Дәріс №1 Тақырыбы: Ғылыми зерттеу: мәні, негізгі сипаттамасы. Ғылыми іс-әрекеттегі зерттеу Дәріс жоспары


 Жеке ғылыми іс-әрекеттің ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет4/39
Дата25.09.2024
өлшемі0.54 Mb.
#504009
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Лекция (1)

 
4. Жеке ғылыми іс-әрекеттің ерекшеліктері 
 
Ғылыми жұмыстың мақсатын нақты анықтау. Кез-келген кәсіби іс-
әрекет сияқты ғылымда да еңбектің табиғи бөлінуі жүреді. Ғалым 
«ғылыммен», «педагогикамен» тұтас айналыса алмайды, тек 
жұмыстың нақты, әрі тар бағытын бөліп, нақты мақсат қойып, 
бірізділікпен оның нәтижесіне жетуі керек. 
Кез-келген ғылыми жұмыстың қасиеті, зерттеушінің жолында әрқашан 
қызықты құбылыстар мен фактілер кездесіп отырады, олардың құндылығы 
зор және мұқият зерттеуге деген қажеттілік тудырады. Жаңа құбылыстар мен 
фактілер ашылатын ғылыми жұмыстан зерттеушінің алаңдаушылық қаупі де 
кездеседі және ол соңына дейін жалғасады. Бұл көптеген жаңадан қадам 
басқан зерттеушілірдің көпшілігіне тән қателік болып табылады.


Ғылыми қызметкердің ең негізгі қасиеті өз айналысатын тек қана бір 
мәселеге шоғырлана білу қабілеті, ал қалғандарының барлығын бүгінгі
күнгі әдебиеттерде сипатталулары бойынша ғана қолдану.
Ғылыми жұмыс «алдыңғы ғалымдардың арқасында» құрылады, 
сондықтан да оған кіріспес бұрын, осы аймақта жасалған еңбектер мен 
ғылыми әдебиеттерде берілгендердің барлығын қарастырған орынды. Ғалым 
ғылыми терминологияны меңгеріп, өзінің ұғымдар аппаратын құруы керек. 
Қазіргі ғалымдардың артықшылықтары, олар күрделі мәселелерді қарапайым 
тілмен жазып, айтады. Бірақ ғалым қарапайым тіл мен ғылыми 
тілдің арасын нақты ажырата білуі керек. Олардың айырмашылығы, 
қарапайым тілде қолданылатын терминологияның нақтылығына аса талаптар 
қойылмайды. Кез-келген ғылымда әр түрлі ғылыми мектептердің болуы орын 
алады (үлкен ғалымдардың өз оқушыларынан құрылған ресми емес 
ұжымдар).
Мысалы, проблемалық оқытумен М.И.Махмутов, И.Я.Лернер,
Т.В.Кудрявцевтің мектептері айналысады. Кез-келген ғылыми мектеп
өздерінің ұғымдық аппараттарын құрады.
Кез- келген ғылыми жұмыстың, зерттеудің нәтижесі жазбаша түрде 
хатталуы керек - есеп беру, баяндама, реферат, мақала, дипломдық 
жұмыс, диссертация, кітап және т.б. түрінде. Бұл талаптар екі жағдайға 
байланысты. Біріншіден, өзінің идеялары мен қорытындыны ғылыми тілмен 
тек қана жазбаша түрде баяндауға болады. Сонымен қатар, жас зерттеуші 
үшін кез-келген ғылыми жұмысты жазу, тіпті кішігірім мақала жазу қиындық 
тудырады, себебі ойша «іштей» жеңіл айтылатындар «қағазға түсіруге» 
келмейді. Міне, осы жерден қарапайым және ғылыми тілдің арасындағы 
айырмашылық шығады. Ауызша сөйлеуде логикалық кемістіктер аса 
байқалмайды. Жазбаша бейнелеу бірізділікпен баяндауды талап етеді, ал бұл 
қиындық тудырады. Екіншіден, кез-келген ғылыми жұмыстың мақсаты - 
жаңа ғылыми білімді алып, адамдарға жеткізу. Егер ол тек қана зерттеушінің 
басында ғана қалса, онда бұл білім қажетсіз болып, мәнін жояды. Сонымен 
қатар ғылыми мақалалардың саны мен көлемі кез-келген ғалымның 
өнімділігінің көрсеткіші болып табылады. Және әрбір зерттеуші өзінің 
жарияланған жұмыстарының қатарын әрдайым толықтырып отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет