Дәріс Денсаулық әлеуметтік құндылық ретінде. Әлеуметтік жұмыс: негізгі түсініктер, категориялар, бағыттар


Медициналық-әлеуметтік сараптама қызметі



бет5/16
Дата12.09.2022
өлшемі139.22 Kb.
#460592
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Дәріс 1.docx әлеуметтік жұмыс

Медициналық-әлеуметтік сараптама қызметі. Медициналық-әлеуметтік сараптама әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға реабилитациялық және басқа да қажеттіліктерін анықтау процедурасы ретінде қарастырылады. Әлеуметтік-медициналық сараптама қызметінің міндеттері келесідей:
■ мүгедектік тобын, оның себептерін, мүгедектік жағдайға ұшыраған уақытын, мүгедектің түрлі әлеуметтік көмекке қажеттілігін қарастырады;
■ мүгедектерді реабилитациялаудың жеке бағдарламаларын құрастыру;
■ реабилитациялық іс-шаралардың тиімділігін бағалау;
■ тұрғындардың мүгедектік деңгейі мен себептерін зерттеу;
■ мүгедектікті тіркеу;
■ мүгедектіктің алдын алу, мүгедектерді әлеуметтік қорғау мен реабилитациялау саласында кешенді бағдарламаларды құрастыруға қатысу;
■ еңбек жарақатын алған немесе кәсіби зақымға ұшыраған тұлғаларға кәсіби еңбекке жарамдылығын жоғалту деңгейін анықтау;
Әлеуметтік-медициналық сараптама қызметі өзінің жұмысын халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарымен, денсаулық сақтау мекемелерімен, жұмыспен қамту қызметтерімен және басқа да органдармен өзара бірігу арқылы жүзеге асырады.


Дәріс:3. Денсаулық сақтаудағы әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері. Қауіп-қатер тобындағы отбасылармен әлеуметтік-медициналық жұмыс

Әлеуметтік жұмыс теориясы мен практикасы тұрғысынан, дені сау отбасы – бұл балалары бар сәтті отбасы, оптималды және гормониялық түрде өзінің қызметтерін атқарушы, жағымды физикалық, психикалық және әлеуметтік көрсеткіштер кешеніне ие, тұрақты, тату-тәтті отбасы. Отбасы денсаулығы отбасы мүшелерінің денсаулық денгейіне қосылатын функционалды соммамен анықталады және олар қауіп-қатер тобындағы отбасылармен әлеуметтік-медициналық жұмысты ұйымдастыру барысында міндетті түрде ескерілуі қажет.


Отбасы денсаулығын талдау барысында жалпы және арнайы индекстерді қолданған дұрыс. Отбасы денсаулығының жалпы индексі даму кезеңіне қарамастан барлық отбасылар үшін тән. Отбасы денсаулығының жалпы индексін келесі көрсеткіштер негізінде анықтау керек, олар: отбасы мүшелерінің саны, отбасы түрі, отбасы мүшелерінің әлеуметтік статусы, отбасының өмір сүру жағдайы, отбасының барлық мүшелерінің денсаулығы, отбасындағы тұқым қуалаушылық аурулар, отбасының негізгі қызметтерді орындауы, отбасындағы әлеуметтік-медициналық көмектің көлемі мен сапасы.


Отбасы денсаулығын зерттеу бағдарламасын жүзеге асыру барысында міндетті түрде келесі блоктарды бөліп қарау керек:
· әлеуметтік-демографиялық сипаттама,
· әлеуметтік-гигиеналық сипаттама,
· материалды және тұрғын-үй жағдайларының сипаттамасы,
· медициналық-биологиялық сипаттама,
· әлеуметтік-психологиялық сипаттама,
· отбасына әлеуметтік-медициналық көмек көрсету деңгейі.
Отбасы денсаулығын зерттеу әдістемесінің маңызды кезеңі – отбасының әлеуметтік-медициналық қажеттіліктерін анықтау болып табылады. Қажеттіліктер «мұқтаждық», «қажеттілік» түсініктері арқылы анықталады.
Отбасының әлеуметтік-медициналық қажеттіліктерін отбасының немесе тұлғаның саналы түрде денсаулыққа ұмтылуы мен оптималды денсаулық пен хал-ахуалды сақтау үшін әрдайым заттар, қызметтер немесе жағдайларға мұқтаждығы деп белгілеуге болады.
Қазіргі қазақстандық қоғамда отбасы институты денсаулық сақтауға, отбасының денсаулыққа деген көзқарасына айқын із қалдыратын, жалпы әлеуметтік құбылыстармен түсіндірілетін маңызды қиындықтарды басынан өткеруде.
Қоғамдағы жіктелу үрдістерінің күшеюі отбасының маңызды қызметтерін қозғап (репродуктивті, тәрбиелік, экономикалық, сауықтыру), нәтижесінде халықтың денсаулығының бұзылуына алып келуде. Ең қауіптісі – отбасының сауықтыру қызметін жоғалтып алуы мүмкін. Халықтың төмен табысы отбасының барлық бюджетінің адамдардың тамаққа және киімге деген қажеттіліктерін қанағаттандыруына жұмсалып, денсаулықты қолдауға, сақтауға мүмкіндік қалдырмайды.
Осылайша, отбасының экономикалық қызметтерінің барлық элементтері тікелей немесе жанама түрде отбасы денсаулығымен байланысты.
Қауіп-қатер тобындағы отбасыларға тұрмысы төмен отбасылар, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, асоциалды отбасылар, босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушы отбасыларын жатқызуға болады.
Аталған мекемелер іс-әрекеттерінің негізгі бағыттары болып: балалар мен отбасылардың әлеуметтік сәтсіздіктерінің факторлары мен себептерін айқындау; қиын өмірлік жағдайды жеңу мен өз-өздерін қамтамасыз ету мәселелерін шешуде балалары бар отбасыларды қолдау; әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-медициналық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық және басқа да қызметтің формалары мен түрлерін ұсыну.
Қауіп-қатер тобындағы отбасылармен әлеуметтік жұмыс бойынша маманның практикалық іс-әрекеті диагностикалық, ұйымдастырушылық және коммуникативті кезеңдерді қарастырады.

Диагностикалық кезеңде отбасының тұрмыстық жағдайлары мен материалдық мүмкіндіктері қарастырылады, эмоционалды-психологиялық климаты, танымдық, жалпы мәдениеттілік деңгейі, бос уақытты өткізу тәртібі, рөлдер мен міндеттерді бөлу, өзара бірыңғай іс-әрекеттілікті ұйымдастыру, сонымен қоса, отбасының жалпы және отбасы мүшелерінің әрқайсысының жеке мәселелері анықталады.


Ұйымдастыру кезеңінде жағдай мен ресурстарды бағалауға отбасының мүшелерін қосу үшін жағдайлар жасалады, көмекші бағдарламаларды бейімдеу мен жобалау, біріккен отбасылық-тұрмыстық еңбекті ұйымдастыру, қарым-қатынасты, сыртқы және ішкі байланыстарды жақсарту қарастырылады.
Коммуникативті кезеңде қалыптасқан дағдылар мен білімдер қолданылады, қолданатын құралдар кеңейтіліп, жалпы көмекті өз-өзіне көмекке ауыстыру ынталандырылады.
Осылайша, қауіп-қатер тобындағы отбасылармен әлеуметтік-медициналық жұмыстың ерекшелігі әлеуметтік жұмыскердің супервизиясы мен (патронаж, сүйемелдеу) өмір сүру дағдыларына үйретудің өзара үйлесімділігі негізінде жатыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет