Дәріс-1: Пәнге кіріспе. Биологиялық ресурстар


V. Жыртқыштар отряды (Carnivora bowdich, 1821)



бет66/77
Дата08.09.2023
өлшемі343.62 Kb.
#476884
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   77
5.Лекциялық кешен

V. Жыртқыштар отряды (Carnivora bowdich, 1821).
Жыртқыштардың барлық құрлықта кең таралған шаруашылықта маңызы үлкен. Көпшілігі кәсіптік және әуесқойлық жолмен ауланады. Мал шаруашылығының зиянкестері, түрлі індеттер таратушылар болып табылатын зиянкес кеміргіштермен қоректеніп, олардың сан мөлшерін реттеп те отырады. Қазақстанда отрядтың 5 тұқымдасының өкілдері мекендейді.
1.Иттер тұқымдасы (Canidae Carаy,1821).
Иттер туысы (Canis Linnalus, 1758).
Қасқыр (Canus Lupus Linnalus, 1758).
Қасқырлардың биоценозда алатын орны ерекше. Көбіне жабайы аңдардың ақсақ-тоқсағын, ауру-сырқауын ұстап, табынды тазалап отырады. Терісінен ішік, жылы аяқ киімдер тігіледі. Қазақстанда қасқыр санын азайту үшін жылына оның 30-35 мыңдайын бағалы терісі үшін аулап отыру қажет. Қасқырлар өзен, көл, арық пен канал бойындағы тоғайлар мен қалың қамыстарды
мекендейді.
Түлкілер туысы.(Vulpes Linnalus, 1758).
Қазақстанда бұл жыртқыш барлық жерлерде өздері ін қазып немесе басқа бір аңның ескі баспаналарын пайдаланып мекендейді.
Түлкі аса бағалы терісі үшін ауланады. Бірақ оларды аулау жылдан - жылға азайып барады. Мысалы, 1960 жылы – 62,4 мың, 1968 – 10,9 мың, 1978 жылы – 1,3 мың, 1990 жылы – 3681, Жалпы Қазақстанда жылына 95100 мың бағалы түлкі терісін өткізуге мүмкіндік бар.
2.Аюлар тұқымдасы (Ursidae Ceray, 1826).
Бұл тұқымдасқа жыртқыштар отрядының ірі өкілдері кіреді. Қазақстанда аюлар туысынан бір ғана өкілі мекендейді.
Аюлар туысы (Ursus Linnalus, 1758).
Қоңыр аю (бурый медведь) (Ursus arctos Linnalus, 1758).
Қазіргі кезде қоңыр аю Өгем мен Қоржынтауда, Талас Алатауында орналасқан Ақсу-Жабағылы қорығында (60-70 бас), Іле Алатауында (Алматы қорығы – 15-20 бас), Күнгей Алатауында, Теріскей Алатауында, Кетпен жотасында сан мөлшері аз; Жоңғар Алатауында, Тарбағатай, Сауыр, Оңтүстік Алтайда біршама мекендейді. Қоңыр аюдың жалпы саны 1980 жылдардағы санақ бойынша Қазақстанда 900-100 болған. Бұл жыртқыштың еті тамақ ретінде пайдаланылады. Терісі бағалы, еті мен майы халық медицинасында дәрі ретінде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет