Дәріс конспектісі пән атауы: Банк ісі


Банк Кеңесі Банк Басқармасы



бет3/43
Дата29.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479212
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Конспект лекций дисциплины Банк ісі каз

Банк Кеңесі
Банк Басқармасы
Несие комитеті
Тексеру комитеті


Банк операцияларын жоспарлау мен дамытуды басқару

  • коммерциялық қызметті ұйымдастыру бөлімі;

  • банк өтімділігін басқару бөлімі;

  • экономикалық талдау және клиенттердің несие қабілетін зерттеу бөлімі;

  • маркетинг бөлімі.

Депозиттік операцияларды басқару

  • депозиттік операциялар бөлімі;

  • қор бөлімі.

Несие операцияларын басқару

  • заңды тұлғаларға несие беру бөлімі;

  • тұрғын халыққа несие беру бөлімі.

Делдалдық операциялар мен банктің көрсететінқызметтерін басқару;

Халықаралық Банк операцияларын ұйымдастыруБасқармасы
Есептеу – операциялық басқармасы

  • операциялық бөлім;

  • кассалық операциялар бөлімі.

Әкімшілік қызметтер

  • заң бөлімі;

  • кадрлар бөлімі;

  • тексеру бөлімі;

  • әкімшілік-шаруашылық бөлімі.

Бүкіл әлемдегі банктер қызметінің құқықтық негіздерін банктер қызметін реттейтін заңдар құрайды.


Банк заңдылықтары қоғамның даму барысы мен оның шаруашылық қажеттіліктерімен бірге қалыптасады. Банктердің бүкіл идеялары мен мақсаттары заңдарда көрініс табады, олар танылған болып саналады. Міне, банк құқығы осылай туындайды. Банк құқығы автономиялы заңды қалып (норма) болып санала отырып, қоғамдық мүдделерден оқшауланып қалмайды, қайта, мемлекет мүдделерімен және шаруашылық процестеріне қатысушылардың құқықтарын қорғаумен өзара байланыста туындайды. Банк заңдары үш қабатқа (ярусқа) бөлінеді:

  1. бірінші қабат: орталық банкі (эмиссиондық) туралы заңдар және екінші деңгейдегі (іскерлік банктері туралы) банктер туралы заңдар деп аталатын екі блоктан тұрады. Заңдардың осы екі блогы елдегі банк жүйесінің қызметі мен банктердің өздерінің операцияларын жүргізуін тікелей реттеп отырады. Бұл заңдар: валюталық операциялар, банкроттық, банк құпиясы, салымдардың құпиялығы және т.б. туралы жекелеген заңдармен толықтырылады.

  2. банк заңдылықтары жүйесіндегі екінші қабат бұл – биржа, акциялар мен бағалы қағаздар. Олар банк қызметін тікелей қозғайды.

  3. заңдардың үшінші қабаты банктер үшін негізгі болып саналады және олардың идеологиясын айқындайды. Бұл – елдің Конституциясы, Азаматтық Кодекс, шаруашылық құқығы.

Банк заңдылықтарының:

    • банктердің өз операцияларын жасау үшін;

    • банктердің басқа субъектілермен өзара қатынасын реттеуде;

    • клиенттердің ақша, төлем, несие қатынастарын анықтау мүдделерін қорғау кезінде;

    • клиенттердің, сондай-ақ банктердің өзінің банк нұсқаулары, ережелері, нормативтері талаптарының барлығын дұрыс түсінуінде;

    • жалпы экономиканы дамытуда және ақша айналымының тұтастығын сақтауда аса зор маңызы бар.

Банк заңдылықтары банктердің өздерінің ғана емес, ең алдымен мемлекеттің мүддесін қорғайды, өйткені банктер арқылы ақшаның қозғалуы, қаржы ресурстарын, капиталдарды орталықтандыру экономикамен тікелей байланысты және мемлекет бұл процестерді белсенді түрде реттеп отырады.
Банк қызметі саласындағы заңдар клиенттер, банктер мен мемлекет үшін маңызды болып саналады және олардың кең ауқымды мүдделерін білдіреді, сонымен бірге тараптардың бірінің заң бұзушылығы құқықтық қалыптардың бұрмалауына әкеліп соғатындығын да көрсетеді. Банк заңдылықтары әлемдік тәжірибе тұрғысынан алып қарағанда тұтастай түрде тұрақты болып саналады, дегенмен қатып қалған «догма» емес екендігін де естен шығармаған абзал. Заңдар қоғам дамуы кезеңдерінің мүдделерін білдіре отырып, эволюциялық жолмен толықтырылып, қайта өңделіп отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет