Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-21 фр 03



бет69/73
Дата18.05.2022
өлшемі0.79 Mb.
#457070
түріКонспект
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Дәріс

Отбасы бала көзқарасымен
Балада оның ата-анасы, отбасының басқа мүшелері, өз үйі туралы көзқарас қалыптаспағанымен, олармен эмоционалды қарым-қатынас ерте орнайды. Бұл түсініктер басқа жолдармен ұғыну қиынға түсетін, отбасы және отбасы тәрбиесінің кейбір жақтарын ерекшелейді. Мысалы, бала үшін ең бастысы отбасы мүшесі кім, кімге құштарлығы басым, отбасында өзінің орнын қалай көреді және т.б.? Әрине бұл жайында ата-анадан, атасы мен әжесінен, басқа да туыстарынан сұрастыруға болады, алайда біз істің нақты жағдайын әрдайым айқындай бермейтін проблемаларын көреміз. Сондықтан ненің көмегімен баланың отбасындағы жағымды эмоциясын, отбасы ұжымында өзіндік орнын елестетуін зерттейтін арнайы әдістемелер бар.
Суретті әдістеме. Балаға өз отбасы жайлы сурет салу ұсынылады, не салу керектігі жайлы нұсқау берілмейді. Сурет салу аяқталғаннан кейін кейбір бөліктер нақтыланады, бала отбасы мүшелерін атап шығады. Суретті талдай отырып, бөліктерге назар салу аса маңызды: тапсырманы орындаудың дәйектілігі, суреттің сюжеті, орналасуы, отбасы мүшелерінің топтасуы, олардың бір-бірінен алшақтығы, олардың арасындағы баланың өзіндік орны, отбасын суретке салғанда ол кімнен бастады, кімнен аяқтады, кімді салуды ұмытып кетті, кімді суретке қосты, кім қалай киінді, кім контурмен ерекшеленген, кім бөліктеріне дейін жақсы салынған және т.б.
Психологтар бала суретінің мәнін есептеуді үйренген. Ереже бойынша, отбасы мүшелерінің суретте болмауы немесе оларды салуға уақытты ұзарту – баланың отбасындағы психологиялық келеңсіздігінің белгісі және кішкентай суретші араласқан отбасылық кикілжіңдердің белгісі. Егер суретте суретшінің өзі жоқ болса, онда оның отбасымен немесе отбасы мүшелерімен конфликттің сигналы. Осылайша бала өз отбасына қарсылық реакциясын көрсетеді. Егер бала отбасының орнына тек өзін ғана салса, онда ол – жалғыздықтың жан айқайы, отбасылық жайсыздықтың үлкен белгісі. Ата-анасының бірі немесе басқа туыстарының (мысалы, кіші інісінің) суретте болмауы, «ұмытылған» туыс – келеңсіздіктің, баланың қиналуы мен күйзелістерінің бастауы. Кейде бала суретті мәнсіз туыстармен немесе бөгде адамдармен толықтырады. Мұнымен ол отбасылық өмірді жақсартып, отбасы мен сезімдегі бос орындарды толтырғысы келеді. Отбасы мүшелерінің беделділігін бала фигуралардың өлшемімен көрсетеді, аса құрметті туыстар үшін парақта орын жетпейді және суретті соларды салудан бастайды. Егер балаға отбасында жайлы болса, онда бала өз бойын ата-анасының бойына жақын етіп салады, жиі ата-анасының ортасында болады. Суретші өзін отбасылық портретте аға-қарындастарынан кейін, ата-анасынан алшақ салса, онда ол ата-анасын басқа балалардан қызғанатындығын көрсетеді. Туыстардың эмоционалды жақын немесе бытыраңқылығын автор аса немесе кем тығыздықпен бейнелейді. Отбасы мүшелері бір-бірін қаншалықты жақсы көрсе, соншалықты жақын орналасады. Жағымсыз конфликтілі отбасындағы туыстар суретте бір-бірінен алшақ орналасып, бос орындар заттармен, бөгде адамадармен толықтырылады.
Шындығында жай ғана болмашы нәрсе – «Менің отбасым» тақырыбындағы бала суреті, алайда ол дұрыс шеше білген жағдайда терең ішкі мәнді ашуға және отбасыішілік қарм-қатынасты диагностикалауға мүмкіндік береді.
«Менің отбасым» әдістемесінің түрленген түрі «Мен қалайтын отбасы» әдістемесі баланың құпия тілектері мен орындалмаған үміттерінің шымылдығын ашады. Балалардың үлкен болып, өскенде, болашақтағы суретін салмайтыны қызық. Жоқ, олар көп жылдар өткен соң емес, дәл қазіргі сәтте өздері қалайтын отбасын суретке салады. Бала отбасын өзіне жайлы, сенімді, жылы болатындай етіп құрастырады. Ол үшін ол туыстарының барлығын алып тастап, өзгелердің орнын ауыстырып, өзін ата-анасына жақындатып, тізесіне ұзақ уақыт армандаған итті салады және т.б.
Проективті әдістер проекция принципіне – өзіндік қажеттіліктер, сапалар, қарым-қатынасты өзге адамдарға ауыстыруға негізделген. Балаға оның өмірлік тәжірибесіне, қоршаған дүниені елестетуіне, қажеттіліктері мен қалауларына байланысты түрлендіріп жасауға мүмкіндік беретін көптеген тапсырмалар беріледі. Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерін зерттеуде ойын тапсырмаларын, суретті түсіндіру әдістемесі, хикаяны аяқтау және аяқталмаған сөйлемдер әдістемелері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет