Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-21 фр 03



бет67/73
Дата18.05.2022
өлшемі0.79 Mb.
#457070
түріКонспект
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   73
Дәріс

29. Дәріс тақырыбы: Отбасын зерттеу әдістері
Дәріс жоспары:
1.Отбасын зерттеуге қарасты қазіргі кездегі көзқарастар.
2. Отбасының бала тәрбиелеу тәжірибелерін зерттеу.
3.Отбасы бала көзқарасымен.
Дәрістің мазмұны:
Отбасын зерттеуге қарасты қазіргі кездегі көзқарастар
Соңғы жылдары отбасы тәрбиелеу институты ретінде педагогика, психология, әлеуметтану және т.б. ғылымдар тарапынан зерттеуге көп көңіл бөлінді. Алайда, отбасы қоғамның айтарлықтай жабық ұйымы болғандықтан және өмірлік іс-әрекеті, өзара қарым-қатынасын өзгелерге хабардар етпеуіне байланысты, ғалымдардың зерттеудегі мүмкіндіктері шектеулі. Адамға өзінің нақты болмысынан өзін әлдеқайда жақсырақ сезіну тән, сондықтан отбасы ешқашан толық ашылмайды, өзінің өміріне олар жайлы азды-көпті жағымды көзқарастағы басқа адамдарды араластырады. Әрбір отбасының бірегейлігі мен қайталанбастығын да ескерген жөн. Білімділік, жалпы мәдени деңгей, әдет-ғұрыптық-психологиялық шарттарды, өмірлік тәжірибесін, балалардың іс-әрекетін ұйымдастыра алуын, ата-ананың және отбасының басқа мүшелерінің типологиялық ерекшеліктерін және т.б. ажырата алу – осының барлығы отбасының қайталанбас жағдайын тудырады. Осылайша ғалымдар, тұрмыстық тәрбиенің ерекшелігі жайында айтарлықтай нақты ақпарат алуда, қазіргі заманғы отбасын зерттеуде, көптеген қиыншылықтармен кездеседі. Мүмкін, зерттеушіге өзін қызықтырған ақпараттарды алуда, отбасына қарым-қатынаста табандылық көрсету керек шығар? Жоқ, өйткені ол отбасына «басып кіруге» мүмкін шектеулерді естен шығармау тиіс. Бұл шектеулердің заңды белгілері бар: адам құқығын сақтау, отбасының жеке өміріне қол сұқпаушылық. Осыған байланысты, зерттелетін объектінің параметрлері (отбасы тәрбиесінің қай аспектісі зерттелінуі мүмакін), жұмысты жүзеге асырудың әдістері анықталады.
Отбасын зерттеудің әдістері, оның көмегімен жиналып, талданып, отбасын сипаттайтын ақпараттарды жалпылайтын, отбасы тәрбиесінің өзара байланыстары мен заңдылықтарын ашатын құралдарды ұсынады. Зерттеушімен болжанатын отбасын немесе кез келген әлеуметтік құбылысты зерттеуде біріншіден, әдістердің жиынтығы, екіншіден, сол әдістер зерттелінушіге адекватты болуын талап етеді. Отбасы мен ондағы тәрбиені зерттеуде педагогикалық эксперимент аз қолданылады. Өйткені, экспериментке жаңа педагогикалық құрылым мен тәрбие үдерісінде тиімділігін тексеру тән. Эксперименттік отбасы шеңберінде ұйымдастырылғанын көз алдыңызға елестетіңізші. Айтарлықтай ұзақ уақыт бойы оның табиғи өмірлік іс-әрекетінің жолы бұзылады. Бұған зерттелінушілердің өзіндік сезінулеріне зиян келтіретін экспериментатордың «көзі», отбасы мүшелерінің жүріс-тұрысы, өзін үнемі қадағалап отыруды қосыңыз. Сондықтан аталған тақырыпқа арналған проблеманы зерттеуде, ғалымдар балалар бақшасында жүргізілетін және отбасы жағдайында жалғасып, нығайтуды талап ететін эксперименталды жұмысқа ата-аналарды белсенді қызықтырады. Осындай негізінде Е.П.Арнаутова, Т.М.Баринова, В.И.Безлюдно, Г.Н.Гришина,Н.А.Стародубованың зерттеулері құрылған.
Отбасын зерттеудің әдістері арасында әлеуметтік әдістер кең тарады: әлеуметтік сауалнамалар, интервью және анкета.
Интервью әдісі респонденттердің шынайы мүмкіншілігіне жағдай жасауды талап етеді. Интерью формалды емес жағдайда, зерттеуші мен зерттелінуші арасындағы қатынас жеке симпатияларға негізделіп өтілсе, оның өнімділігі арта түседі.
Анкеталау әдісі (жазбаша сауалнама) зерттеушіні қызықтыратын көптеген ақпараттарды жинауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс ақпарат алу мен алынған мәліметтерді өңдеуде тиімділігімен ерекшеленеді. Анкета әдісін жүргізудің әр түрлі түрлері бар: контактілі (анкеттеу әдісін зерттеушінің өзі ұйымдастырып, сауалнама парақтарын жинайды), сырттай (корреспонденттік байланыстар негізінде, жүргізілу тәртібі бойынша респонденттерге жіберіліп, кейін зерттеушінің өзіне қайта оралады). Зерттеушінің алдына қойылған міндеттеріне және отбасының ерекшеліктеріне байланысты анкетаның түрлі типтері болуы мүмкін: ашық (зерттелінушінің жауап беруіне мүмкіндік беретін сұрақтар құрылады), жабық (сұрақтарға мүмкін болатын жауаптар беріледі), аралас (мүмкін болатын жауаптар ұсынылады және сонымен қатар кейбір жауаптарды зерттелінушінің өзі, әсіресе олар сұрақтар шегіне шығып кеткен жағдайда тұжырымдауына мүмкіндік беріледі).
Отбасын зерттегенде әлеуметтанушылар жабық типтегі анкеталы сырттай анкеталауды қолданады. Педагогтар жиі тікелей анкеталауды және ашық және аралас типтегі анкеталарға көңіл бөледі. Отбасы тәрбиесінің тәжірибесін зерттеуде респонденттермен жүргізілген анкета ұтымды, алайда жауаптардың шынайы болмауы мүмкіндігін ескеру керек. Мысалы, балаларын физикалық жазалауға жиі жүгінетін ата-аналар, жабық анкетадағы тиісті жауапты белгілейтініне күмән келтіруге болады, олар ешқашан «физикалық жазалауға жүгінбейміз» немесе «кейде физикалық жазалауға жүгінеміз» деген жауаптардың біреуін белгілеуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет