Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-21 фр 03



бет39/73
Дата18.05.2022
өлшемі0.79 Mb.
#457070
түріКонспект
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   73
Дәріс

3. Отбасы типтері (түрлері)
Әрбір отбасы қайталанбайтын ерекше әлеуметтік институт ретінде белгілі бір типтерге жатады. Отбасы құрамы, басқарылу ерекшелігі, қатынас сапасы, мәдени-әлеуметтік мүмкіндігі бойынша:
-Толық емес отбасы
-Толық отбасы
-Бөлек отбасы
-Қариялы отбасы
-Әулетті отбасы (бірнеше ұрпақтың жұбымен болуы)
-Эгалитарлы отбасы (тең құқылы)
-Патриархалды (әкенің басқаруындағы)
-Матриархалды (ананың басқаруындағы)
-Жағдайлы
-Бақытты
-Тұрақты
-Проблемалы
-Даулы
-Жағдайы төмен
-Шырқы бұзылған
-Өнер түріне бейім
-Спротқа бейім
-Техникаға бейім
-Гуманизмге жақын
-Дінмен өмір салты қалыптасқан болып бөлінеді.
"Отбасы - шағын мемлекет" болғандықтан да, уақыттың және қоғамның әсерінен ол үздіксіз дамиды, өзгерістерге ұшырайды. Жаһандану жағдайында қазақ отбасының ұлттық қалпы мен салтын сақтай отырып дамуына педагогикалық тұрғыдан ықпал етудің қажеттілігі дәлелдеуді қажет етпейді.
Қазіргі кезде негізінен отбасының патриархалды (әкенің басқаруындағы) типі кеңінен тараған. Патриархалды отбасы ұғымына әр түрлі сөздіктерде әр түрлі анықтамалар берілген.
Сонымен қатар, соңғы жылдары азаматтық некеде тұратындардың саны артқанын байқауға болады. Азаматтық неке Швеция, Англия, Франция, Нидерландия, АҚШ, Канада, сол сияқты Ресей сияқты мемлекеттерде кең тарағанын байқауға болады.
Отбасындағы гендерлік тәрбие
Гендер – бұл ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы.
«Gender» сөзі ағылшын тілінен аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегенді білдіреді. «Гендер» термині әлеуметтік үдерістерді түсінуге арналған талдау құралы болып табылады. Гендерлік рөлдер – белгілі бір қоғамда және тарихи жағдайда қолданылатын әлеуметтік және мәдени нормаларға сәйкес ерлер мен әйелдерге берілетін әлеуметтік рөлдер.
Қазақ отбасында ертеден-ақ гендерлік тәрбиеге ерекше назар аударған. Бұған «Шешеге қарап қыз өсер, әкеге қарап ұл өсер», «Шеше көрген тон пішер, әке көрген оқ жонар» деген сияқты мақалдар дәлел бола алады. Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін бөліп қараған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, қолөнер шеберлігіне, мал табуға, отбасын асырауға, ал қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқу сияқты үй ішінің ішкі жұмыстарына үйрету арқылы экономикалық тәрбиенің көзі болып табылатын үнемшілдікке, тәуекелшілдікке үндеп, сараңдыққа салынып кетуден жирендіріп отырған.
Қазақ отбасында қыз бала тәрбиесіне анасы ерте жастан үлкен көңіл бөлген. «Қызға қырық үйден тию» деп қызының әдепті, үй шаруасына икемді болып өсуіне ерекше көңіл бөлген. Кәмелетке толғанға дейін бойжеткен болашақ отбасы өмірінің басты міндеттерінен сабақ алды. Ол ерінің адал жары, ана болу, отбасы беріктігін сақтаушы қызметіне, шаруашылықтың барлық жақтарын игеріп жүргізуге, қонақты лайықты қарсы алуға, туыстарын сыйлап қадірлеуге дайындық тәрбиесі. Көргенді отбасылары қыз баланы «қонақ» деп мәпелеп, қадірлеп өсірген. Қыз баланың тәрбиесіне ең бірінші анасы жауапты болған. Сондықтан қазақ «Шешесіне қарап қызын ал» - деген.
Қазақ қоғамындағы әйелдердің орны жайлы әңгімелегенде, Орта Азияны мекендеген басқа халықтардың әйелдерімен салыстырғанда қазақ қыздары мен әйелдерінің анағұрлым еркін болғанын айтқан жөн. Олар жүздерін жамылғылармен бүркемей, ашық өмір сүрген. Дегенмен, қазақ әйелдері үшін басты міндет – отбасы беріктігін сақтау, бала тәрбиелеу, ерлерін барынша сыйлау, рухани қолдау көрсету болып табылады.
Түйгені көп шешесі қызымен, келінімен өмір тәжірибелерін бөлісіп, болашақ үлкен өмірге дайындайды. Туыс ағайындардың әйелдері – абысындардың қарым-қатынасы өзара көмек пен түсіністікке, берекеге құрылады. Сондықтан да, «Абысын тату болса, ас көп, ағайын тату болса, ат көп» деген.
Отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. Шығармашылықта, ақындықта танылған жас баланың тәрбиесіне аса назар аударылған. Ата өнерін ұрпағының қууы, оны мирас етуі қазақ отбасыларында жиі кездесетін дәстүр. Билік, батырлық, әншілік, серілік, мергендік, аңшылық, зергерлік сияқты ата-баба өнерін жеті атасына дейін жалғастырған әулеттер қазір де баршылық. Отбасы ұл балалардың намысты, ер мінезді, батыл да қайырымды болып өсуіне ерекше мән берген. Ондай қасиетті аңыз-әңгімелер, жеке бастарының үлгі-өнегелері арқылы беруге тырысқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет