Қазынагерлiк жүйе және мiндеттi атқарылатын борыштар
-Мал санағы 3 жылда 1 рет өтті
-Қазақстанның бүкiл аумағында бiртұтас салық – «түтiн салығы» енгiзiлдi. Ол жыл сайын бiр рет әрi үй басынан ақшалай алынып тұрды.
-Қазақтар мiндеттi әскери борыш өтеуден босатылды. Басқа сословиеге өтетiндерге бес жылға дейiн мемлекеттiк мiндеткерлiктерден босатуға уәде берiлдi. Мұнымен патша үкiметi көшпелiлердi шаруаларға айналдыруды көздедi. Бiрақ бұл ойлары жүзеге аспады.
-Қазақ жері Ресей империясының меншігі деп жарияланды.
-Қазақтарға жерлерiн Ресейдiң еуропалық бөлiгiнен қоныс аударып келген орыс шаруаларына белгiлi бiр мөлшерде жалға беруiне рұқсат етiлдi.
-Қоныс аударып келген орыс шаруалары бiрқатар елеулi жеңiлдiктердi пайдаланды. Мәселен, олардың әрқайсысы уездiк билiк орындарынан үй салып алу үшiн жер телiмiн, сондай-ақ құрылыстық ағаш материалдарын тегiн алды. Олардың сауда-саттықпен, қолөнер кәсiбiмен, өнеркәсiптiк қызметпен және егiншiлiкпен емiн-еркiн айналысу құқығы болды.
Реформаның отаршылдық сипаты:
-Реформалар Қазақстанды Ресейге қосып алу үрдiсiнiң толық аяқталғанын көрсеттi. Қазақстанның кең-байтақ жерi Ресейдiң мемлекеттiк меншiгiне өттi. Патша үкiметi бұдан былай қазақтардың жерiн кез келген сылтаумен оп-оңай тартып ала беретiн болды.
-Құнарлы жерлер iшкi Ресейден қоныс аударып келген орыс шаруалары мен казактарға, шенеунiктерге үлестірілді. Патша үкiметi Қазақстанның табиғи бай ресурстарын барын- ша пайдаланды.
-Сұлтан тобын басқару жүйесiнiң орта және жоғары буынынан толық ығыстырып шығаруы қазақ халқын құқық атаулыдан жұрдай тобырға айналдырды. Отаршыл Ресей қазақ мемлекеттiлiгiнiң ең соңғы қалдықтарын да жойды
-Қазақтарға болыс және ауыл старшыны деген ең төменгi дәрежедегi қызметтер ғана тидi. Олардың уезд бастығы, әскери губернатор, генерал-губернатор сияқты жоғары лауазымды әкiмшiлiк қызметтерге барар жолы заң жүзiнде бiржола жабылды.
-Әртүрлi қажеттіліктерге жұмсау үшiн қарашығын деп аталатын қосымша салық та салынды.
-Дәстүрлi билер сотының құқықтары елеулi түрде қысқартылды.
Реформаның жағымсыз жақтары
Достарыңызбен бөлісу: |