20. Дәріс тақырыбы: Отбасы тәрбиесінің психологиялық-педагогикалық негіздері.
Дәріс жоспары:
1.Ата-ана үйі (қарашаңырақ).
2.Отбасындағы сүйіспеншілік-моральдық құндылық ретінде.
3.Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі.
4.Бала дамытудағы ананың рөлі. Ата-ана беделі.
5.Отбасының бала тәрбиелеу дәстүрлері.
Дәрістің мазмұны:
1.Ата-ана үйі (қарашаңырақ).
Ата-ана үйі туралы: өз үйім, әкемнің үйі деп айтады. Өз үйі-ол баланың ең алғашқы тіршілік ортасы. Ол ортада бала үнемі өзін қоршаған жақын адамдардың қамқорлығында болады. Оның өсуіне, еркелеуіне, өзін көрсетуіне жағдай жасалынған. Бұл ортада бала өзін еркін ұстайды. Себебі өзін түсінетін, қолдайтын, әрқашан көмекке келетін адамдар бар. Өз үйінде баланың ата-анасы -мен бірге тай-құлындай тебісіп өскен бауырлары мен әпкелері, басқада туыстары, әкесінің, анасының, бауырларының достары, көршілері бір-бірімен тығыз байланыста болады. Олардың бәрі баланың дамуы мен қалыптасуына, өмірлік тәжірибені меңгеруіне қандай да бір дәрежеде ықпал етеді. Әке үйі барлық балалары үшін үлкен үй, қарашаңырақ деген киелі ұғымдармен сыйлыда құрметті. Әке үйі адамзат үшін тек жай ғана үй емес, оның жан-жағында өскен ағаш, оның ауласы, яғни балалық бал дәуреннің белгісі.
2.Отбасындағы сүйіспеншілік-моральдық құндылық ретінде.
Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің қалыптастыруына ата-ананың отбасы мүшелерінің қарым-қатынасындағы мейірімділік пен махаббат қажет. Қазіргі кезде отбасының бақыты мен сәттілігінің өлшемдері өзгеруде.
Отбасы-өзара рухани және эмоционалдық байланысты шағын топ. Егер бала жұбайлардың сүйіспеншілігі, табиғи қажеттілігі мен тілектерінен дүниеге келсе, онда бала ата-ананың ең үлкен құндылығы болып табылады.
Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі
Отбасы негізінен үш ұрпақтан тұралы. Ол-ата, әке,бала. Әке-әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы.
Әкенің мінез- құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер білімі ұл баланың көз алдында үлгі- өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Отбасындағы бала әсіресе, ұл тәрбиесінде әкенің рөлі ерекше. Баланың болашағына жауапкершілік алдымен әкеге жүктелінетінін ескерсек, әкенің ақылы мен ықпалы болмай адал еңбекке, мағыналы өмірге дұрыс баулу, жас жеткіншектің бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мүмкін емес. Әкенің өзіне, отбасына, бауыр- қарындастарына, туған – туыстарына деген бауырмалдығын көріп өскен бала да сол қасиеттерді өз бойына жинары қақ.
Әке – балаға сыншы. Ол бала бойындағы әрбір жақсы ісіне сүйсініп, теріс әрекетіне күйінеді. Әке тәрбиесі – асауды ауыздықтандыратын, тентекті тұзақтайтын , елдікті сақтайтын, ерлікті жақтайтын, шаңырақтың шаттығын шалқытатын ұлы мектеп.
Достарыңызбен бөлісу: |