Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-21 фр 03



бет62/73
Дата18.05.2022
өлшемі0.79 Mb.
#457070
түріКонспект
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   73
Дәріс

Мадақтау, мақтау- отбасы жағдайында кеңінен қолданнылатын әдістердің бірі. Балалық шақта оның жүріс-тұрысы мен мінез-құлқы қалыптасу үстінде болатыны белгілі. Олар өз әрекетінің дұрыстығын мақұлдаудаы қажетсініп тұрады. Сондықтан баланың жағымды, дұрыс әрекеттерін мадақтап, қолдап отыру керек. Мадақтау-ата-ананың баланың белгілі бір әрекеттері мен мінез-құлқындағы жағымды көріністерге қанағаттануын көрсету амалы.Мадақтауды баланың орынды әрекетін, жақсы қылығын қолдау үшін пайдаланудың мәні зор. Алайда оны шектен тыс пайдалану жағымсыз салдарларға алып келуы мүмкін. Мадақтау кезінде баланың жас және дербес ерекшеліктерін, тәрбиелік деңгейін, мінез-құлық ерекшелігін, әрекет ету сипатын ескеру қажет.
Сенім.Сенім білдіру балаға құрметтің белгісі. Сенім кезінде баланың жас ерекшелігі мен жеке мүмкіндігін ескерген жөн. Егер ата-ана баласына «Сенен түк шықпайды, ешуақытта түзелмейтін шығарсың, саған ештеңені сеніп тапсыруға болмайды» деген сияқты сөздерді айтса, онда баланың ерік жігерін басып, оның өзіне деген сенімділікті, құрметті жоғалтуына алып келуы мүмкін. Сенімсіз жағымды нәрселерге баулу мүмкін емес.
Жазалау. Жазалау әдісін пайдалану кезінде төмендегідей талаптарды ескерген орынды:
- жазалау әдісі жиі пайдаланатын болса, оның күші мен тиімділігі төмендеуі мүмкін;
-жазалау кезінде баланың жас ерекшелігін ескеру қажет. Мысалы, улкен адамдарға дөрекі сөйлеген мектепке дейінгі жастағы бала мен ересек жастағы балаға бірдей жазалау әдісін пайдалануға болмайды. Себебі біріншісі өзінің әрекетін толық түсінбегендіктен, ал екіншісі әдейі жасауы мүмкін;
- баланы ашу үстінде жазалауға болмайды.Жазалау үшін оның себебін анықтап алған жөн. Негіссіз жаза баланы кекшілдікке, ызақорлыққа және ата-анасымен қарым-қатынасының бұзылуына алып келуі ықтимал;
- жазаның нақты әрекетке сай болуы және оның орынсыз бұзылмауы.
Әр елдің бала тәрбиелеу дәстүрлері сияқты әдістерінде де өзіндік ерекшеліктер бар Г.Н.Филоновтың пікірінше, белгілі бір халықтың белгілі бір жерде қолданылатын тәрбие тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы болады. Олар бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беріліп отырыды және олар ең алдымен адамдардың тіршілік ету барысында не болған белгілі бір дағдылары мен білімі ретінде менгеріледі. Адамзат баласың пайда болған кезінен бастау ала отырып, ол өз бойына бала тәрбиесіне деген ғасырлық ғұрыптары мен талаптарын сіңірген. Бұл пікір әр халықтың бала тәрбиесінде өзіндік ерекшеліктері болмауының заңды құбылыс екенін дәлелдей түседі.
Қазақ отбасында ежелден қолданып келе жатқан өзіндік әдіс-тәсілдері жетерлік.Оларды бірнеше топтарға бөліп қарастыруға болады:

  • адамгершілік сезімдеріне әсер ету барысында пайдаланатын әдіс-тәсілдер.Оларға балалар қайырымды, ізгі қатынас жасау,жанама ықпал жасау, қолдау ,өзіне деген сенімін нығайту , сенім арту;

  • үйрету мақсатындағы әдіс-тәсілдер. Олар: түсіндіру,мысал келтіру,үлгі-өнері, ғибрат айту және т.б.;

  • тыйым салу, ескерту жасау мақсатында пайдаланатын әдіс-тәсілдер.Олар: реніш, наразылық білдіру, тыю, айыптау, бұйыру, еркелікке кінәсін мойындату, ұрсу, ымдау, қас-қабақпен айтамын деген ойын білдіру т.б.

Бұлардың көпшілігі қазіргі педагогика саласында қолдалынып жүрген әдіс-тәсілдер болғандықтан біз тек солардың ішіндегі бірқатарына тоқталып кетуді жөн көрдік.
Қазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген. Оны жүзеге асыруда олар үлгі-өнеге көрсету, жауапкершілік арту әдістерін шебер пайдаланған. Баланы ерте жастан-ақ жауапты іс-әрекетке тартып отырған. Мысалы бес жасында атқа мінгізіп, бәйгеге қосқан, қозы баққызып, үлкендердің арасындағы дауды шешу, келессөз жүргізу, т.с.с. істерге бірге ертіп жүрген.
Қазақ отбасы тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктер қатарына жататын әдіс-тәсілдердің бірі,бұл-тұспалдап айту арқылы шешендікке баулу.Сонымен қатар тұспалдап сөйлеуді- сыйластықтың керемет бір үлгісі деүге болады, өйткені ол белгілі біреуге қадап, айыбын бетіне басып айтылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет