Дәріс-1: Пәнге кіріспе. Биологиялық ресурстар


Жанаттар тұқымдасы (Procyonidae Banaparte, 1850)



бет67/77
Дата08.09.2023
өлшемі343.62 Kb.
#476884
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   77
5.Лекциялық кешен

3. Жанаттар тұқымдасы (Procyonidae Banaparte, 1850).
Бұл тұқымдасқа сыртқы түрі мысыққа, түлкіге, жанат тәрізді итке, сусарға және аюға ұқсас 1 кг-нан 160 кг-ға дейін салмағы бар түрлі сүтқоректілер жатады.
Жанаттар туысы (еноты) (Procyon Storr, 1780).
Қысқа аяқты жанат тәрізді итке ұқсас жыртқыш Солтүстік және Орталық Америкада таралған. 1935 жылдан 1965 жылға дейін Әзірбайжан, Беларусь, Қырғыстан, Өзбекстан, Қазақстан, Краснодар, Ставрополь және Приморье өлкелерінде жерсіндірілген. Қазақстанда алғашқы рет 1953 жылы 43 жанат Піскем жотасына (ОҚО Бостандық ауданы) жіберілді.
Жанаттар түрлі майда кеміргіштермен қоректеніп, ауыл және орман шаруашылықтарына пайда келтіреді. Жанаттар биологиясын тереңірек зерттеу, санын анықтау – ғылымының алдында тұрған міндеттердің бірі.
4. Сусарлар тұқымдасы (Mustelidaе Fischer, 1817).
Сусарлар (куница) тұқымдасы өкілдерінің практикалық маңызы өте зор. Терісі бағалы, кейбіреулері қолда, фермаларда өсіріледі. Зиянды кеміргіштермен, насекомдармен және олардың личинкаларымен қоректеніп, ауыл шаруашылығына едәуір пайда келтіреді. Қазақстанда тұқымдастың 6 туысына жататын 14 түрі мекендейді.
1. Аққалақтар мен күзендер туысына терілері бағалы аңдар ретінде мыныларды атауға болады:
1) ақкіс (горнастай) – Mustela erminea Linnaeus, 1758;
2) аққалақ (ласка) – Mustela nivalis Linnaeus, 1766;
3) сары күзен (колонок) – Mustela sibirica Pallas, 1773;
4) сарғыш күзен (солонгой) – Mustela altaica Pallas, 1911;
5) сасық күзен (степной хорь) – Mustela eversmanni Lesso, 1827;
6) Европа қара күзені (европейская норка) – Mustela Lutreola Linnaeus, 1761;
2. Сусарлар туысынан – Martes Pinel, 1792;
Терісі аса бағалы бұлғынды (соболь) – Martes zibellina Linnaeus, 1718,
3.Күну туысынан (куница) – Gulo Storr, 1780, күнуді (росомаха) – Gulogulo Linnaeus, 1758.
4.Борсықтар туысынан – Meles Brisson, 1762, борсықты – Meles meles Linnaeaus, 1758,
5.Құндыздар туысынан (выдра) – Lutra brisson, 1762, Құндызды – Lutra Linnaeus, 1758, атап көрсетуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет