Әңгімені тыңдатып, оның мазмұнына сай сурет салдыру.
Демалыс күні әдемі үш аққала жасадым. Оның біреуі үлкен, екіншісі кішірек, ал үшіншісі мүлде кішкентай болып қалды. Біріншісі мен екіншісінің қолдарын қар кесектерінен, ал үшіншісінің қолын бұтақтардан жасадым. Мұрындарының орнына сәбіз, көздерінің орнына көмір қойдым.
Бір-бірімен мағынасы жағынан жақын 10 сөздің жұбын атаңыз. Содан кейін әр жұптың біріншісі сөзін өзіңіз айтыныз, ал балаңыз екіншісін айтсын. Бала 10 жұптың алтауын айтып бере алса, онда оның есте сақтау қабілеті қанағаттанарлықтай дамыған деп есептеуге болады.
ШУ-СУ, КӨПІР- ӨЗЕН, ОРМАН- АЮ,
ҮСТЕЛ- АС, АҒАШ- ЖАПЫРАҚ және т.б.
Үстелдің үстіне таяқшалардан әр түрлі фигуралар немесе үйшік жасаның. Балаңыздың дұрыстап назар аударуын өтініп, содан кейін оны жауып қойып, өзіне дәл сол фигураны қайта жасауды ұсыңыз. Нәтижесін салыстырыңыз.
Балаға қарапайым дем алу жаттығуларын ( 10 терең дем алу-дем шығару ), «шеттету », техникасын (барлық жағысыз жағдайлар қалың шынымен, ағынды сумен және т.с.с бөлек қоршаған деп елестету) үйрету қажет.
Жалпы алғанда, баланың ақыл-ой, дене және эмоционалдық дамуының деңгейіне қарамай, олардың өзіне сенімділігін қолдап, үнемі эмоционалдық жайлылығын қамтамассыз ету қажет. Көңіл-күйі жақсы, бақытты балалар жақсы оқиды, жаңа жағдайларға тез үйренеді және үлкендерге мұндай балалармен жұмыс істеу өте қызықты да, жеңіл болады. Баланы адамзат мәдениетінің әртүрлі саласына бейімдеу, оны мектепке баруға қажетті білім, билік, дағдылармен қамтамассыз етіп, қажетті қасиеттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі:
1. Бизақова Ф., Мамашбаева Ш. Отбасылық дағдарыс психологиясы. -Астана: Фолиант, 2010ж.
2. М.В.Коляева. Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің әдістемелік құралы.- Шымкент: 2007ж.
3. Отбасы педагогикасы. Т.Н.Жүндібаева. -Алматы: «Экономика»баспасы ЖШС, 2014ж.
4. А.А.Шарафадин. Отбасында ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары. -Алматы: 2004ж.
5. Капенов А.А. Қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.-Алматы, 2009ж.
6. Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері.-Алматы, 1986ж.
7. Атемова Қ.Т. Отбасында баланың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары.
-Алматы: 2002ж.
Қосымша:
1 С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психокоррекциялық жаттығулар.-Тараз: Қорғау, 2006 ж.
2 С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психодиагностикалық жаттығулар.-Тараз: Сенім, 2006ж.
3 Төребаева К.Ж., Есенғұлова М.Н. Психологиялық-педагогикалық диагностика. -Алматы: Атамұра-Қазақстан, 2012ж.
Достарыңызбен бөлісу: |