Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-21 фр 03


Отбасының бала тәрбиелеу тәжірибелерін зерттеу



бет68/73
Дата18.05.2022
өлшемі0.79 Mb.
#457070
түріКонспект
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Дәріс

Отбасының бала тәрбиелеу тәжірибелерін зерттеу
Отбасы тәрбиесін сипаттайтын нақты ақпаратқа тек ғылым емес, мектепке дейінгі мекемелер де зәру. Бұл ақпаратты алудың мақсатының мәні – отбасы туралы түсінік, оның тәрбиелік мүмкіндіктері туралы құрастыру. Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерін білу, педагогқа отбасындағы педагогикалық үдеріске мақсатқа бағытталған әсер етуіне көмектеседі. Отбасы тәрбиесіндегі тәжірибені зерттеу әдістерін меңгеру тәрбие жұмысы мен басқа әлеуметтік институттардың (мектепке дейінгі мекеме, мектеп және т.б.) келісімінде маңызды жағдай болып табылады.
Мектепке дейінгі мекеменің зерттеу пәні тәрбиелеудің отбасы тәжірибесі болып табылады. Тәрбиелеудің отбасылық тәрірибесі көптеген факторлардың әсерінен пайда болатыны, әсіресе отбасындағы өзара қарым-қатынас маңызды орын алатыны жоғарыда аталып өтті. Қиындықтар өзара қалыптасқан отбасы ұжымының моральді-психологиялық ахуалы, отбасы мүшелерінің тұлғалақ сапалары туралы объективті ақпарат алуда туындайды.
Отбасын зерттеу дәйекті, жүйелі болуы тиіс, сондықтан жұмыстың бағыты мен өзіндік жоспар жоспарлануы тиіс. Нұсқаулық жоспар ретінде В.В.Котырло, С.А.Ладывир ғалымдардың сипаттамасын ұсынамыз:
1.Бала тәрбиесіне қатысатын отбасы құрамы, мамандығы, ата-аналардың және басқа отбасы мүшелерінің білімділік деңгейі;
2.Жалпы отбасылық ахуал, отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынас ерекшеліктері. Олар:
-бір-біріне достық қарым-қатынас;
-өзгермелі, қарсылықты сипаттағы қарым-қатынас;
-отбасы мүшелерінің өзіндік автономды қарым-қатынасы;
1.Баланы отбасылық тәрбиелеудің мақсаты;
2.Бала тұлғасының қалыптасуына мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінің маңыздылығын ата-аналардың түсінуі;
3.Бала тәрбиесіндегі отбасының мүмкіндіктері: денсаулығы, адамгершілік, ақыл-ой қасиеттерінің дамуы, шығармашылық қабілеттері, баланың ерте білімі;
4.Ата-аналардың педагогикалық-психологиялық білімінің, практикалық біліктілігінің деңгейі:
-нақты білімдердің барлығы және оларды толықтыруға, тереңдетуге дайын болу;
-білімділік деңгейінің шектеулілігі және педагогикалық ағартуға көнгіштігі;
-білім деңгейінің төмендігі және оны алуға жағымсыз қатынастың болуы.
1.Тәрбиелік әсер етудің ерекшеліктері:
-барлық үлкендердің тәрбиелеуге қатыстығы, тәрбие іс-әрекетіне келісімділіктің деңгейі;
-тәрбиелеудегі дәйексіздік, келіспеушілік, тәрбиелеу үшін кикілжіңдердің туындауы, тәрбие қызметі басымырақ отбасы мүшесінің болуы;
-баланың толық дамуына жағдайдың, мақсатқа бағытталған әсер етудің болмауы.
1.Отбасында бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыру:
-отбасындағы жұмысқа, қамқорлыққа баланы қызықтыру;
-отбасындағы жұмыстың үлкендер арасында жіктелуі, баланы отбасылық әрекетке ауқын-ауқын қызықтыру;
-отбасы іс-әрекетіндегі бытыраңқылық, баланы отбасы жұмысы мен қамқорлығынан бөлек ұстау.
1.Отбасының мектепке дейінгі мекемелерге деген қарым-қатынасы:
-бала-бақшаның мүмкіндігін жоғары бағалап, онымен ынтымақтасуға дайын;
-бала-бақшаға сақ және сенімсіздікпен қарап, онымен ынтымақтасудың қажеттілігін көрмейді;
-бар жауапкершілік пен тәрбиелік қызметті бала-бақшаға артып, олармен ынтымақтасуға дайын емес;
-бала-бақшаға салғырт қарап, өз баласының тәрбиесіне қызықпайды.
Тәрбиелеудің отбасылық тәжірибиесін зерттеудін жоспары түрлі әдістердің көмегімен жүзеге асады,соның ішінде әңгіме жане бақылау әдістері кең тараған.
Әнгімелесу интервьюден ұйымдастыру мен құрлысының еркіндігімен,әңгімелесушілер арасында формальды емес ахуал жане қарым-қатынасымен ерекшеленеді.Алайда бұл әңгімелесу күні бұрын ұйымдастырылмауы тиіс деген мағынада емес.Қойылған мақсатқа орай педагог әңгіменің жоспарын құрып,кілтті сұрақтарды ерекшелеп қояды.Әнгімелесу барысында сырт көзге жасырын отбасы тәрбиесінің кезеңдері туралы керекті мәлімет алуға болады. Бұл- тиімді мақсатқа бағыталған, операктивті- түзетуші әдіс. Әңгімелесу алдын ала басқа әдістер арқылы тәрбиелеудің отбасылық тәжірибиесін зерттеген болжамдық қорыттындыларды дәлелдеу,нақтылаунемесе теріске шығару үшін керек. Әңгімелесуді табысты жүргізу үшін өзіне ықылас аударта алу, қажетті салаға әңгімені бағыттап сенімділік орнату керек. Педагогқа ең алдымен мәні қызықтырған әңгімелесудің ахуалын туындатып, ақиқатқа жетуді бірлесіп іздеу болатын (көпшілік тәжірибесінде болатын өзінің дұрыстығын дәлелдемеу),эмпатиялық тыңдау (К.Роджерс,Т. Гордон) әдісін қолдану маңызды. Е.Р.Смирнованың бейнелі сөзін «басқа адамның аяқ киімін киіп көруге» талпыну, яғни өзінің сезімін ұқсас жағдайда елестету керек. Эмпатиялық тыңдаудың маңызды жағдайы байқағыштықты қалыптастыру болып табылады. Педагог әңгімелесушінің тек сөзіне ғана емес, сондай-ақ дауыс ырғағына, жест, мимикасына да көңіл аудару да керек. Әңгімелесушінің бет кескіні, қойылған сұрақтарға қатынасының өзгеруінен психологиялық жағдайы жайында білуге болады,сондықтан әдеп көрсетіп, сенімді қарым-қатынас сақтауға тырысу керек.
Әңгіме барысында ата-аналар педагогтың көмек көрсетуден басқа өзге ойы жоқ екенін сезінулері керек. Бұл сенімнің өсуіне ықпал етіп және әңгіменің педагогикалық тиімділігін арттырады. Отбасы мүшелерінің, әсіресе баланың тұлғалық қасиеттерін бағалағанда абай болу қажет, жағымды қасиеттерді ерекшелеп, ата-аналардың айқын «педагогикалық үмітін» тудыру керек.
Бақылау отбасын зерттеудің әдісі ретінде мақсатқа бағыттылығымен сипатталады. Педагог ата-аналардың балаларымен өзара қарым-қатынасын қандай мақсатпен, қай жағдайда бақылау керектігін алдын ала анықтайды. Әдетте бұл бала-бақшаның таңертеңгілік қабылдауы мен баланың бала-бақшадан қайтқан уақытында болады.
Педагог тек сырттай бақылауды ғана емес, енгізілген бақылауды да қолданады. Ол үшін педагог сыртқы бақылауда кейде жасырын болатын, отбасы тәрбиесінің кейбір жақтарын көруге мүмкін болатын арнайы жағдаяттар ұйымдастырылады: бірлескен іс-әрекет, бос уақыт ата-аналар және балалармен жаттығу. Мысалы, Аликтің тыңдамайтындығы – әкесінің авторитарлық ұстанымына жауапты реакциясы, Светаның міназ-құлық нормалары мен ережелерін бұзуы – әкесі мен анасының тәрбиелеу тәсілінде келіспеушілігінің нәтижесі. Формалды емес ортада үлкенде де, балалар да түрлі жақтарымен көрінеді, сондықтан ата-аналар мен отбасының басқа да мүшелерін мерекелерге, ойын-сауықтарға, экскурсияларға қызықтыру керек. Әдетте мұндай жағдайда барлық үлкендер балалардың іс-әрекетіне, қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, өздерін белсенді көрсетеді, сондықтан педагог өз көмекшілерінің көптеген тәрбие тәсілдерін көріп, отбасы тәрбиесінің әдістері мен стилі туралы болжауға негіз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет