«Не өзгереді?» ойыны
Үстелдің үстіне 10-15 шақты ұсақ заттарды (қарындаш, қалам, сіріңке, өшіргіш т.б.) қойып, баланың орны мен түрлерін есінде сақтау үшін балаға 30 секундтай уақыт беру керек. Содан кейін теріс айналдырып, заттардың орнын ауыстыру керек. Жасалған өзгерістерді анықтау үшін балаға тағы да 30 секунд уақыт беріледі. Содан кейін бала өзгерген заттарды тауып орнына қою керек.
Зейіннің бөлінуін және тұрақтылығын дамытатын жаттығулар
Балаға жануардың аты аталған кезде алақанын щапалақтау керек екенін алдын ала ескертіп, әр түрлі заттар мен жануалардың атын атау керек,
Бала зейінінің тұрақтылығын дамыту үшін журнал не газеттің ішіндегі бір мәтіннің үзіндісінен «а» деген әріпті тауып, астын сызуды өтініңіз. Баланың қанша уақытта орындағанын және неше қате жібергенін жазып алыңыз. Келесі жолы тағы қайталанғанда қандай өзгеріс болғанын байқаңыз.
Зеіннің щоғырлануын дамытатын жаттығулар
Балаға бір жартысы ғана боялған суретті беріп, келесі жартысын дәл сондай етіп бояуын өтініңіз. Бғл тапсырманы қиындатуға да болады. Ол үшін бала суреттің екінші бөлігін өзі салып, бояуы керек. Бұл шырша, үкі, көбелек, және тағы басқа болуы мүмкін.
«Цифрлық кесте» жаттығуы
Балаға 1 - ден 25-ке дейінгі цифрлар салынған кестені көрсету керек. Цифрлар ретсіз орналауы керек. Баладан оларды ретімен тез айтып беруін сұраңыз. Көптеген балалар бұл тапсырманы 1,5-2 минут ішінде орындайды. Бұл тапсырманы орындадпас бұрын балаңыздың аталған цифрлерді білетініне көзіңізді жеткізіңіз.
Баланың зейінін (бір уақытта бірнеше тапсырманы орындай алу білігі) бөлу деңгейін ұлғайтуға бағытталған жаттығулар
Кішігірім сөйлемді дауыстап оқыңыз. Оқып отырғанда үстелдің үстін қарындашпен ақырын тықылдатыңыз. Бала мәтінде есінде сақтауы керек, сондай-ақ үстелді неше рет тықылдатып ұрғаныңызды айтып беру қажет.
Бала дөңгелектің суретін салып отырған кезде бірнеше рет шапалақтау керек. Орындау уақыты - 1 минут. Бір минуттан кейін бала салған дөңгелектері мен неше рет шапалақ ұрылғанын айтуы керек. Бала неғұрлым дөңгелекті көбірек салса және шапалақтың санын дұрыс тапса, соғұрлым жақсы.
Отбасы жағдайында баланың есте сақтау қабілетін дамыту үшін төмендегідей жаттығуларды пайдаланған орынды.
Өлеңді тыңдап, онда айтылған заттардың суретін сал.
Әппақ қоян, ақ қоян,
Сондай қорқақ сақ қоян.
Біздің үйге тығылсаң
Сандығыма сап қоям!
Таудай үлкен піл деген
Жалпылдайды құлағы.
Тұмсығымен ағашты
Көтеріп ап тұрады.
Немересін атасы
Мінгізеді арқаға.
Ал кенгуру секіред
Баласын сап қалтаға
Қысы-жазы адамға
Серік болып жүреміз
Күзетеміз қойларды
Қасқыр келсе үреміз
Достарыңызбен бөлісу: |