Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивидендті төлегеннен кейін және резервтік қорға бөлулерлен кейін қалған банк пайдасының бір бөлігі.
Валюталық нарық - бұл шетел валюталары мен шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және сатып алу операциялары жүзеге асырылатын арнайы орталық.
Валюталық интервенция – ұлттық валюталық бағамына әсер ету мақсатында орталық банктің шетел валютасын сату және сатып алу жолымен валюталық нарықтағы операцияларға араласуы.
Валюта – бұ біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша бірліктері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері мен төлем құралы.
Валюталық бағам – бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы.
Валюталық паритет – валюталық бағамның негізі болып табылатын заңды тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындағы шекті қатынасы.
Валюталық саясат – бұл елдің ағымдық және стратегиялық мақсатына сәйкес, халықаралық валюталық және басқа экономикалық қатынастар аумағында жүзеге асырылатын шаралар жиынтығы.
Валюталық реттеу – нормативтік құқықтық актілерді жасау және бекіту, ақпараттар жинау, валюталық заңдылықтардың орындалуына бақылау жасау, заңмен көзделген санкцияларды қолдану шаралары.
Дивиденд– акционерлерге қолында бар акцияларының құндылықтарына қарай жыл сайын төлеп отыратын және акционерлер арасында бөлінетін акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігі.
Дисконт – қор биржасында сатылатын бағалы қағаздардың бағасы мен оның ағымдағы биржалық бағамының арасындағы айырма.
Депозит – бұл клиенттердің (жеке және зхаңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің қарыз түрінде немесе өз меншікті қаражаттарын сату жолымен тарататын қаражаттары.
Домицилиант– векселде көрсетілген төлемді жүзеге асыратын, векселде делдал ретінде қатысатын банк.
Депозиттік сертификат – бұл салым иесіне белгілі бір мерзім өткен соң тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражаттарының барлығын куәләндыратын эмитент банктің жазбаша куәлігі.
Достарыңызбен бөлісу: |