Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі:
1. Бизақова Ф., Мамашбаева Ш. Отбасылық дағдарыс психологиясы. -Астана: Фолиант, 2010ж.
2. М.В.Коляева. Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің әдістемелік құралы.- Шымкент: 2007ж.
3. Отбасы педагогикасы. Т.Н.Жүндібаева. -Алматы: «Экономика»баспасы ЖШС, 2014ж.
4. А.А.Шарафадин. Отбасында ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары. -Алматы: 2004ж.
5. Капенов А.А. Қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.-Алматы, 2009ж.
6. Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері.-Алматы, 1986ж.
7. Атемова Қ.Т. Отбасында баланың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары.
-Алматы: 2002ж.
Қосымша:
1. С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психокоррекциялық жаттығулар.-Тараз: Қорғау, 2006 ж.
2. С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психодиагностикалық жаттығулар.-Тараз: Сенім, 2006ж.
3. Төребаева К.Ж., Есенғұлова М.Н. Психологиялық-педагогикалық диагностика. -Алматы: Атамұра-Қазақстан, 2012ж.
21. Дәріс тақырыбы: Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынас стилдері мен оны диагностикалау әдістері
Дәріс жоспары:
1.Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынас стилдері және оның бала психикасына әсері.
2. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты диагностикалау әдістері.
3. «Қажеттілік базасын анықтау» әдістемесі.
Дәрістің мазмұны:
1.Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынас стилдері және оның бала психикасына әсері
Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Адам басқа адамдар мен қарым-қатынас барысында ғана адамға тән қасиеттерін сақтап қалыптасады. Оған жануарлар арасында өмір сүрген балалар дәлел бола аллады. Кез келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мысалы , нәрестенің анасымен ''тілдесу'' қажетін қанағаттандырмау-біртіндеп оның қатаң сезімді, мейірімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына деген сезімінің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүр. Сөйтіп, басқалармен қарым-қатынас түсу – қай жастағыларға болмасын, оған киім кешек, баспана қалай қажет болса, айналадағы жұртпен араласып, дұрыс қарым-қатынас жасай білу де сондай қажет. Адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау-жазаның ең ауыр түрі екендігіне шүбе келтіруге болмайды. Өзгелермен қарым-қатынас жасау бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат алмасу деген сөз.
Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді. Әрине, қарым-қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның шебері аса кең, көпқырлы. Спектакль көрсек те, лекция тыңдасақ та, дос-жандармен сөйлесек те, осының бәрі-қарым-қатынастың сан алуан қырлары.
Отбасынағы тәрбиенің тиімді болуы ондағы қарым-қатынас түрлерінің орнығуына байланысты. Отбасындағы түрлі қарым-қатынастар орын алады.
-Ынтымақтастық қарым-қатынас,яғни отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы тісіністік пен көмекке бағытталған;
-Ортақ мүддеге негізделген бірыңғай қарым-қатыныс;
-Өзара жетістікке жетуді көздеген қарым қатынас;
-Бәсекелестік, яғни барлық жағдайда өзінің бәсекеде ұтуын көздеген қарым-қатынас;
-Түрлі себептермен туындаған отбасындағы қайшылықты қарым-қатынас.
Әр отбасында жоғарыдағыдай түрлі қарым-қатынастың орнығуына баланың жеке тұлғалық қасиетті қалыптасады. Отбасында түрлі қарым-қатынас қалыптары көрініс береді. Кейбір отбасында отбасы мүшелерін бетімен жібереді, мұндай жағдайда ешқандай қарым-қатынас болмайды. Ал кейбір отбасында бедел орын алған қарым-қатынас орнайды. Оның өзіндік ерекшеліктері бар,онда біреудің басқаларға басымдылық танытуы,бұйыруы баланың тұлғалық қасиетінің дамуына жағымсыз ықпал етеді. Қазіргі кезде заман ағымына қарай, отбасында демократиялық қарым-қатынасқа ұмтылушылық бар, яғни әр отбасы мүшесі тең құқықты қарым-қатынасты орнатуды көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |