Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-21 фр 03


Қазақстандық ғалымдар мен зиялы



бет36/73
Дата18.05.2022
өлшемі0.79 Mb.
#457070
түріКонспект
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   73
Дәріс

2. Қазақстандық ғалымдар мен зиялы тұлғалардың отбасы тәрбиесі туралы еңбектері мен көзқарастары
Отбасы тәрбиесі мәселесін қазақтың алдыңғы қатарлы ағартушылары мен педагогтары да қарастырып, көптеген құнды пікірлер айтты. Отбасы тәрбиесі мәселелері Шығыстың үлы ойшылдары Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, Қ. Яссауи, М. Қашқари, қазақ ағартушылары А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Ж.Аймауытов, М. Әуезовтың еңбектерінде кеңінен орын алды. Бүгінде отбасы тәрбиесі мәселелері қазақстандық ғалымдар М. Ғабдуллин, X. Арғынбаев, С. Ғаббасов, Қ. Жақыпов, Қ. Р. Қоянбаев, Г. Байдильдинова, В. Лысенко, Р. К.Тө-леубекова, Е. Сағындықұлы, С Кенжеахметұлы, Қ. Т. Атемова және тағы басқалар тарапынан зерттеліп келеді.
Қазақ халқының отбасылық тәрбиесін зерттеу қажеттігін ең алғаш көтерген академик М. Ғабдуллин. Ол өзінің 1966 жылы жарыққа шыққан «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес» атты еңбегінде «...қазақ халқының өмірінен орын алған тәрбиенің тарихын жан-жақты түрде қарастыру - өз алдына зерттелетін мәселе» деп атап кеткен.
Қазақ отбасының тарихы туралы жан-жақты зерттелген тұңғыш еңбек - тарихшы-этнограф X. Арғынбаевтың 1973 жылы шығарған «Қазақ халқындағы семья және неке» атты кітабы. Ол 1996 жылы толықтырылып, өнделіп «Қазақ отбасы» деген атпен қайта жарық көрді. Еңбекте қазақ отбасының өткені мен бүгінгісі, халқымыздың оған байланысты бай салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары терең қамтылған. Еңбектің басты мақсаты —халқымыздың ұмытылып бара жатқан озық әдет-ғұрыптарын кеңінен насихаттау, одан ғибрат алуға үндеу, тозық дәстүрлерден аулақ болуға шақыру, Демек, кітаптың ғылыми-танымдық маңызы, әсіресе қазіргі қазақ қауымы үшін тәлім-тәрбиелік мәні өте зор.
Бала тәрбиесінің күрделеніп отырғаны, оның қиыншылықтары мен қайшылықтарын көрсете отырып, оны шешуде болашақ ұрпақ тәрбиесі ұлттық мұраттар мен дүниежүзілік рухани бай қазынадан нәр алумен ұштастырылып жазылған еңбектердің бірі Р. Төлеубекованың «Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика» атты оқу-әдістемелік құралы.
Сол сияқты елбасы Н. Назарбаев «Еліміздің болашақта гүлденуі бүгіннен басталады» деген баяндамасында «Отбасының беріктігі, жұбайлардың бір-бірінің ең бастысы балалардың алдындағы жауапкершілігіне де көп нәрсе байланысты. Ата-аналар балаларына, ал балалары қартайған ата-аналарына қамқор болуға тиіс» деген болатын. Мұның өзі отбасындағы өмірді ұйымдастыру, ең алдымен ондағы ересектердің, яғни ата-аналар мен ата-әжелердің бір-біріне деген қарым-қатынасы мен өзара сыйластығы негізінде қалыптасатындығын айғақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет