДӘРІС-13: Қазақстандағы ресурстанулық аудандастыру және Қазақстандағы зерттеу жұмыстарының болашағы
-Қазақстан өсімдіктерінің ресурстық потенциалын территориялық белгілері бойынша аудандарға бөлу
- Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Орталық Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан регаондарының ресурстық ерекшеліктері және ол региондардың бағалы өсімдіктер қоры
Қазақстанның ресурстық потенциалын территориялық белгілері бойынша мынадай аудандарға бөлуге болады (Кукенов, 1999): 1) Солтүстік Қазақстан, 2) Батыс Қазақстан, 3) Орталық Қазақстан, 4) Оңтүстік Қазақстан, 5) Шығыс Қазақстан.
Енді осы региондарға қысқаша тоқталып өтейік.
1. Солтүстік Қазақстан. Бұл аудан өте үлкен территорияны алып жатыр. Бұл ауданға Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстары, территориялары жатады. Бұл аудан, бір жағынан, Батыс-Сібір ойпатының оңтүстік бөлігі, ал екінші жағынан, Орталық Қазақстан ұсақ шоқыларының және Торғай үстіртінің Солтүстік шеті болып табылады. Табиғи аудандастыруда бұл район екі аймақта орманды далада және дала аймақтарында орналасқан. Бұл аудан теңіз денгейінен оңтүстігінде 160-180м, ал солтүстігінде 120-130м биіктікте орналасқан. Батыс-Сібір ойпатының оңтүстігінде - Орталық-Көкшетау, шығысында - Баянауыл таулары, батысында - Торғай үстірті. Бұл ауданның территориясында Есіл, Тобыл, Ертіс сияқты үлкен өзендер бар.
XX ғасырда дала, құрғақ дала және жартылай шөл аймақтарында қарқынды жер жырту жұмыстары іске асырылды. Соның салдарынан табиғи өсімдіктер өсетін жерлер көлемі азайып кетті.
Тың және тыңайған жерлердің негізгі массивтері Солтүстік Қазақстанның дала аймақтарында орналасты. Бұл дала аймақтарында, негізінен, астықтұқымдастар, бетегелі-тау өсімдіктері қауымдастары басым өсетін еді. Бұл далаларда пайдалы өсімдіктердің көптеген түрлері кездесетін. Мысалы, шілтер жапырақ шайқурай, кәдімгі жұпаргүл, кәдімгі мыңжапырақ, көк гүлкекіре, дәрілік ромашка және т.б. барлығы 20 шамасында дәрілік өсімдіктер.
Солтүстік Қазақстан территориясында XX ғасырдың соңында 10 жыл бойы пайдалы өсімдіктердің 1600 түрі зерттелген. Олар 67 тұқымдас және 284 туыс өкілі. Бұл зерттелген өсімдіктердің 263 дәрілік өсімдік түрі екендігі, оның ішінде 86 дәрілік өсімдік түрінің ареалдары анықталып, картаға түсірілген. Солтүстік Қазақстан регионында доминант түрлер қатарына кәдімгі мыңжапырақ (Achillea millefolium -тысячелистник обыкновенный), кәдімгі бақбақ (Taraxacum officinale - одуванчик обыкновенный), кәдімгі түймешетен (Tanacetum vulgare - пижма обыкновенная), ащы жусан (Artemisia absintium - полынь горькая), шыралжын (Artemisia dracunculus - полынь эстрагон), жұқажапырақ көкбас (Eryngium planum - синеголовник), Алқалар (Solanum - паслен), қосүйлі қалақай (Urtica dioica - крапива двудомная), раушан (Rosa - шиповник), жалаң мия (Glycyrrhiza glabra – солодка голая), кәдімгі жұмыршақ (Capsella bursa-pastоris - пастушья сумка обыкновенная) және т.б.
Зоркинаның (1994) мәліметі бойынша Солтүстік Қазақстан регионында келешекте зерттеп пайдалануға болатын перспективасы бар өсімдіктерге оносма (Оnosma), жалаң жарықдәрі (Неrnіагіа glabra - грыжик гладкий), бұйырғын (Anabasis - ежовник), сораңдар (Salsola - солянка), кәдімгі маралоты (Thalictrum simplex - василистник простой), улы термопсис (Thermopsis lanceolatа - термопсис ланцеeный), томар бояу кермек (Limonium gmelinii –кермек гмелина) және т.б. жатқызуға болады.
Солтүстік Қазақстан регионында жеткіліксіз зерттелген, яғни өсімдіктер шикізатын аз пайдаланатын аудандарға бұл регионның батысында Мұғалжар және Орталық Қазақстан ұсақ шоқыларындағы Баянауыл және Көкшетау таулары жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |