з) Белгілі бір қызмет түріне лицензиясынан (патент) айыру.
Лицензия – бұл уәкілетті мемлекеттік орган беретін азамат не заңды тұлғаға белгілі бір қызмет түрімен айналысуға құқық беретін шешім. Лицензиядан айыру уақытша не тұрақты, қосымша не негізгі жаза болуы мүмкін. «Лицензиялау туралы» ҚР Президенті жарлығына сәйкес, 17.04.1995 жыл сот тәртібімен алынуы мүмкін:
- егер лицензиат лицензияда көрсетілген талаптарды орындамаса немесе сот ондай қызметпен айналысуға тиым салса. 6 айға дейінгі мерзімге лицензия мерзімін тоқтата тұруы мүмкін, себебі көрсетілуі тиіс. Ол кемшіліктер жойылған соң лицензияның күші қайта енеді.
8- тақырып. Халықаралық жария құқықтың түсінігі және қазіргі халықаралық қатынастарда алатын орны
Сұрақтар.
Халықаралық жария құқықтың түсінігі
Халықаралық жария құқықтың ерекшеліктері
Халықаралық жария құқығының жүйесі
Халықаралық құқық нормалары және олардың түрлері
Кілттік сөздер Халықаралық құқық, қатынас, мемлекет,норма, жүйе.
Осы замаңғы халықаралық құқық халықаралық жария және халықаралық жеке құқық болып екіге бөлінеді.
Халықаралық жария құқық – бұл құқық субъектілерінің еріктерін үйлестіру жолымен жасалатын, әрі заңдық тұрғыдан міндетті деп танылатын және қажетті жағдайларда мәжбүрлеу жолымен қамтамасыз етілетін заң нормаларының жүйесі және мемлекеттер арасындағы әр түрлі саяси, экономикалық және өзге де қатынастарды, сондай-ақ халықаралық қатынастарға қатысушы басқа да құрылымдарды реттейтін құқықтың бір бөлімі. Халықаралық жария құқық негізінен мемлекетаралық қатынастарды реттейді.
Халықаралық жария құқық дегеніміз Мемлекеттер мен басқа да субъектілер арасындағы қатынастарды реттейтін, құқықтың ерекше жүйесі
Халықаралық құқыққа құқықтың барлық негізгі белгілері тән; олар:
1. Құқық - бұл мемлекеттің еркіне тән құбылыс;
2. Қоғамдық қатынастарды реттейтін заң нормаларының жүйесі
3. Тәртіп стандартын ұстану үшін мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану.
Дегенмен, халықаралық құқықтың өзіндік белгілері де бар, сол арқылы халықаралық құқықты құқықтың ерекше жүйесіне жатқызуға мүмкіндік туады. Мұндай ерекшеліктерге мыналар жатады:
1. Реттеу мәні.
2. Ерекше субъективтік құрам, атап айтқанда тәуелсіз мемлекеттің болуы.
3. Қайнар көздерінің ерекше жүйесі халықаралық құқықтағы норма құру процесінің нәтижесі болып табылады.
4. Заң шығару, атқарушы және сот органдары жүйесінің болмауы.
5. Жауапкершілік институты.
Достарыңызбен бөлісу: |