Халықаралық құқықтың ерекшеліктері
Халықаралық құқық-мемлекеттер арасындағы әртүрлі саяси, экономикалық және өзге де қатынастарды, сондай-ақ халықаралық қатынастарға қатысушы басқа да құрылымдарды реттейтін құқықтың бір бөлімі. Ол құқықтың ерекше жүйесі ғана емес ішкі мемлекеттік құқықтың барлық өзге салаларынан едәуір айырмашылығы бар.
ХЖҚ ерекше субъектілерінің болуы - мемлекеттер, өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар мен ұлттар, мемлекет тәріздес құрылымдар, халықаралық ұйымдар, т. б.Мысалы ҚР, Палестина, Ватикан, БҰҰ.
Халықаралық құқықтың ерекше объектісі – мемлекеттердің ішкі құзіретіне жатпайтын құқықтық қатынастар.
Нормалардың құрылу тәсілдерінің ерекшелігі – егеменді мемлекеттердің өзара еркін келісім арқылы жасасатын халықаралық шарттарда көрініс табуы.Мысалы 20.11.2013 ТМД мемлекеттерінің информациялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім
Халықаралық құқық нормаларын сақтауды көздейтін мәжбүрлеу тәртібінің ерекшелігі – халықаралық норма негізінде субъектілердің өздерімен іске асырылады. Себебі бүткіл мемлекеттік қадағалау органы жоқ.
Құқықтық реттеудің ерекше объектісі - хжқ субъектілері арасындағы қатынастарды реттеу
ХЖҚ ерекше қайнар-көздерінің болуы - халықаралық шарт, халықаралық әдет ғұрып, халықаралық ұйымдардың шешімдері, ғалымдардың доктриналары, халықаралық сот шешімдері. Мысалы 1948 ж Адам құқықтары жөніндегі жалпыға бірдей декларация. Теңдестердің бір бірін қарсы алуы. Талалаев А.Н. право международных договоров. A\68\100 Палестина халқына көмек көрсету туралы 13.12.2013.
Достарыңызбен бөлісу: |