Дәріс кешені Дәріс (қысқаша конспект) тезистері


Әкімшілік құқықтық қатынастар дегеніміз –



бет21/47
Дата24.04.2022
өлшемі449.45 Kb.
#456753
түріКонспект
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47
дәріс кешені (2)

Әкімшілік құқықтық қатынастар дегеніміз – мемлекеттік басқару саласында пайда болатын әкімшілік құқықтық нормалармен реттелген қоғамдық қатынастар. Әкімшілік құқықтық қатынастардың өзіне тән белгілері бар. Олар:
1/ әкімшілік құқықтық қатынастардың бір тарабы міндетті түрде билік субъектісі болуы тиіс. Азаматтар арасында әкімшілік құқықтық қатынас тууы мүмкін емес, өйткені оларға басқару не атқару құқығы мен міндеті берілмеген.
2/ әкімшілік құқықтық қатынастар атқарушы билік қызметінің аясында ғана пайда болады.
3/ әкімшілік құқықтық қатынастар көп кездесетіндігімен сипатталады, өйткені қоғамда басқарылмайтын сала жоқ.
Әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз – жалпыға міндетті әкімшілік құқықтық нормаларды бұзғандығы үшін әкімшілік жауаптылық пен жазаға тартылатын заңға қайшы, қоғамға қауіпті, кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік.
Әрекет дегеніміз – белсенді түрде заң талаптарын, міндеттерін орындамау және тиым салынған әрекеттерді жасау. Әрекетсіздік дегеніміз - өзіне жүктелген міндеттерді орындамау (енжар түрде).
Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік жауаптылықтың фактілік негізі болып есептеледі.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері:
1) құқыққа қайшылығы.
2) кінәлілігі.
3) көп тарағандығы.
4) жазаланатындығы.
5) қоғамға қауіптілігі.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері құқық бұзушылықтың біртектес объектісіне және теріс қылықтың салалық бағытына байланысты топтастырылады. Әкімшілік құқық бұзушылықтардың барлық түрлері мынадай топтарға бөлінеді:

  • Жеке адамға және оның құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар;

  • Қоғамдық қауіпсіздікке және халықтың денсаулығына қол сұғатын әқб;

  • Меншікке қол сұғатын әқб;

  • Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әқб;

  • өнеркәсіп, жылу, электрэнергиясын пайдалану саласындағы әқб;

  • сәулет құрылыс қызметі саласындағы әқб;

  • карантиндік ережелер мен мал дәрігерлік қадағалауда әқб;

  • көлікте, жол шаруашылығында және байланыстағы әқб;

  • баспасөз және ақпарат саласындағы әқб;

  • кәсіпкерлік қызмет саласындағы әқб;

  • сауда және қаржы саласындағы әқб;

  • салық салу саласындағы әқб;

  • мемлекеттік билік институттарына қол сұғатын әқб;

  • ҚР мемлекеттік шекарасының режимінің белгіленген тәртібіне және ҚР аумағында болу тәртібіне қол сұғатын әқб;

  • Басқарудың белгіленген тәртібіне қол сұғатын әқб;

  • Жалпыға бірдей әскери міндеттілік, әскери қызмет пен қорғаныс саласындағы әқб;

  • Қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын әқб;

  • әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет