Дәріс кешені Дәріс (қысқаша конспект) тезистері


в) Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою



бет24/47
Дата24.04.2022
өлшемі449.45 Kb.
#456753
түріКонспект
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47
дәріс кешені (2)

в) Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою – оны мәжбүрлеп алып қоюдан және алынған затты өткізу жөніндегі шығыстарды шегеріп, түскен соманы бұрынғы меншік иесіне бере отырып, ол затты өткізуден тұрады. Өтемін төлеп алып қоюды судья қолданады, түскен сомадан ол затты сақтауға, тасмалдануға, сатуға т.б. кеткен шығындар алып қалынады.
Өтелім алып қоюдың тәртібі және алып қоюға жататын заттың тізімі Қазақстан Республикасының тиісті заңнамамен белгіленеді.
Аң аулау өмір сүруінің негізгі заңды көзі боп табылатын адамдарға аңшылық қаруды, атыс оқ-дәрілерін және аңшылықтың басқа да қаруларын өтемін төлеп алып қоюды қолдануға болмайды.(КОАП 49-б 2-т)
Бұл тек қасақана құқық бұзушылық үшін негізгі де, қосымша жаза ретінде де қолданылуы мүмкін.
г) Тәркілеу.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не оның тікелей объектісі болған затты тәркілеу, сондайақ әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді, ақшаны, бағалы қағаздарды тәркілеу – оларды заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекет меншігіне мәжбүрлеп тегін аударудан тұрады.
Тәртіп бұзушының меншігі болып табылатын зат қана тәркіленуі мүмкін. Аңшы қаруы, оқ дәрісі, егер аңшылық - өмір сүруінің негізгі көзі болып табылатын болса, онда тәркіленбейді. (негізгі, қосымша жаза ретінде де болуы мүмкін).
Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша Қазақстан Республикасы азаматтары заңды жолмен табылған кез-келген мүлікке меншік иесі бола алады.
Меншік заңмен қорғалады. Соттың шешімінсіз ешкім де өз мүлкінен айырылмайды.
Тәркілеуді судья қолданады, заңның ерекше бөлімінің тиісті бабында әкімшілік жаза ретінде көзделген жағдайларда тағайындалуы мүмкін.
д) Арнаулы құқықтан айыру.
Нақты адамға берілген арнаулы құқықтан айыру – осы құқықты пайдалану тәртібінің өрескел не үнемі бұзылғаны үшін қолданылады. Арнаулы құқықтан айыруды судья қолданады және ол 1 айдан кем болмауы, 2 жылдан аспауы тиіс. (көлік жүргізу құқығы, аң аулау құқығы т.б.).
- алкогольдік, уытқұмарлық, есірткілік масаң күйде болу;
- авария жасап жол жүру ережесін өрескел бұзу.
- техникалық жарамсыз көлікті айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіретінін біле отырып пайдалану.
- аң аулау ережесін бүзу арқылы адамдардың мүддесіне, табиғатқа қауіп тудырса.
Мүгедектігіне байланысты арнаулы құқықты пайдаланатын адамды ол құқықтардан айыруға болмайды. (егер мас күйінде болса ғана қолдануы мүмкін).
Ал аң аулау құқығынан айыру – ол өмір сүруінің негізгі көзі болып табылатын адамға қолданылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет