Негізгі ауланатын жануарлар түрлерінің саны
№
|
Жануарлар түрі
|
Жануарлар саны (дара басы)
|
Ескерту
|
1
|
Ақмарал (благородный олень)
|
6504
|
+
|
2
|
Сібір елігі
|
50725
|
+
|
3
|
Жабайы шошқа(қабан)
|
20169
|
+
|
4
|
Таутеке
|
17587
|
+
|
5
|
Түлкі
|
155400
|
+
|
6
|
Қарсақ (корсык)
|
71810
|
+
|
7
|
Бұлғын (соболь)
|
496
|
0
|
8
|
Ақкіс (горностой)
|
51780
|
+
|
9
|
Борсық (барсук)
|
58245
|
-
|
10
|
Суыр (сурок)
|
2012905
|
+
|
11
|
Қоян
|
142870
|
+
|
12
|
Қаз
|
9117590
|
+
|
13
|
Үйрек
|
38811410
|
+
|
14
|
Шылшықшылар (кулик)
|
2358000
|
+
|
15
|
Шіл (куропатка)
|
1433310
|
+
|
16
|
Қырғауыл(фазан)
|
29400
|
-
|
17
|
Құр (тетерев)
|
355400
|
-
|
18
|
Кептер
|
2561000
|
+
|
(Ескерту. «+» - көбею, « - « азаю, «0» - тұрақты)
|
2005 жылы жануарлар әлемінде аңшылық жасауға рұқсат алу төлемі – 55186318 теңге (немесе 460000$ доллор болды). Ал сол 2005 жылы мемлекеттік инспекторларға мемлекет қаржысынан бөлінгені - 197279900 теңге (немесе 1645000 АҚШ доллор болды).
Аңшылық жасаудың ресми нормасы (2006 жылы)
№
р\с
|
Жануарлар түрі
|
Аңшылық жасау нормасы (дара басы)
|
1.
|
Ақмарал (благородный олень)
|
294
|
2.
|
Сібір елігі
|
1484
|
3.
|
Жабайы шошқа (қабан)
|
448
|
4.
|
Таутеке
|
545
|
5.
|
Түлкі
|
19357
|
6.
|
Қарсақ (корсык)
|
11480
|
7.
|
Бұлғын (соболь)
|
503
|
8.
|
Ақкіс (горностой)
|
1028
|
9.
|
Борсық (барсук)
|
2310
|
10.
|
Суыр (сурок)
|
73013
|
11.
|
Қоян
|
213100
|
12.
|
Қаз
|
266000
|
13.
|
Үйрек
|
1267200
|
14.
|
Шалшықшылар (кулик)
|
100300
|
15.
|
Шіл (куропатка)
|
123375
|
16.
|
Қырғауыл (фазан)
|
62660
|
17.
|
Құр (тетерев)
|
71180
|
18.
|
Кептер
|
217000
|
Отанымыздың баға жетпес байлығының бірі - әрине жануарлар дүниесі. Солардың ішінде құнды тері, дәмді ет, дәрі-дәрмектік шикізаттар бөлетін түрлері көп-ақ. Мысалы, профессор А.Бекенов және т.б. (1983) мәліметтері бойынша табиғи жағдайы әр алуан Қазақстан территориясында бағалы терісі мен шипалы еті үшін аңдардың 50-ден астам түрлері ауланады.
Адам тіршілігі үшін ең маңызды жануарлар тобының бірі – сүтқоректілер. Сүтқоректілер – омыртқалы жануарлар дамуының ең жоғары сатыдағы класы. Олардың дене мөлшері де әр алуан. Ең кішкентайы – көптісті жертесердің (Suncus etrus savi) дене ұзындығы 38-45 мм, салмағы – 1,2-1,7 г болса, ең ірі хайуанат – көк кит (Balaenoptera musculus L.) денесінің ұзындығы 33 метрге, салмағы 120 тоннаға дейін жетеді. Су жануарлары – киттер балық формасында болса, ұшуға бейімделген жарқанаттардың алдыңғы аяқтары ұшу жарғағына айналғандықтан, құстар сияқты самғайды. Көптеген аңдар денесінің негізгі формасы – салмағы төрт аяғына түсетін денесі жер бетінен көтеріңкі. Денесі жүнді терімен жабылған. Кейбір түрлерінде терідегі жүн инеге, қабыршаққа немесе қылтанаққа айналған. Терілері әр түрлі бездерге (сүт, тері, май және т.б.) бай. Әсіресе, жалпы сүрқоректілерге тән ерекшілік – балаларын қоректенуге арналған сүт бөлетін бездерінің болуы. Сүтқоректілердің көпшілігі жылы қанды, денелердің температурасы тұрақты. Қан айналысы араласпаған (артерия қаны вена қанына қосылмайды). Барлығы да іштей ұрықтанады әрі балаларын тірі туады.
Қазіргі заманда сүтқоректілер жер шарының барлық бөліктерінде таралған. Ерте дәуірден бастап, адам өмірінде бұл хайуанаттар маңызды орын алады. Олардың көптеген түрлері кәсіптік және әуесқойлық жолмен ауланатын бағалы аңдар. Жоспарлы түрде аулау арқылы олардың дәмді етін, «жұмсақ алтын» аталып кеткен құнды терілерін, дәрі-дәрмектік шикізаттарын және тағы да басқа өнімдерін шаруашылықта пайдалана аламыз. Аса бағалы аң терілерін елімізде жерсіндіру немесе арнаулы аң фермаларында өсіру кең етек алып келеді. Кейбір ұсақ сутқоректілер ғылыми жұмыстар жүргізу үшін «лабораториялық жануарлар» есебінде де пайдаланылады. Тіпті насекомқоректілер және жыртқыш аңдар ауыл және орман шаруашылықтарына зиян келтіретін және түрлі аурулар таратуға себепкер болатын ұсақ жәндіктер, кеміргіштермен азықтанып, пайдасына да тигізеді.
Сүтқоректілердің ішінде зиянды түрлері де бар. Біраз түрлері орман және ауыл шаруашылықтарының зиянкестері, ал кейбіреулері адам мен жан-жануарларға ауру таратушылар болып табылады. Сүтқоректілер класы бүгінгі күні өмір сүретін 19 отрядын, 118 тұқымдас және 4000-нан астам түрді біріктіреді. Қазақстанда бұл кластан 8 отрядтың өкілі 1) насекомжегіштер, 2) қолқанатылар, 3) қоянтәрізділер, 4) кеміргіштер, 5) жыртқыштар, 6) ескекаяқтылыр, 7) тақтұяқтылыр, 8) жұптұяқтыларға жататын аңдардың 178-дей түрлері тіршілік етеді. (Бекенов және т.б., 1999). Енді осы аталған 8 отрядқа жататын шаруашылықта пайдаланылатын кейбір түрлеріне тоқталып өтейік (Бекенов және т.б., 1999).
I. Насекомжегіштер отряды (Insectivora bowdicth, 1821).
Бұл отрядқа жататын аңдар – шағын және орта мөлшері қарапайым сүтқоректілер шаруашылықта маңызы бар жұпар тышқан туысынан жұпар выхухоль (Desmana moschata Linnaeus, 1758). Жұпар терісі бағалы аң, бірақ саны өте аз болғандықтан, оны аулауға 1920 жылдан бастап тыйым салынған. Қазір де ол қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген, оны қорғау үшін Жайық өзені бойында шағын қорықтар ұйымдастырылған
II. Қолқанаттылар немесе жарқанаттылар отряды (Chiroptera blumenbach, 1779).
Қолқанаттылар – Арктика және Антрактида құрлықтарынан басқа жерлерде кеңірек таралған, әуеде ұшып тіршілік етуге бірден-бір бейімделген сүтқоректілердің өкілділері. Бұл отрядтың көптеген өкілдерінің ғылым үшін маңызы зор, ал кейбіреулері жұқпалы аурулар таратуға қатысуы мүмкін, мысалы қостісті жарқанат – кожай двухцветный (Vespertilio murinus Linnaeus, 1758), ал кеңқұлақ жарқанат – широкоухий складчатогуб (Tadarida teniotis Raginesgue, 1814) сирек кездесетіндіктен Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелген.
Достарыңызбен бөлісу: |