2. Қазақ отбасының бала тәрбиелеу құралдары
Қазақ отбасы тәрбиесінің құралдары дегенде халық ауыз әдебиетін: шешендік сөздерді, өлең , жұмбақ, жанылтпаш, мақал- мәтелтерді, ертегі, аңыз-әнгімелерді, айтыс, шежіре, сондай-ақ ұлттық ойындарды, ойын-сауықтарды айтамыз.
Халық ауыз әдебиеті шығармалары ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылық ретінде баланың қиялын тербеп, сезімін оятады, ұлттық дербестігін ұғынуға көмектеседі. Бұған қазақтың зыялы қауымы Шоқан мен Абайдың және басқа да ірі тұлғалардың бәрі халық ауыз әдебиетінен сусындап өскенен дәлел ретінде көрсете аламыз. Мысалы, Шоқан он жасына дейін өзінің туған ауылында әжесі Ағайым мен әкесі аға сұлтан Шыңғыстың тәрбиесінде өседі. Уәлі, Шыңғыс мауылдары қазақтың ақын-әнші, сал-сері, өлеңші-жыршы, бақсы-балгер, құсбегі-саятгер сияқты өнер қуған қауымның жиі жиналып, сөз сайысына түсетін өнер ортасы болған. Орынбай, Жанақ, Шөже, Нысанбай сияқты атақты айтыс ақындары Біржан, Ақан, Үкілі Ыбырай сияқты жезтаңдай әнші- ақындар Тәттімбет, Тоқа, Қанжола сияқты күйші-композиторлар Абылай тұқымының маңына үйіріліп. өз өнерлерін дүйім жұртқа жайған. Міне, осындай той-думан, өлең-жыр, аңыз-ертегі, айтыс өнерінің орасында өскен Шоқанның дүниетанымы кеңейіп, ұлы тұлға болып қалыптасты.
Қазіргі кезде балаларды халық ауыз әдебиеті үлгерімімен таныстырудың басқада жолдары дамып отыр. Бұл тұста радио,теледидардан берілетін хабарлардың мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланған жөн. Мысалы: «Тыңда балам, ертегі» айдарымен ұсынылатын әжелердің ертегілерін тыңдату, «Балапан », «Еркетай», «Толағай», «Сөз мерген », « Сөнбес сәуле», «Сегіз қырлы», «Жүзден жүйрік», «Жан жылуы», және т.б.бағдарламаларын бірлесе тамаша- лаудың мәні зор.
Қазақ халқының басты тәрбие құралдарының бірі- дастарқан басында айтылатын әр түрлітәрбиелік мәндегі әңгімелер, өмірден алынған мысалдар. Бұлар балаларды отбасының рухани және тарихи өмірімен таныстырып, тәрбиелейді.
Жоғарыда аталған тәрбие құралдарының бәрінің мәні өте зор. Халқымыз оларды жас ерекшеліктерін ескере отырып, ұтымды пайдалана білген.
Достарыңызбен бөлісу: |