Хикаяны аяқтау әдістемесі. Педагог балаға бірге ұл бала (қыз) туралы хикая құрастыруға ұсыныс жасайды: «Мен басын ойластырамын, ал сен соңын жалғастырасың. Анасы дүкенге кетті, ал Лиза інісімен үйде қалды. Інісі мазасыздана бастады. Лиза оған сурет салуға шешім қабылдады. Ол парақ, бояу, су құйылған ыдысты алып, сурет сала бастады. Ол сәбіз ұстаған қоянды салуға өте талпынды, ал інісі қызығып қарап отырды. Інісі абайсызда су құйылған ыдысты қозғап қалды, ал көмескі су үстел бетіне төгіліп кетті. Лиза ренжіп қалды, бірақ бұл уақытта анасы келіп қалды». Хикаяның соңын бала өзі анасының мұндай жағдайда қалай әсерленгеніне байланысты аяқтайды. Кейбір балаларда анасы баласын жұбатып: «Мұның жаман ештеңесі жоқ! Мұндай кімнің басында болмайды! Қазір барлығын орнына қоямыз! Ең бастысы, Лиза інісіне жақсы қарады». Кейбір балалардың соңғы аяқтаған хикаялары мұңды болды: «Анасы Лизаны оның ебедейсіздігіне бола ұрысты».
Аяқталмаған сөйлемдер әдістемесі айтарлықтай жиі қолданылады. Педагог балаға: мен сөйлемді бастаймын, ал сен аяқтайсың. Мысалы, «Әкенен маған балмұздақ әперуін өтінген кезде, әкем...», «Егер мен құлап немесе бір жерімді ұрып алсам, онда анам...», «Егер мен қолымды нашар жусам, онда анам...», «Егер анамның басы ауырса, онда әкем екеуміз...», «Анам мені мақтайды, егер мен...», «Әжем ренжиді, егер мен....».
Балалар ойнағанды жақсы көреді, сондықтан олардың отбасы туралы көзқарастарын, «ересек – бала» қарым-қатынасының ерекшеліктерін қалыптастыруда, мақсатты түрде отбасы тақырыбындағы ойындарды құру керек. А.Д.Кошелева мынадай әдістемені ұсынады. Ана баланың, ал бала ананың (әкенің) рөлін ойнайды. Ойын барысында бала анасына өтініштер айтады: қандай да бір іспен бірлесіп шұғылдану, кітап оқу, бірге ойнау т.б. Проективті әдістемелердегі сияқты күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттар ұсынылады. Жағдаяттарды шешуге мысал келтірейік: «Бала» (ана) : «Ана, менімен бірге ойнашы!» - «Ана» (бала) «Өзің ойна! Менің шаруаларым көп!»
Проективті әдістер және ойын әдістері педагогқа отбасының алғашқы әрекеттері, қарым-қатынасы, бағалауы, күнделікті өмірдегі стереотиптерін «бала көзімен» көруге мүмкіндік береді. Отбасын «бала көзімен» зерттеуде педагогқа этикалық нормаларды бұзбау үшін, ерекше әдеп керек, алынған мәліметтерді біреумен, әсіресе баланың қатысуымен ата-анамен талқылауға жол берілмейді. Педагог ғылыми әдістер көмегімен бала жанының құпия бұрышына, сырт көзден жасырылатын отбасы өмірінің жағдайына көз тастағанын әрдайым естен шығармауы тиіс. Мұндай отбасы өміріне, баланың ішкі әлеміне басып кіру, баланың қызығушылығында қолдануда нәтижелі болды. Егер педагог отбасын «бала көзімен» зерттеуге қызықпаса, онда оның зеттемегені абзал.
Достарыңызбен бөлісу: |