Дәріс кешені павлодар Дәріс тақырыптарының мазмұны 1-тақырып



бет15/22
Дата24.12.2023
өлшемі312.5 Kb.
#487825
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
лекции по практикуму орфогр и пункт

Ол – ол ма, бұл – бұл ма, ол – ол болсын деген сияқты тіркестер, қыстырма ретінде үтірмен бөлінеді: Ол – ол ма, әңгіме одан да ұлғая түсті.

  • Сөйлем мүшелерімен синтаксистік байланысы жоқ, өз алдына жеке сөйлем сияқты қыстырма конструкциялардың да екі жағынан үтір қойылады. Ол конструкциялар көбінесе қасында, ішінде, басы ... болып деген тәрізді сөздердің қатысуымен жасалады, оларды алып тастағаннан сөйлем мағынасы ойсырамайды: Бір топ адам, басы Жомарт болып, егінге қарай беттеді.

  • Жақшаға алынған қыстырма сөзді не сөйлемдерді енгізген кім екенін білдіру үшін редакция деген сөз немесе автордың инициалы қойылады. Ондайда қыстырмадан кейін нүкте мен сызықша қойылып, редакция деген сөз бас әріппен жазылады да, жақша жабылады: Шоқан Уәлиханов Қашқарда қалай тұруы туралы былай дейді: «Қашқардың және Алты шаһардың ғұрпы бойынша, шет мемлекеттен бұл елге келгендер үйленуге міндетті. (Кейін анықтасам, бұл әдет мұсылмандар үшін ғана екен. - С.М.). Кіші Бұхара (Қашқария. - С.М.) имам Ханифке (мұсылмандар дүиесіндегі төрт мәзһәптің, орысша сектаның біреуі. - С.М.) бағынғанмен, ...бұл арада уақытша үйлену толық күшінде екен».

    3. Одағайлар көбінесе сөйлем басында келеді де, үтірмен бөлінеді: Апырау, сіздің ауыл Майқұдыққа қонбаушы еді ғой? (Ғ.Мүсірепов). Егер одағайлар сөйлем ортасында келсе, екі жағынан үтір қойылады, соңында тұрса, үтір одан бұрын қойылады:
    Жүрегім, ойбай, соқпа енді ...
    Бүгінгі дос – ертең жау,
    Мен не қылдым, япырмау?! (Абай).
    - О деген одағайдан кейін үтір қойылады: О, жауыз Қодар! О, шіркін, шіркін! (Ғ.Мүсірепов).
    - Одағай тәріздес бәсе, жә, қош, қой, құп (болады), жай, бәлем, жарайды, мақұл, болды, дұрыс, бәрекелді сияқты сөздер сөйлем ішінде жұмсалған орны мен мағынасына қарай оқшауланып келсе, өзге сөздерден үтірмен бөлінеді: Қой, не де болса қалмайық енді. Жә, тоқтат, ақсақал!
    - Иә (я), жоқ, мә, мәңіз сөздері не сөйлем ішінде үтірмен ажыратылады: Ақтағаны ма? Жоқ, жай шошынғаны ма? Иә, етің ыстық, ауырған жерің бар ма? (М.Әуезов).
    - Иә, жоқ дегендер оқта-текте сөйлем ортасында да келеді, ондайда бұлар екі жағынан үтірге алынады: Осы, ілім дегенің кітаптың бетінде ғана ма, жоқ, мына жер бетінде де бірдеңе қалды ма? - деді Шығанақ (Ғ.Мұстафин).

    • Одағайлар көбінесе қаратпа сөзбен қатар қолданылады. Мұндайда одағай мен қаратпаның өз араларына да үтір қойылады: Сыналар, ей, жігіттер, келді кезің (Абай).

    • Бірнеше одағай қатар келгенде әрқайсысы үтірмен бөлінеді: Уа, шіркін, ән деп осыны айт!

    • Ә деген одағай мен ә дегенше, ә дегенмен тіркестерін, әй, әу деген одағайлар мен әй (ай) дер ажуа, әудем жер деген сияқты тіркестерді шатастырмау керек. Тіркес құрамындағы ә, әй, әу дегендер өзінен кейінгі сөзден үтірмен бөлінбейді: Ә дегенше жетіп келді. Мен оны ә дегеннен тани кеттім.

    4. Оңашаланған айқындауыш мүше болатындар:
    а) Өзінен бұрынғы сөздің мәнін айқындап, дәлелдеп беретін және сонымен септік жалғаулары жағынан тұлғалас келетін бір сөз не сөз тіркесі: Тобықты ішіне ең алғаш келген арба осы Зеренің, Құнанбайдың кәрі шешесінің, көк арбасы десе де болады (М.Әуезов).
    ә) Яғни, әсіресе, мысалы, яки, немесе, болмаса, басқаша айтқанда деген мағынадағы көбінесе, оның ішінде, тіпті деген сөздермен басталатын тіркестер өзінің алдындағы сөздің мағынасын дәлелдеп тұрса, оңашаланған мүше болады. Жоғарыдағы сөздердің өздері жеке үтірмен бөлінбейді. Үтір тұтас тіркестің екі жағынан қойылады: Ылғалды жерлерде, көбінесе өзен бойларында, шөп қалың өседі.

        • Мысалы деген сөз оңашаланған мүшенің құрамында болмай, жеке қыстырма сөз ретінде келгенде, үтірмен жалғыз өзі ғана бөлінеді: Мысалы, таза мыс электр тогын жақсы өткізеді. Әсіресе, көбінесе, тіпті, оның ішінде деген сөздер оңашаланған мүше болатын сөз тіркестеріне емес, жалпы сөйлемге қатысты болып келуі мүмкін. Ондайда бұл сөздер ешқандай тыныс белгісімен бөлінбейді: Алматылықтар жазда көбінесе тауға шығады.

    б) Есімдіктен кейін келген айқындауыштар оңашаланады: Олар, жас комсомол жігіттер мен жас қыздар, тыңға аттанды. Кейде керісінше құрылған конструкция да болады, яғни есімдік оңашаланады, бірақ бұл сирек қолданылады: Балалары, біз, тірі тұрғанда, апам кедейшілікті ойлайтын кісі емес еді (С.Мұқанов).
    в) Жалпы мезгілді, мекенді білдіретін пысықтауыштардан кейін, сол мезгілдің дәл қай кезі, сол мекеннің дәл қай жері екенін ашып көрсететін анықтауыштар оңашаланады: Қазақстан Республикасында, Астанада, білім ордасына арналып зәулім үй салынды.
    - Оңашаланған айқындауыш мүшелер сөйлемнің басқа мүшелерінен көбінесе үтірмен бөлінеді: Абай былтыр боқырауда, күзем үстінде, қалаға оқуға кеткенде, дәл осы қоныстан, Есенбайдан, кеткен болатын (М.Әуезов).
    - Өз ішінде үтірлері бар жайылма оңашаланған айқындауыш мүшелер екі жағынан сызықшаға алынып жазылады. Оңашаланған мүше үтірмен бөлінгенде, бірыңғай мүшеге ұқсап кететін жерде де сызықша қоюға болады: Ұлы орыс халқының бай мәдени мұрасының бір саласы – оның тамаша мақалдары, мәтелдері – қазақ халқына аудармалар арқылы таныс болып, халық игілігіне айналып келеді.
  • 1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет