Дәріс-1: Пәнге кіріспе. Биологиялық ресурстар


ДӘРІС-15: Қазақстанның негізі кәсіптік ауланатын және сирек кездесетін жануарларын есепке алу қажеттілігі туралы және оның тәсілдері



бет72/77
Дата08.09.2023
өлшемі343.62 Kb.
#476884
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77
5.Лекциялық кешен

ДӘРІС-15: Қазақстанның негізі кәсіптік ауланатын және сирек кездесетін жануарларын есепке алу қажеттілігі туралы және оның тәсілдері

-Қазақстанның негізгі кәсіптік ауланатын және сирек кездесетін жануарларын есепке алу тәсілдері туралы түсінік


-Арқарды, ақбөкенді және ителгіні есепке алу тәсілдері

Қазақстан Үкіметінің 1995 жылғы 21 тамыздағы Қазақстан Республикасы территориясында жануарларды мемлекеттік есепке алу және жануарлар дүниесіне мемлекеттік кадастр жүргізу туралы №1153 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Зоология институтының жетекші ғалымдары «Қазақстанның негізгі кәсіптік ауланатын және сирек кездесетін жануарларын есепке алу тәсілдерін» (2003) дайындап ұсынды. Бұл жұмыстың жауапты редакторы – профессор А.Б. Бекенов.


Жануарларды есепке алу тәсілдері біріңғай жоспармен жасалған, оның ішінде кіріспе, есептеудің қазіргі бар тәсілдері сипатталған және олардың экологиялық дәлелдеуі бар. Региондар және есептеуді жүргізудің мерзімдері көрсетілген.
Ұйымдастыру дайындық бөлігінде дайындалу тәртібі және қажетті құжаттарды дайындаудың реті, қаражат және еңбек шығындары, сонымен бірге есептеудің орындаушыларды нұсқаудан өткізіп дайындау регламенттері берілген.
Қажетті мәліметтер жинау реті және есептеу маршруттарын алдын ала жоспарлау толық сипатталған. Жануарларды нақты есепке алудың реті және жүйелілігі, популяциялар құрамын анықтау және есептеу мәліметтерін жазу формалары толық сипатталған. Жануарларды кәсіптік аулаудың мөлшерін анықтау реті келтірілген.
Методикалық нұсқаудың соңында жасалған жұмыс туралы қалай есепті құрастыру керек екендігі туралы ұсыныс берілген. Зоология институты мамандары жасаған методикалық нұсқауды Қазақстанның барлық аймақтарында, ландшафтарында жануарларды сапалы есепке алуды ұйымдастыруға пайдалануға болатындығы туралы айтылған.
Жоғарыда аталған методикалық нұсқауда ақмарал (блогородный олень), арқар, Үстірт арқары, суырлар (сурки), жұпар тышқан (выхуколь), ителгі (балабан), бүркіт (беркут), аққұйрық су бүркіті (орлан белохвостый), қырғауыл (фазан) және шек дуадақ (джек) сияқты негізгі кәсіптік ауланатын, сирек кездесетін және өте пайдалы жануарларды есептеу тәсілі берілген. Аталған методикалық нұсқау орыс тілінде жазылғандықтан, біз бұл оқу құралдарын қазақ топтары студенттеріне түсінікті болу үшін сол жоғарыда аталған «Методы учета основных охотничье-промысловых и редких видов животных Казакстана» (2003) жинағынан тек ақбөкенді (сайгак) және ителгіні (балабан) есепке алу тәсілдері туралы мәліметтер келтіріп кетейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет