Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-21 фр 03



бет41/73
Дата18.05.2022
өлшемі0.79 Mb.
#457070
түріКонспект
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   73
Дәріс

Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі:
1. Бизақова Ф., Мамашбаева Ш. Отбасылық дағдарыс психологиясы. -Астана: Фолиант, 2010ж.
2. М.В.Коляева. Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің әдістемелік құралы.- Шымкент: 2007ж.
3. Отбасы педагогикасы. Т.Н.Жүндібаева. -Алматы: «Экономика»баспасы ЖШС, 2014ж.
4. А.А.Шарафадин. Отбасында ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары. -Алматы: 2004ж.
5. Капенов А.А. Қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.-Алматы, 2009ж.
6. Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері.-Алматы, 1986ж.
7. Атемова Қ.Т. Отбасында баланың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары.
-Алматы: 2002ж.
Қосымша:
1. С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психокоррекциялық жаттығулар.-Тараз: Қорғау, 2006 ж.
2. С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психодиагностикалық жаттығулар.-Тараз: Сенім, 2006ж.
3. Төребаева К.Ж., Есенғұлова М.Н. Психологиялық-педагогикалық диагностика. -Алматы: Атамұра-Қазақстан, 2012ж.


19. Дәріс тақырыбы: Отбасының құқықтық-нормативтік базасы
Дәріс жоспары:
1.Қазақстан Республикасының Конститутциясы. Отбасы туралы Заңының 27-бабы.
2.Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы.
3.Балалардың құқығын қорғау туралы конвенция.
4.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын- дағы отбасы тәрбиесі туралы мәселелер.
Дәрістің мазмұны:
1.Қазақстан Республикасының Конститутциясы. Отбасы туралы Заңының 27-бабы.
Әрбір отбасы қоғамының кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан, қоғамды өркениеттілікке жеткізу ең алдымен әрбір отбасындағы өмірді ұйымдастырудан басталмақ.Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алады. Қазақстан Республикасының негізгі заңнамалық актілері Қазақстан Республикасы Ата Заңында, Қазақстан Республикасының ''Неке және отбасы туралы'' Заңында, Балалардың құқығын қорғау туралы конвенцияда,''Баланың құқықтары туралы'' Заңын, Қазақстан Республикасының ''Білім туралы'' Заңында, Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасында көрсетілген.
1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27- бабында: ''Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекетінің қорғауында болады. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті'' делінген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет