Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-21 фр 03



бет70/73
Дата18.05.2022
өлшемі0.79 Mb.
#457070
түріКонспект
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Дәріс

Ойын тапсырмалары. Эмоционалды климат қалыптастыру мақсатында педагог баланы өзіндік «Мен анамды, (әкемді, әжемді, атамды) немен қуантамын, немен ренжітемін» ойынына қызықтыруына болады. Адам бет пішінінің екі контуры (мұңды және қуанышты) және өмірлік оқиғаларды көрсететін сюжетті суреттерді жинау ұсынылады (бала кесені сындырды, шалшыққа құлады, сәбиді ұруда, өзінің аяқ-киімін тазалауда, қолында раушан гүлін ұстап тұр, мысықты құйрығынан ұстап тұр, қыз шаң сүртуде, өсідіктерді суаруда, төсек жинауда, анасына сөмкесін көтеруге көмектесуде,дорбадағы конфетті жеуде, жасырын жерде тығылуда, үй есігінің алдында мысықты ұстап тұр және т.б.).Балаға суреттерді қарап шығып, олардың кейіпкері етіп өзін елестетіп, төмендегідей етіп орналастыру ұсынылады. Егер жасаған іс-әрекет анама (әкеме, әжеме) ұнаса, суретті қуанышты бет әлпетіне, егер ұнамаса мұңды бет әлпетіне қою керек. Тапсырмаларды орындауды талдау үлкендердің балаларға қатынасын жобалауға негіз болады (бала әрекетінің ешқайсысы қуантпайтын отбасылар болады), отбасы тәрбиесіндегі келісушіліктер (отбасы мүшелерінің түрлі мүшелерінде келіспейтін бір әрекетке реакция туындайды), отбасының құндылықтары жайында (үлкендерді тікелей не қуантады және ренжітеді).
Суреттерді түсіндіру әдістемесі. Балаға кезекпен әдеттегі отбасылық сахна салынған суреттер ұсынылады (таң, бала ұйқысынан оянды, бөлмеге анасы кірді, кеш, бала теледидар алдында отыр, есікте әкесі тұр, баласы анасына ыдыс жууға көмектесуде, әкесі кірді және т.б.). Суретті бейнелеу ұсынылады ( Не салынған?) және (Қалай ойлайсын, ұйқысынан оянған қызына анасы деп айтты? Теледидар алдында отырған баласына әкесі не деп айтуда?). Бала сурет жайында өзінің жеке тәжірибесіндегі уайымы мен атқаратын шаруасын кейіпкерлерге бөліп суреттейді. Үлкендердің сөзі ретінде бала ата-анасынан естіген сөздерді қолданады. Мысалы, ыдыс жуып жатқан баласына әкесінің айтқан сөзі: «Тезірек бітіріп, дойбы ойнауға кел!», «Бұдан қызықты ештеңе таба алмадың ба?», «Сен – қызсың ба? Ас үйден шық!». Демек әрдайым ұйқыдан оянған баласына қайырлы таң тілейтін, нәзік сөздер айту барлық отбасыға тән емес екен. Балалар көбінесе мына сөздерді: «Тезірек тұр, мен сенің кесіріңнен жұмысқа кешігемін» жиі естиді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет