Дәріс конспектісі пән атауы: Банк ісі


Банктік маркетингті дамыту бағыттары



бет37/43
Дата29.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479212
түріКонспект
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   43
Конспект лекций дисциплины Банк ісі каз

3. Банктік маркетингті дамыту бағыттары

Банктер арасындағы бәсекелестік оларды тікелей клиенттермен жұмыс істейтін қызметкерлерге ерекше назар аударуға, олардың өз міндеттерін сапалы орындауларына қол жеткізуге еріксіз итермелейді. Клиенттерге қызмет көрсетуді жетілдірудің жекелеген бағыттарын бөліп көрсету көзделеді. Оларға мыналар жатады:



  1. Банкте ақыл-кеңестер беретін және сұрақтарға жауап қайтаратын жауапты қызметкерлерді тағайындау.

  2. Банктің ірі филиалдарына қаржы мен несие, инвестициялар мен сақтандыру аясындағы проблемаларды шешу үшін қаржы кеңесшілерін тағайындау.

  3. Клиенттердің банкке өтініш жасауы және пәтерлерден тікелей операциялар жүргізу үшін жағдайлар туғызу.

  4. Банктің клиенттермен іскерлік қатынастар этикасын енгізу.

  5. Қажеттіліктердің кең ауқымды спектрін қанағаттандыруға арналған, бірсыпыра инновациялық депозиттік және несие бағдарлармаларын енгізу.

  6. Несие беру туралы шешім қабылданғанға дейін клиенттің төлем қабілеттілігін тексеру.

  7. Менеджмент саласында көмек көрсететін бизнес-орталықтар құру.

  8. Жер-жерде клиенттерден қаржыларды басқару жүйесін құру, операцияларға күнделікті бақылауды жүзеге асыру.

Маркетинг қызметінің нарықтағы табысы көп дәрежеде ахуалды жүйелі түрде ой елегінен өтізуге, банктің жұмысын ұтымды үйлестіруге, мақсаттар мен міндеттерді алдыға дәл қоя білуге мүмкіндік беретін стратегиялық жоспарлау сапасымен айқындалады.
Маркетинг стратегиясы кез келген банк үшін стратегиялық жоспарлаудың құрамды элементтерінің бірі болып саналады. Стратегиялық міндеттерді айқындап алғаннан кейін, банктің ағымдағы жағдайдан алдыға қойған мақсаттарға жету бағытын қалыптастыруы көзделеді. Банк басқармасының қарауына және бекітуіне ұсынылатын баяндама дайындалады.
Алдыға қойылған міндеттерді орындауды қамтамасыз ету үшін ресурстарды бөлуі жүзеге асырылады: бөлінетін инвестициялардың мөлшері, технологиялық қамтамасыз ету, жұмыскерлердің саны анықталады. Банктің әрбір бөлімшелері бойынша бекітілген стратегиялардың осы көрсеткіштері негізінде жұмыс жоспарлары жасалады.
Жүзеге асырылатын маркетинг стратегиясының табысты болуы төмендегідей бірқатар факторларға қатысты болады:
1. Банктің ұйымдық құрылымында банк бизнесі мен маркетингтің жаңа фирмаларын әзірлеумен айналысатын стратегиялық дамуының арнайы топтарын құру.
2. Стратегиялық жобаларды орындайтын жұмыскерлерді ынталандырудың арнайы жүйесін ұйымдастыру.
3.Стратегиялық жоспарлау міндеттерінің басымдығына банк басшылылығының қызығушылық таныту деңгейі.
4. Барлық жауапты тұлғалардың стратегиялық жоспарлы бағдарламаларды жүзеге асыру барысы туралы ақпараттар жүйесін ұйымдастыру.
5. бақылаудың айқын жүйесін ұйымдастыру. Мақсат жолында табысқа жету немесе сәтсіздікке кезігу жоспарды орындау барысында дәйекті бақылау жүйесінің қажеттігін туғызады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет