Дәріс №12 Мәңгі тоң таралған аймақтар және рельеф процестері Сабақтың мақсаты

бет2/7
Дата10.04.2023
өлшемі6.3 Mb.
#472005
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
№12 дәріс

Жаз мезгілінде мәңгі тоңның ең жоғарғы қабаты ериді де, қыс кезінде қайтадан қатып тоңға айналады. Судың бір тарамнан екінші фазаға бірнеше рет өтуі, мәңгі тоңның беткі қабатына тұрақсыздық, құбылмалық және жылжымалық қасиет береді. Нәтижесінде тек мәңгі тоң аймақтарына тән топырақ қозғалысының және рельефтің әр пішіндері пайда болады. Қалыңдығы 1 м-ден 4 м-ге дейін жететін ұдайы өзгеріп тұратын, мерзімді мұзданып және еритін қабатты – құбылмалы қабат деп аталады. Одан төмен жатқан қабат нағыз мәңгі тоң қабаты. Жаз мезгілінде осы қабаттар бір-бірінен ерекшеленеді, ал қыста қабат шекарасы айқын ажыратылмайды.

Мәңгі тоң бүкіл табиғат құрам бөліктерінің сипатына ықпал жасайды. Мәңгі тоң таралған аймақтарда ерекше рельеф пішіндері түзіледі. Мұнда топырақ құрылу процесі баяу жұреді, ағаш өсімдігі тамырын терңге жая алмайтындықтан орман сирек өседі.

Мәңгі тоңның әсерін үй құрылысында, жол салуда, пайдалы қазбалар, әсіресе мұнай мен газ өндіруде, бұрғылау жұмыстарын жүргізуде, егін егуде есепке алу тиіс. Сондықтан мәңгі тоң аймақтарында қоршаған ортаны қорғау проблемасы қазіргі заманда ең актуалді мәселелердің бірі болып тұр.

Тоңның грунттарында ең көп тараған деформациялардың түрі топырақтың ұлғаюы немесе бұдырлануы, бөртуі. Мұндай судың сұйық түрінен қатты түріне айналуына, топырақтың суға қанығып, көлемінің ұлғаюына байланысты пайда болады. Осындай жолмен пайда болған ықшамды келген жеке-дара пішіндерді бұдырлану төбешіктері деп атайды. Олардың биіктігі 2 м-ден аспайды, төбелерінде аяз әрекетінің әсерінен радиалдық жарықшақтар түзіледі. Егер осы төбешіктер шымтезекті тундраның шегінде болса, онда шымтезектің өсуіне қолайлы жағдай туады. Шымтезекті төбешіктердің биіктігі 3-7 м.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет