Дәріс Денсаулық әлеуметтік құндылық ретінде. Әлеуметтік жұмыс: негізгі түсініктер, категориялар, бағыттар



бет3/16
Дата12.09.2022
өлшемі139.22 Kb.
#460592
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Дәріс 1.docx әлеуметтік жұмыс

Бірінші реттік профилактика – бұл аурудың пайда болу себептерін жоюға бағытталған (вакцинация, еңбек пен демалыстың рационалды режимі, рационалды тамақтану және т.б.) іс-шаралар жүйесі. Бірінші реттік профилактиканың міндеті болып барлық өмір циклі бойында ересектер, жасөспірімдер мен балалардың денсаулығын жақсарту табылады. Бірінші реттік профилактикаға сонымен бірге, қоршаған ортаны, тәрбие мен өмір сүру салтын қалыптастыру бойынша мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық іс-шаралары жатады.
Екінші реттік профилактика – бұл аурудың клиникалық деңгейге дейінгі күйін ертерек анықтауға, адамдардың тұқым қуалаушылыққа бейiмділігі көрсеткiштерiн белгілеуге, аурулардың себептері мен қауіптілігін анықтауға, сонымен қатар, аурудың асқынып кетуінің алдын алу мен ескерту мақсатында емдiк сауықтыру шараларын дер кезiнде өткiзуге бағытталған іс-шаралар жүйесі.
Екiншi реттік профилактиканың өте тиiмдi әдiсi ретінде диспансеризациялауды атауға болады. Бұл – аурулардың ерте анықталуы, динамикалық бақылау, тиiмдi емдеу мен жүйелі сауықтырудың кешендi әдiсі болып табылады. Диспансеризациялаудың негізгі мақсаты тұрғындардың денсаулығын сақтау және нығайту, адамдардың өмір сүру ұзақтығын арттыру және аурудың бастапқы формаларын анықтап, емдеу, аурулардың пайда болуы мен таралуына әсер ететін себептерді зерттеп, оларды жою, сонымен қатар, әлеуметтiк, емдiк-сауықтыру және санитарлық-гигиеналық профилактикалық шараларды кеңінен жүргiзу.
Ерекше назар балалар, жасөпірімдер мен әйелдерді және еңбекке жарамсыз тұрғындарды диспансеризациялауға бөлінеді.
Әлеуметтік жұмыста сонымен бірге, қоғамдық (әлеуметтік) және индивидуалды (жеке) профилактиканы бөліп қарастыруға болады.
Қоғамдық профилактика әлеуметтік және гигиеналық сипаттағы іс-шаралар кешені. Олар мемлекет, аймақ, қала, аудан, тіпті әрбір ұйым шеңберінде мемлекеттік деңгейде жоспарланып, өткізіледі. Негізінен, бұл шаралар қоғамдық денсаулықты қамтамасыз етудің жоғары деңгейіне; ауруды туғызушы себептерді жоюға; еңбек, демалыс, материалдық қамтамасыздандыру, тұрмыстық, халықтық тұтынуға қажетті тауарлар мен қызметтерді кеңейтуге, сонымен қатар, денсаулық сақтау, мәдениет пен білім, дене шынықтыру салаларын дамытуға жағдай жасауға бағытталады.
Қоғамдық профилактика іс-шараларының тиімділігі көбіне, азаматтардың өз денсаулықтарын қорғауға деген саналы көзқарасына, тұрғындардың қоғамдық профилактикалық шараларға қатысуына, әрбір азаматтың өз денсаулығын қорғауға жасалынып жатқан қызметтерді қаншалықты пайдаланып жатқанына байланысты.
Индивидуалды профилактиканың негізін салауатты өмір салты құрайды, себебі, адамның денсаулығы, оның белгілі бір науқасқа бейімділігі, аурудың қиын түрде емделуі белгілі бір деңгейде адамдардың жұмыс пен тұрмыстағы мінез-құлығының жеке ерекшеліктері арқылы анықталады.
Профилактиканың басты өлшемдері болып әлеуметтік жұмыскердің кәсіби қызметінде жетекші орын алатын гигиеналық тәрбие мен санитарлық ағарту табылады.
Тұрғындар арасында профилактикалық жұмыс жасаумен әкімшіліктік денсаулық сақтау орындарының қарамағындағы медициналық профилактика орталықтары айналысады. Олардың қызметінің басты бағыттары: тұрғындарға денсаулық сақтау мен аурудың алдын алу туралы кеңес беру; сауатты гигиеналық мінез-құлық пен дағдыларды қалыптастыру; зиянды әдеттермен күрес; профилакикалық емдеу; тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.
Медициналық профилактика орталықтары денсаулық сақтаудың барлық мекемелерiндегi медициналық және әлеуметтiк қызметкерлер өткiзетiн алдын алу жұмысын үйлестiреді.
АҚТҚ-ның (ВИЧ) алдын алу, диагностикалау және емдеуде аймақтық ЖҚТБ-мен (СПИД) күрес және профилактика орталықтары үлкен рөл атқарады. Орталықтың басты міндеттері:
· АҚТҚ мен ЖҚТБ-ның алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
· АҚТҚ жұқпалы ауруын жұқтырғандарға медициналық және психологиялық қажетті көмек түрлерін ұйымдастыру және өткізу;
· Тұрғындар арасында ЖҚТБ және АҚТҚ-ның алдын алу шараларын ұйымдастыру мен насихаттау;
· ЖҚТБ-мен ауыратын адамдар мен АҚТҚ инфекциясын жұқтырғандардың реабилитациялық және әлеуметтік-құқықтық мәселелерін шешуге көмектесу.
Әлеуметтік-медициналық жұмыстың тәжірибесінде жарақаттың алдын алу мәселесі ерекше назарда.
Жарақаттану – шешімі алдағы өмірдің орташа ұзақтығын ұзартуға, өлім мен мүгедектік деңгейін төмендетумен, тұрғындардың денсаулық жағдайын жақсартумен үздіксіз байланысты әлеуметтік-медициналық мәселе болып табылады. Жеке басқа түскен қайғыдан басқа жарақаттану үлкен қоғамдық және экономикалық залал алып келеді. Әрбір жарақат әлеуметтік сақтандыру жүйесі арқылы медициналық көмек көрсету шығындарымен, сонымен қатар, зардап шеккендердің еңбекке жарамсыздығына орай өнімнің өндірілмеуінің нәтижесінде экономикалық және әр түрлі материалды нұқсан келтіреді.
Әлеуметтік-медициналық қызметтегі профилактикалық бағыт шараларына төмендегілерді жатқызамыз:
· Тұрғындарға балалардың жарақаттануы себептерін және оның алдын алу шараларын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүйелі түрде ақпараттандырып отыру;
· Тұрғындар арасында санитарлық-ағартушылық жұмыстарды күшейту: ата-ана, ұстаздар және тәрбиешілерге жол қауіпсіздігі қызметкерлері, балалар хирургтары, ортопед-травматологтар, педагогтар арқылы көмек көрсету;
· Мектеп және мектепке дейінгі мекемелерде балаларға жол ережелерін үйрету;
· Білім беру мекемелерінде жолда жүру ережелері бойынша балаларға сынып сағаттарын және ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру;
· 1-6 сыныптар арасындағы оқушыларға транспорттық мәдениет бойынша тестілеу жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру;
· Балалар арасында жолда жүру қауіпсіздігі мен жарақаттану мәселелеріне байланысты викторина ойындарын өткізу;
· Буклет пен парақшалар түрінде көрнекі құралдар тарату;
· Жарақаттану профилактикасы мен жарақаттанған және уланған кезде шұғыл медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша мектеп, колледж педагогикалық кадрлардың кәсіби біліктіліктерін көтеру және даярлау;
· Мектеп оқушыларына жақсы қозғалмалы режимді құру (сабақ кезіндегі дене шынықтыру және т.б.)
· Жаңа оқу жылында спорттық құрал-жабдықтардың даярлығын тексеретін комиссияның жауапкершілігін күшейту, жаңа құралдармен қамтамасыз ету;
· Денешынықтыру сабақтары кезінде арнайы маманның қатысуы, сенімді сақтандырумен қамтамасыз ету және дәрігерлік бақылауды дұрыс ұйымдастыру.
Жарақаттану мүгедектік құрылымында үшінші орын алады. Жарақаттанудың алдын алу мақсатында біздің елімізде еңбекті қорғау және жұмыс істеуде қауіпсіз заманауи әдістерді енгізу туралы заңнамалық актілер жүзеге асырылуда. Кәсіпорындағы әрбір қатерлі жарақат жағдайы арнайы комиссия отырыстарында қаралады. Өндірістердегі алдын алу шараларына әкімшілік, кәсіподақ өкілдері, денсаулық сақтау қызметкерлері және еңбекті қорғау ұйымының өкілдері қатысады.
Дәріс. Денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік қорғаудың негізгі бағыттары: құқықтар мен кепілдемелер. Түрлі ұйымдар мен орталықтардағы әлеуметтік-медициналық жұмыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет