Дәріс Денсаулық әлеуметтік құндылық ретінде. Әлеуметтік жұмыс: негізгі түсініктер, категориялар, бағыттар



бет4/16
Дата12.09.2022
өлшемі139.22 Kb.
#460592
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Дәріс 1.docx әлеуметтік жұмыс

Әлеуметтік қызмет көрсетудің аймақтық орталықтарында бірнеше құрылымдық бөлімдер жұмыс істейді, олар: әлеуметтік-медициналық қызмет, заңдық-кеңес беру қызметі, транспорттық қызметпен қамтамасыз ету, әлеуметтік-психологиялық қызметі.
Кәмелетке толмағандарға арналған реабилитация орталықтарында қараусыз қалған балалар мен жасөспірімдерге әлеуметтік қолдау көрсетіледі, уақытша баспана ұйымдастырылып, құқықтық және медициналық көмек көрсетіледі, отбасындағы дағдарыстық жағдайларды жеңуге бағытталған психотүзету жұмыстары жүргізіліп, балалардың ата-аналарына немесе олардың орнын алмастырушы тұлғаларға қайтарылуына септігін тигізеді.
«Түнгі жатар орын үйі (дома ночного пребывания)» баспанасыз, мүсәпір жандарға түнейтін орын ұсынады; уақытша тұрушыларға бірреттік тегін тамаққа талондар үлестіріледі; тұрмыстық және жұмысқа тұру мәселелері бойынша кеңестер беріледі; клиенттерді әлеуметтік қызмет көрсетудің стационарлық мекемелеріне орналастырады; мұқтаж жандарға алғашқы дәрігерлікке дейінгі көмек көрсетіледі; құжаттарды рәсімдеу мен медициналық сақтандыру полисін алуға жәрдемдеседі.
Едәуір маңызды әлеуметтік-медициналақ қызмет білім беру мекемелерінде жүзеге асырылады. Білім беру мекемелерінің әлеуметтік-медициналық қызметтері келесідей жағдайларға көп мойын бұрады, олар: санитарлық-ағартушылық жұмыс, алдын алу істері, психологиялық-педагогикалық түзету.
Әсіресе, мүгедек балаларды әлеуметтендіруге және оқытуға бағытталған
арнайы түзетуші мектептердегі әлеуметтік-медициналық жұмыстың орны ерекше. Арнайы түзетуші мектептердегі әлеуметтік-медициналық іс-әрекеттің басты бағыттары: диагностикалық-болжамдық, түзетуші-білім беруші және социомәдени, функционалды-ұйымдастырушылық, профилактикалық, құқықтық.
Әскери қызметпен байланысты кәсіби іс-әрекеттің ерекшелігі әскери борышын өтеушілерге және олардың өз қызметтерін атқаруына кері әсер ететін белгілі бір объективті факторларға ие. Әскердегі әлеуметтік-медициналық жұмыстың ерекше тобын соғыс пен қарулы қақтығыстарға қатысушылардың мәселелері құрайды.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік-медициналық мәселелері көбіне әскери борышын өтеушілердің мәселелерімен өте ұқсас келеді. Қауіпті жерлерде болған құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне күрделі психоәлеуметтік қалпына келтіру және қайта бейімдеу жұмыстары қажет етіледі. Құқық қорғау органдары тұрғындар арасында алкоголизм мен маскүнемділікті медициналық айықтыру жүйелері арқылы профилактикалық әлеуметтік-медициналық жұмыс жүргізеді.
Пенитенциарлық (жазалаушы) жүйедегі әлеуметтік-медициналық жұмыс. Пенитенциарлық жүйені бас бостандығынан айыру орындары, түрме, лагерь, колониялар құрайды. Пенитенциарлық медицинадағы әлеуметтік-медициналық жұмыс құрылымын екі бағытта бөліп көрсетуге болады: профилактикалық бағыттағы әлеуметтік-медициналық жұмыс және патогенетикалық бағыттағы әлеуметтік-медициналық жұмыс.
Клиенттер тобы:
► Барлық жазасын өтеушілер мен қызмет көрсетуші персоналды да жатқызуға болатын жоғары қауіпті топ;
► Қамаудағы науқас адамдар.
Отбасын жоспарлау орталықтарындағы әлеуметтік-медициналық жұмыс. Отбасын құруды жоспарлау тұрғындардың денсаулығын сақтаудың маңызды жолдарының бірі ретінде қарастырылуы керек. Отбасын жоспарлау және репродукция орталығы келесідей мәселелерді шешеді:
■ отбасын жоспарлауға және сексуалды тәрбиеге деген көзқарасты өзгертуге бағытталған арнайы мамандар мен тұрғындардың түрлі категориялары арасында мақсатты ақпараттық жұмыстар жүргізу;
■ ұйымдастырылған ұжымдарда жастар мен жасөспірімдермен әңгіме түрінде жұмыс жүргізу және Орталықтың қызметі туралы ақпараттық материалдар тарату;
■ тәрбиесі «қиын» балалармен, сәтсіз отбасылармен және мүгедек жандармен отбасын құруды жоспарлау және отбасы мен қоғамда әлеуметтік-психологиялық бейімделу мәселелері бойынша көмек көрсету мақсатында индивидуалды жұмыстар жүргізу;
■ отбасын құруды жоспарлау идеясын тарату және насихаттау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет