Дәріс конспектісі пән атауы: Банк ісі



бет38/43
Дата29.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479212
түріКонспект
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Конспект лекций дисциплины Банк ісі каз

Бақылау сұрақтары:

  1. Банктік маркетинг немен сипатталады?

  2. Банктік маркетинг қандай қағидалармен сипатталады?

  3. Банктік маркетингті дамыту бағыттары



Әдебиеттер: Н:1-5 .Қ: 1-6
Тақырып 15.Валюта жүйесі және валюталық қатынастар түсінігі. Халықаралық валюталық-несиелік институттар.
Мақсаты: Валюта жүйесі және валюталық қатынастарды қарастыру.
Жоспар:

  1. Валюта жүйесінің мәні

  2. Валюталық қатынастар түсінігі.

  3. Халықаралық валюталық-несиелік институттар.

Халықаралық валюталық қатынастар - бұл ұлттық шаруашылық қызметтерінің нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.


Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері - вексель ісі түрінде Ертедегі Грецияда пайда болған. Олардың келесі даму кезеңдері Лиондағы "вексель жәрмеңкелері" мен басқа да Орта ғасырлық Еуропадағы сауда орталықтары болды, онда есеп айырысулар вексель арқылы жүргізілді. Халықаралық қатынастардың одан әрі дамуы өндіргіш күштерінің өсуімен, дүниежүзілік нарықтардың құрылуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен байланысты болды.
Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларынақатысты халықаралық экономикалық қатынастарға делдал болады.
Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.
Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда - бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда - белгілі бір қоғамдық-экономи-калык формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы.
Тарихта мынадай валюталық жүйенің типтері қалыптасқан: ұлттық, дүниежүзілік, аймақтық.
Басында елдегі ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурстарды қалыптастыруға және пайдалануға, халықаралық айналымды жүзеге асыруға көмектесетін валюталық-экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде ұлттық жүйе пайда болды. Ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда -бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан және халықаралық құқық нормаларын ескере отырып ұлттық заңдылықтармен бекітілген, елдегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы. Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі бола отырып, өзінше дербес және ұлттық шекарадан шыға алады. Ұлттық валюталық жүйенің ерекшелігі ел экономикасындағы сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесімен анықталады.
Ұлттық валюталық жүйе мен дүниежүзілік шаруашылықтың даму негізінде қалыптасқан және мемлекетаралық келісімшарттармен бекітілген халықаралық валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы - дүниежүзілік валюталық жүйеөзара ажырамастай байланысты. Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелердің мұндай байланыстылығы олардың біртұтас екендігін білдірмейді, себебі олардың міндеттері, қызмет етуі және реттеу шарттары, жекелеген елдер экономикасын және дүниежүзілік шаруашылыққа ықпал етуі әр түрлі болып келеді. Дүниежүзілік валюталық жүйені ұлттық жүйемен байланыстыратын, яғни валюталық қатынастарға қызмет көрсететін және реттейтін, мемлекетаралық валюталық реттеулерде - және валюталық саясатты шоғырландыруда негіз болатын ұлттық банктер болып табылады.
Дүниежүзілік валюталық жүйені мемлекеттік-құқықтық ұйымдастыру формасы жетекші елдердің мүдделігімен және дүниежүзілік аренадағы күштердін орналастырылуымен, өндірістің және дуниежүзілік сауданың дамуымен анықталады.
Егер ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға - елдің ақша бірлігіне негізделген болса, ал дүниежүзілік валюталық жүйе - бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептесу бірліктеріне негізделеді.
Резервтік валюта - халықаралық төлем және резерв құралы функциясын орындайтын, басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтауға базалық кызмет ететін, валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын алдыңғы қатарлы елдердің айырбасталған ұлттық валюталарының ерекше категориясы.
Резервтік валюта мәртебесін алудағы алғышарттар:
- дүниежүзілік өндірісте, тауарлар мен капитал экспорттарында елдердің билік ету позициясы;
- жоғары тиімді байланыс жүйесі бар несиелікбанктік мекемелердің дамыған торабы;
- басқа еддерде оған деген сұранысты қамтамасыз ететін, халықаралық айналымдағы валютаның еркін айналымдығы және валюталық шектеудің болмауы.
Резервтік валюта мәртебесі эмитент-елдің экономикасына белгілі бір міндеттемелерді жүктейді: осы валютаның тұрақтылығын қолдап отыру қажеттігі, сауда және валюталық шектеулердің болмауы, девальвация жүргізбеу. Сонымен қатар, ұлттық валютаны резервтік дәрежеге көтеру ұлттық шаруашылық үшін төлем балансының тапшылығын ұлттық валютамен автоматты түрде пайызсыз және мерзімсіз халықаралық несие алу жолымен жабу мүмкіндіктері түрінде бірқатар артықшылықтар береді.
Халықаралық есептік ақша бірлігі- валюталық паритет пен валюталық бағамды белгілеу, халықаралық талаптар мен міндеттемелерді өлшеу үшін шартты бірлік ретінде пайдаланылатын валюталық бірлік. Қазіргі уақытта халықаралық -жономикалық қатынастарға
Валюталық "қоржын" 1973 жылы наурыз айынан бастап өзгермелі бағам режимін енгізумен байланысты банктерді және халықаралық валюталы-несиелік ұйымдарда қолданылады. Осы топтағы валюталар саны, олардың құрамы және валюталық компоненттердің мөлшері орташа өлшемді бағам мақсатына байланысты белгіленеді.
Валюталардың орташа өлшемді құны, топқа кіретін валюталардың АҚШ долларына қатысты нарықтық құнының сомасында есептеледі. СДР халықаралық есептесу бірлігінің негізін құрған валюталық "қоржын" бес валютадан тұрады (1.01.1991 ж. жағдай бойынша); АҚШ доллары - 40%, неміс маркасы - 21%, жапон йені - 17%, француз франкі - 11%, фунт стерлинг 11%.
Елдің экономикалық және валюталық жағдайларына байланысты анықталатын валюталардыц конверсиялау дәрежесі валюталық жүйенің келесі бір элементін сипаттайды. Басқа да ұлттық валюталарға еркін айырбасталатын, ақша бірліктері ретінде еркін конверсияланатын валюталар болады. 1978 жылдан бастап халықаралық валюталық қорлар мынадай ұғымдарды енгізген болатын:
- "еркін пайдаланылатын валюта", яғни халықаралық есеп айырысуларда және валюталық нарықтардың негізгі операцияларында кеңінен қолданылатын;
- валюталық шектеулері бар, жартылай конверсияланған елдердің валюталары;
- валюталар айырбасына тыйым салынған, елдердің конверсияланбайтын валюталары.
Валюталық паритет - бұл валюталық бағамның негізі болып табылатын және занды турде бекітілетін екі валюта арасындағы шекті қатынасты біддіреді. ХВҚ Жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізінде белгіленеді.
Ұлттық валюталық жүйенің шегіңде ХВҚ арқылы мемлекетаралық реттеу объектісі болып саналатын валютамен жасалатын операцияларға шек қою, яғни валюталық шектеу енгізілуде.
Халықаралық ақшалай талаптар мен міндеттемелерді мемлекеттік реттеумен байланысты бейнелейтін және жекелеген елдің немесе барлық елдердің төлем қабілетін сипаттайтын - халықаралық өтімділік валюталық жүйенің элементі болып табылады. Халықаралық валюта өтімділігінің құрылымына шетел валютасы, алтын, Халықаралық валюталық қатынастағы резервтік позиция, СДР және ЭКЮ-дағы шоттар кіреді.
Халықаралық несиелік құралдарды пайдалану ережелерінің регламенттелуі және халықаралық есеп айырысулар жүйелік халықаралық нормаларға (Женева вексельдік және чектік конвенция, 1930ж.) сәйкес жүзеге асырылады.
Валюталық жүйенің институтционалдық құрылымы ұлттық және мемлекетаралық деңгейлерде реттеледі.
Аймақтық валюталық жүйелердің пайда болуының себептерінің біріне, жаңа валюталық орталықты құру және оны дүниежүзілік валюталық жүйе аумағына қосу жатады. Аймақтық валюталық жүйе - валюталық бағамдардың ауытқуын азайту және интеграциялық процессті ынталандыру мақсатында бірлестікке мүше елдердің валюталық қатынастарын мемлекеттік-құқтық ұйымдастыру формасының және экономикалық интеграция шегінде валюталардың қызмет етуімен байланысты қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады (Еуропалық валюталық жүйе,1979 ж. наурыз).
Ваюталық жүйенің даму кезендері өндірістің, дүниежүзілік нарықтың, халықаралық еңбек бөлінісінің, дүниежүзілік Шаруашьшықтың дамуымен байланысты болып келеді.
Бірінші дүниежүзілік валюталық жүйе өнеркәсіптік революциядан кейін алтын монометаллизмі базасында алтын монета стандарты формасында қалыптасты. 1867 ж. Париж келісімі алтынды дүниежүзілік ақшалардың жалғыз формасы ретінде мойындады. Ұлттық және дүниежүзілік валюта және ақша жүйелері біріктірілген болатын, себебі ақша дүниежүзілік нарықта төлемге массасы (салмағы) бойынша қабылданды. Алтын стандарты өндірісті, сыртқы экономикалық байланыстарды, ақша айналыс, халықаралық есеп айырысуларды реттеуші ретінде белгілі бір роль атқарды.
Кейіннен классикалық алтын монета стандарты өзін түсіріп алды, себебі, ол дүниежүзілік шаруашылықтың шаруашьшық байланыстарына сәйкес келмеді. 1914 ж. валютақызмет ету үшін қажетті дүниежүзілік несиелік ақша типтері ретінде СДР (арнайы қарыз алу құқығы) және ЭКЮ (еуропа валюта бірлігі) қызмет етеді. Бұл халықаралық активтер қолма-қолсыз халықаралық есеп айырысуларда елдердің арнайы шоттарына жазбаша жазу жолымен: СДР - Халықаралық валюталық қорда, ЭКЮ -Еуропалық қауымдастыққа ынтымақтастық валюталық Еуропалық қорында пайдаланылады. Олардың шартты құны валюталық "қоржынға" кіретін валюталардың орташа өлшемді құнын Және бағамдарын өлшеу негізінде есептеледі.
Толық шектеу енгізілді. Бірінші дуниежүзілік соғыс тұсында пайда болған валюталық былықтан соң, алтын және жетекші валюталарға негізделген мемлекетаралық алтын девиз стан-дарты құрылды.
Екінші дүниежүзілік валюталық жүйе1922 ж. Генуэз конференциясындағы мемлекетаралық келісіммен құрылды. 30 елдің ақша жүйесі алтын девиз стандарты базасында қызмет етті. Ол кезеңдерде резервтік валюта мәртебесі ресми түрде бір валютаға бекітілмеді, бірақ та фунт стерлинг пен АҚШ доллары жетекшілік танытты.
Үшінші дуниежүзілік валюталық жүйе1994 ж. Бреттон-Вудстағы (АҚШ) валюта-қаржы конференциясында рәсімделді. Қатысушылары 44 ел болды, ХВҚ Жарғысы бекітіліп, онда дүниежузілік валюталық жуйенің мынадай қағидалары анықталды;
- алтынға және екі резервтік валютаға (АҚШ доллары және фунт стерлингке) негізделген мемлекетаралық алтын девиздік стандарттың жүйесі белгілеңді. Бұл жерде алтын девиз стандарты халықаралық қатынастарда сақталып, ал ақша жүйесі айырбасталмайтын несиелік ақшаларға негізделді.
Бреттон-Вудс келісімі бойынша алтынды пайдаланудың төрт негізгі формасы қарастырылды: валюталардың алтындық паритеті және олардың Халықаралық валюталық қорда есепке алынуы, халықаралық есеп айырысулардың қалдығын жабатын ақырғы құрал және халықаралық валюта өтімділігінің компоненті. АҚШ долларын алтынға теңестіру және оны шетелдік орталық банктерде 31,10352 г (1934 ж.) тең 1 тройцк унциясы үшін 35 доллар ресми бағада айрбастау жүзеге асырылып, іс жүзінде долларлық стандарт орын алды;
- валюталық саясат және валюталық шектеу халықаралық келісім-шарттарға бағынды;
- валюталық паритеттер алтынмен немесе АҚШ долларымен бейнеленді, паритетті өзгерту тек қана Халықаралық валюталық қордың рұқсатымен іске асты;
- валюталық бағамдардың режимі белгіленді (±0,75% -паритеттен ауытқуға болады).
60-жылдардың аяғынан бастап, үшінші дүниежүзілік валюталық жүйе құлдырады.
Төртінші дүниежүзілік валюталық жүйеніңқағидалары Кингстонда (Ямайка) 1976-1978 жж. ХВҚ-ға мүше елдердің келісімімен рәсімделді. Онда Халықаралық валюталық қор Жарғысына түзетулер енгізілді. Ямайка валюталық жүйесінің негізгі қағидасы мыналар:
- СДР стандарты енгізілді, бірақ іс жүзінде долларлық стандарт сақталды, себебі доллар СДР жүйесіндегі есеп айырысуларды көбірек пайдаланды (валюталық «қоржындағы» доллардың үлесі - 40%, ресми ва-люталық резервтерде - 60%-ға жуық). Бірақ Халықаралық валюталық қорға мүше елдерге валюталық паритеттерін кез келген валютада белгілеуге құқық берілді, соның негінде көп валюталы стандартқа өту заңдастырылды;
- алтынды демонетизациялауға заңды түрде тыйым салынды: ресми баға, алтындық паритет алынып тасталып, доллардың алтынға айырбасталуы тоқтатылды;
- валюталық бағамдар режимін таңдауға құқық берілді (1973 ж. 6 наурыздан бастап өзгермелі бағамдар жүйесі енгізілді);
- ХВҚ арқылы мемлекетаралық реттеу күшейді. Сонымен дүниежүзілік валюталық жүйенің дагдарысқа
ұшырауы ескі жүйені құлатуға және оны жаңамен ауыстыруға әкелді. Жаңа валюталық жүйені құруда үш кезенді бөліп қарауға болады: 1) жаңа валюталық жүйені құру, алғышарттарын қалыптастыру, қағидаларын анықтау; 2) құрылымдық біртұтастығын қалыптастыру, құруды аяқтау, жаңа жүйенің қағидаларын біртіндеп іске қосу; 3) біртұтас және лементтері өзара байланысқан толыққанды қызмет ететін дамыған дүниежүзілік валюталық жүйені құру.
Ямайка валюталық жүйесіне қарсы Еуропалық экономикалық қауымдастық елдері 1979 жылы наурызда валюталар бағамын тұрақтандыру және инфляция деңгейін қысқарту жолымен Еуропадағы экономиканың өсуін қолдау мақсатында Еуропалық валюталық жүйесінқұрды. Бұл жүйе НВЖ мүше елдердің валюталық бағамдарының айырмасын бағалауға арналған ЭКЮ еуропа валюта бірлігіне негізделді. ЭКЮ-дің нарықтық құнының есебі 2-кестеде берілген.
Еуропалық валюталық жуйе мүше елдердің ресми алтын-доллар резервтерінің 20% біріктіре отырып, алтыңды ЭКЮ-ді жартылай қамтамасыз ету үшін пайдаланады. Валюталық бағамдардың режимдері байынша мүмкін болар қатынастар валюталардың бірлесіп өзгеруі негінде өзара ауытқу шегінде белгіленген, жаңа мүшелер үшін ±6% және басқа жағдай-ларда ± 2,25%. Еуропаның Орталық банктері белгіленген ауытқулар шегінде интервенция жүргізеді. 1987 жылдан бастап маргинальды және интермаргинальды интервенциялық стратегия жүргізілуде, маргиналдық интервенцияның шектері диаграммада көрсетілген.
Еуропаның экономикалық жүйелері мен монетарлы саясатының жақыңдасуы, экономикалық билікті көпұлтты институттарға беруі, ЕВО шеңберінде келісімшарттарды реттеу және жүйелеңдіру барысы 1988 жылы Еуропалық валюталық жүйесін құрудың алғышарттары болып табылды.
Одақты құрудың мақсаты - ЕО шегінде тауарлар, көрсетілген қызметтер мен капиталдардың еркін қозғалысы; ақша саясатына, интервенцияның шекарасын. қалпына келтіруге, валюталар арасында тұрақты өзара қатынас белгілеу, капиталдар нарығын ырықтандыруға қатысты бірігіп шешімдер қабылдау.
ЕВО 12 елінің мемлекеттерінің басшылары Еуропалық одақ жөнінде жоба дайындап, оған 1992 жылы 7 ақпанда қол қойылды және оны Маастрихт келісімшарты деп атады. Келісімшартта болашақ экономикалық және ақшалай одаққа қатысты ережелер жинағы жасалып және бұрынғы ЕО келісім-шарттарына толықтырулар мен түзетулер енгізілді.
Келісімшартта мемлекеттердің Еуропалық валюта одағына кіру критерийлері анықталды:
- инфляция деңгейі үш тұрақты қатысушы елдің орташа инфляция деңгейінің 1,5%-нан аспауы тиіс;
- бюджет тапшылығы да өте өлшеусіз болмауы керек;
- ЕВО-ға мүше болган екі жыл ішінде валюта қысымға және девальвациялануға ұшырамауы тиіс,
- ұзақ мерзімді пайыз мөлшерлемесі үш тұрақты елдің орташа деңгейінің 2%-нан аспауға тиіс.
Сонымен қатар, қатысушы елдердің ақша саясатын анықтайтын, оның шарттарын жасайтын, валюталық операцияларды жүзеге асыратын және валюталық резервтерді қолдап отыратын, Еуропалық Орталық банк пен қатысушы елдердің орталық банктерін қамтитын орталық банктердің жүйесі құрылды.
Қазақстан Республикасы Халықаралық валюталық қорға мүше бола отырып, дүниежүзілік валюталық жүйелердің бірден-бір қатысушысы болып саналады.
1944 жылы Бреттон-Вудс қаласында (АҚШ) халықаралық қаржы конференциясы өткен болатын, осы конференцияда Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) құру туралы шешім қабылданды. Алғашында мүшелерінің саны 35 мемлекет болса, 1993 жылы олардың саны 174-ке дейін өсті. Қазақстан Республикасы да осы Халықаралық валюталық қордың мүшесі болып табылады.
ХВҚ-ға кіргенде, әрбір мемлекет квота (жазылу бойынша салым), мүшелік жарна сияқты белгілі бір ақша сомасын қосады. Қор капиталына мүше-елдердің жарнасы екі бөліктен: 1) сол елдің квотасының 25% сомасы көлемінде немесе оның алтын мен доллар запастарының 10% сомасы көлеміндегі алтын түрінде; 2) квотаның қалған көлемі ұлттық валюта түріндегі жарнадан тұрады.
Квотаның маңызы әр түрлі болып келеді. Біріншіден, олар біріккен ақшалай запастарын құрайды, ХВҚ оларды қаржылық қиыншылықтарға түскен өз мүшелеріне займдар беру үшін пайдаланады. Екіншіден, олардың негізінде, жарна төлеген мүшесі ХВҚ-дан қарызға алатын немесе СДР деп аталатын арнайы активтерді кезеңдік қайта бөлуде алатын соманың мөлшері анықталады. Жарна үлкейген сайын, мүше-елдің керек жағдайында алатын несиесінің көлемі де үлкен болады. Үшіншіден, олар әрбір мүшенің дауыс салмағын анықтайды. Ел бай болған сайын, оның квотасы солғұрлымүлкен болады. Квота келемі ел экономикасының жұмыс істеуін және әл-аукаттылығын талдау негізінде белгіленеді. Әрбір бес жыл сайын квотаның мөлшері қайта қаралып тұрады әрі ХВҚ қажеттілігіне және елдің экономикалық өсіп-өркендеуіне байланысты көбейтілуі немесе азайтылуы мүмкін. 1945 ж. ХВҚ-ның 35 мүшесі 7,6 млрд. $ төлеген,1992 ж. ХВҚ-ның156 мүшесі 130 млрд. $-ға жуық және1993 ж.174 ел - 140 млрд. $ төлеген.
ХВҚ саясатын анықтауға керекті дауыс санының көп бөлігін, көп ақша қосқан елдер алады. ХВҚ-дағы басшылық орынды АҚШ алады, оған барлық дауыстың 17%-ы келеді. Екінші орында Жапония-7%, әрі қарай - Германия, Франция, Ұлыбритания - 5-6%.
ХВҚ-ның жоғарғы директивті органы - губернаторлар кеңесі, мұнда әрбір мемлекет губернатор (әдетте қаржы министрі немесе орталық банк төрағасы) және балама губернаторлардан тұрады. Себебі, губернаторлар сияқты олардың орынбасарлары қаржы министрлері немесе орталық банк басшылары болғандықтан, олар өздерінің үкіметтері атынан шығуға уәкілдіктері бар. Губернатор кеңесі жылына бір рет ғана жиналады. Оның қызметтеріне мыналар жатады:
- халықаралық валюталық ұсыныстарды әзірлеу;
- экономканы қайта құру жөнінде өте кедей елдерге кеңес беру, шаралар әзірлеу;
- жаңа мүшелерді қабылдау, квоталарды өзгерту, ХВҚ-ға мүше-елдерді тексеру.
Қалған уақытта губернаторлар, штаб-пәтері Вашингтонда (АҚШ) орналасқан атқарушы кеңесті құрайтын өкілдері арқылы,: ХВҚ-ның күнделікті іс-әрекеті бойынша өздерінің үкіметтерінің тілектерін айтады. Жиырма төрт атқарушы директор, ресми отырыстарда, аптасына үш рет кездеседі, губернаторлар кеңесі арқылы мүше-елдердің үкіметтерімен белгіленген шаралардың жүзеге асырылуын бақылайды. Қазіргі уақыттағы жеті атқарушы директор мына елдердің өкілдері: Ұлыбритания, Германия, Қытай, Сауд Арабиясы, Құрама Штаттар, Франция және Жапония. Қалған елдер топтасып,19 мүше-ел ішінен бір атқарушы директорды сайлайды. Олардың үлесіне 17 директор келеді.
Атқарушы кеңестің шешімді қабылдауы мына баптарға негізделеді:
- займ тек қана мүше-елдің экономикалық өсуіне көмектесетін өнімді мақсаттарға беріледі;
- займ сәйкес үкіметтермен кепілдендірілуі тиіс;
- займ беру шешімі экономикалық себептерге негізделуі тиіс.
ХВҚ-ның қызметкерлері 2 мыңға жуық адамнан тұрады және директор-басқарушымен басқарылады, ол сонымен қатар, атқарушы кеңестің басшысы болады, оны кеңес сайлайды. Дәстүр бойынша директор-басқарушы - еуропалық немесе ары кеткенде американдық емес болып келеді. 100-ге жуық елдің қызметшілерінің интернационалдық құрамы, негізінен экономистерден тұрады, сонымен қатар, онда статистер, ғылыми жұмыскерлер, мемлекеттік қаржы және салық салу бойынша сарапшылар бар. Жұмысқа қабылдау конкурс негізінде жүргізіледі. Негізгі қызметкерлер ХВҚ-ның Вашингтондағы штаб-пәтерінде орналасқан, бірақ шағын бөлігі Париждегі, Женевадағы және Нью-Йорктағы БҰҰ-ның жекелеген бөлімшелерінде немесе ХВҚ-ңың мүшесі болып табылатын елдерде қызмет көрсетеді.
ХВҚ-ның мүшесі болып кірген ел: өз ақшасының басқа елдер ақшаларына қатысты құнын анықтау бойынша жасайтын қадамдары туралы басқа елдерді хабардар етуге, ұлттық ақшаларды шетел ақшаларына айырбастауды шектеуден бас тартуға және осындай экономикалық саясатты бағыт етіп ұстануға міндеттенеді, себебі мұндай саясат тәртіптелген және конструктивті түрде оның ұлттық байлығымен қатар, жалпы бүкіл қоғамның өсуіне алып келеді. Мүшелер осы тәртіп нормаларымен жүруді өзіне міндетті ғып санайды.
Алғашқыда ХВҚ-ды құрған кезде оның мақсаты ретінде: оған муше-елдердің төлем баланстары мен валюталық бағамдарын жүзеге асыру, оның жағдайына бақылау жасау мәселелері қойылған болатын. Бұл ХВҚ-қа мүше-елдердің өз валютасының паритетін алтынмен немесе АҚШ долларыменқоюға және Қордың рұқсатынсыз оны 10%-дан астам мөлшерге өзгертпеуге, ал ағымдағы операциялар жүргізгенде бұл паритет мөлшері төмен немесе жоғарыға 1-1,5%-дан астамнан артық ауытқымауға келісім бергендерімен байлаиыстыболып отыр.
Қазіргі уақытта, Бреттон-Вудс ыдырағаннан соң, яғни Валюталық бағамдар енді ХВҚ-мен шектелмейді, мүше-елдердің төлем баланстарының жағдайын бақылау және олардың теңестірілуі үшін жағдай жасау, сонымен қатар қажетті жағдайда қысқа мерзімді несиелерді беру, берілген халықаралық ұйымның іс-әрекетінің негізгі бағыттары болып табылады. ХВҚ-қа мүше-елдердің көбі өздерінің баланстарын бір ретке келтірудегі қиындықтарға үнемі жолығып отыруына байланысты, ХВҚ несие беруді барынша көбейтуге, диверсификациялауға тырысады.
ХВҚ несиелері ақылы және шартты болып табылады. Төлем баланстарының қысқа мерзімді тапшылығын жою мақсатына арналған несиелердің ең кең тараған түрі резервтік несиелер (стенд-бай) болып саналады. ХВҚ сонымен қатар басқа да несиелер түрін: мерзімі ұзартылған, оңай қолжеткізуге болатын, құрылымдық адаптациялар мақсатына, күтпеген оқиғалардан болған зияндарды компенсациялауға байланысты ұсынады. Несиенің жалғыз "шартсыз" түрі,яғниХВҚ-ға мүше-ел автоматты түрде алатын, несиелік үлес шеңберіндегі несие (транши) болып табылады. Бірақ несиенің үлесі өте аз.
ХВҚ-ға мүше-елдер, сонымен қатар, СДР жүйесінің қатысушысы болып табылады және бұл валюталық бірлікте несиелер ала алады. СДР ХВҚ қатысушысының ағымдағы шотындағы жазу түрінде болғанымен, бірақ оларды кез келген ұлттық валютаға айырбастауға болады. ХВҚ қатысушыларының қаншалықты тырысқанымен СДР «әлем валютасы» бола алмады. Қарыз алудың арнайы құқықтары халықаралық валюталық резервтердің 5-6%-ын құрайды. Бүгінгі таңда 30 млрд.$ құнына тең 21,4 млрд. СДР бар.
Әрбір мүшенің ХВҚ-дан квота бойынша жазылған сомадан бірнеше есе көп сомада несие алу құқығы болғандықтан да несиелік ресурстарға деген сұраныстың өсу кезеңінде квоталар өздерінің мүшелерін қолма-қол қаражаттарға деген талаптарын қамтамасыз ете алмайды. Осындай жағдайға байланысты ХВҚ 1962 жылдан бастап, әлемдегі үкіметтер және банктермен бірге несиелік желісін ашқан (қазіргі кезде 25 млрд. $-ға жуық сомаға). Бұл қарыз алу туралы жалпы жағдайлары деп аталған несиелік желі әрбір 5 жыл сайын жаңартылып отырады. ХВҚ осы жағдайларға сәйкес алынған несиелер бойынша пайыздар төлейді және займдарды 5 жылдан кейін өтеуге міндеттенеді. Алайда мұндай займдарды жүзеге асыру бойынша ХВҚ-ның құқықтары квоталардың жалпы көлемінің 60%-дай мөлшерімен шектелген.
Халықаралық валюталық жүйені бақылау және өздерінің мүшелерін қаржылық қолдаудан басқа, ХВҚ, Вашингтондағы оқу институты-ЭДИ (экономикалық даму институты) арқылы да көмектеседі, мұнда техникалық және білім беру арналары арқылы ХВҚ-нын мүше елдері нарықтық экономиканың қалыпты қызмет етуіне қажетті институттар құру үшін ұсыныстар мен кеңестер алады.
90-жылдардың басында өзінің әдеттегі іс-әрекетімен қатар ХВҚ, орталықтандырылған жоспарлау экономикасынан нарыққа өту қиындықтарын кешіп отырған, Шығыс Еуропа елдеріне, бұрынғы КСРО республикаларына көмек көрсету үшін ірі компаниясын ұйымдастырды. ХВҚ, оларды тек ақшамен ғана қамтамасыз етпейді (бұл елдерге 24 млрд. долларды 7,5% жылдық пайыз мөлшерінде алуға рұқсат етілген), сонымен қатар, еркін кәсіпкерлік жүйесі онсыз қызмет істеуі мүмкін емес тарифтік режимдер, валюталар конвертациялануы, салық салу жүйесі, орталық банктер сияқты экономикалық және басқа да каржылық кұрылымдарды құру кезінде эксперттік баға береді. ХВҚ-ның елдерге беретін көмегі негізгі үш формада жүргізіледі:
1. Экономикалық саясаттың әр түрлі аспектілері бойынша ХВҚ қызметкерлері кеңестерді жиі береді және ұсыныстар жасайды, кейіннен ХВҚ-ның атқарушы кеңесінің отырыстарында бұл елдердің дамуының қорытындыларын талқылайды.
2. ХВҚ төлем балансының мәселелерін ретке келтіруге бағытталған көмек көрсетеді. Мұндай көмек ақшалай резервтердің көбеюіне алып келетін және бұл мемлекеттерге өздеріне қажетті импортты төлеуге мүмкіндік беретін өте ұқыпты дайындалған экономикалық бағдарламалар шеңберінде ұсынылады. Сонымен қатар, реформалардың үкіметтік бағдарламасын ХВҚ-ның қолдауы, басқа да ресми инстанциялармен немесе коммерциялық мекемелермен қосымша қаржылық көмек беруінде катализатор рөлін атқарады.
3. ХВҚ бұл елдерге техникалық көмек береді және кадрларды оқытады.
ХВҚ-ның сарапшыларының ұсынған, ұлттық экономиканы басқарудың негізгі әдістері.
Дүниежүзілік Банк.Бреттон-Вудскінің институттар деген атпен жалпыға танымал Дүниежүзілік банкі мен Халықаралық валюталық қор (ХВҚ), әлемдік экономикалық және қаржылық тәртіптің бүкіл құрылымын қолдайтын, қос үкіметаралық тірек болып табылады. Екеуінің бір болуы кездейсоқтық емес. Халықаралық ынтымақтастық саналы түрде, бұл екі ұйымды құруда еңбек бөлінісін жүзеге асыруға тырысты. Бір қарағанда ХВҚ мен Дүниежүзілік банктің көптеген ұқсастық белгілері бар. Бұл екі ұйым да қазіргі кезде олардың мүшелері болып табылатын 180 мемлекеттің үкіметтері арқылы басқарылады. Екі институт та экономикалық мәселелермен шұғылданады және олардың мүшесі болып табылатын елдің экономикасының кеңеюіне және нығаюына өз күштерін шоғырландырады. Екі мекеменің де штаб-пәтері Вашингтонда. Ұзақ жылдар бойы олар бір ғимарат ішінде орналасқан болатын, қазірдің өзінде, бір көшенің қарама-қарсы жақтарында болса да, кітапханалары және басқа да қызметтері ортақ, экономикалық мәліметтерімен жиі алмасып отырады, кейде бірлескен семинарлар мен кеңесулер өткізеді, жұмысшылар кездесулерін ұйымдастырады. Банк мүшелері міндетті түрде ХВҚ мүшесі болуы керек.
Осыған қарамастан, Дүниежүзілік банк және ХВҚ прициптік айырмашылықтарға ие. Ол мынадан шығады: Дүниежүзілік банк даму мәселелерімен айналысатын негізгі институт болып табылады, ал ХВҚ - бұл қарым-қатынас орнатушы институт, ол елдер арасындағы төлемдер мен ақшалай түсімдердің тәртіптенген жүйесін құруға тырысады. Бұл ұйымдардың мақсаты, қаржыландыру кездері әр түрлі және өзіндік мақсаттарына өздеріне тән әдістермен жетуге тырысады.
Бреттон-Вудскідегі келісімде халықаралық қауымдастық өзінің ресми атуы - Халықаралық қайта құру және даму банкісінде (ХВҚДБ) қарастырылған дүниежүзілік банк үшін мәселелер шеңберін орындайды. Осыған сәйкес оның негізгі міндеті - экономикалық дамуды қаржыландыру, яғни екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қираған елдерді қалпына келтіруге көмектесу, сонымен қатар қаржылық көмек көрсету және халықаралық сауда мен төлем баланстарын теңдестіруге ықпал ету.
Дүниежүзілік банк өзінің жұмысын 1946 жылдан бастады. Алғашқы несиелері Батыс Еуропа елдерінің соғыстан қираған экономикасын қалпына келтіруді қаржыландыру үшін берілген болатын. 1960 жылдан бастап ол дамушы елдерге өздерінің несиелерімен көмектесті, сөйтіп олардағы экономикалық және әлеуметтік прогрессті қалыптастырды.
Дүниежүзілік банкті құру туралы ұсыныс АҚШ тарапынан болған, олар бірінші кезекте өздерінің соғыс кезінде жоғары өсіп кеткен өндірістік қуаттарын пайдалану үшін экспортты қаржыландыруға мүдделі болды. Сол уақытта халықаралық ұйым көмегімен капитал салымшыларының тәуекелін қалпына келтіру мақсаты көзделді.
Дүниежүзілік банк екі үлкен ұйымнан тұрады - Халықаралық қайта құру және даму банкісі (ХҚДБ) және Халықаралық даму Ассоциациясы (ХДА). Сонымен қатар, банкінің құрамына мынадай ұйымдар да кіреді: дамуншы елдардің жеке меншік кәсіпорындарын қаржыландыруға бағытталған Халықаралық қаржылық корпорациясы; Инвестициялық дауларды реттеу бойынша Халықаралық орталық; Инвестициялар кепілдемесінің көпжақты агенттігі.
Дуниежүзілік банкте 6000-нан астам арнайы адам қызмет істейді және әлемде оның 40 бөлімшесі бар, оның қызметкерлерінің 95%-ға жуығы Вашингтондағы штаб-пәтерінде жұмыс жасайды. Олардың арасында экономистер, заңгерлер, инженерлер, агрономдар, телекоммуникация, су жүйесінің, тасымалдау, білім және т.б. салалардың мамандары бар.
Дүниежүзілік банк - инвестиялық банк, инвестор мен алушылардың арасында делдалдық қызмет көрсетеді, яғни біреуінен алса, екіншісіне несие береді. Банк иесі болып мүше болған елдер есептелінеді, олардың акционерлік капиталы 185 млрд. долларға жуық. Қаржының көпшілігін банк жеңілдетілген несие беруге жұмсайды. Несие 100 шақты елдегі жеке меншік мекемелерге және жеке адамдарға беріледі. Жеңілдікпен берген несиелері донор-елдердің қаржысы арқылы шешіледі.
Дүниежүзілік банк әлемде нарықтық капиталдың негізгі несие алушысы болып есептелінеді. Мемлекеттер мен оның өкілдеріне орталық банктерге облигация мен вексель сату арқылы да қарыз алады. Облигация сату арқылы түскен тусімдер дамушы елдерге саясатты өзгертуге байланысты жасаған бағдарлама мен жобаларды қаржыландыруға қолайлы пайыз нормасымен беріледі.
Дүниежүзілік банк құрылған кездегі негізгі капиталы 10 млрд. доллар болған, ал одан ары ол ұлғайып: 1970 ж. - 27 млрд. доллар, 1980 ж. - 34 млрд. ОДР-ға дейін (ол кезде СДР=1.317 долларға теңескен), ал 1994 ж. - 140 млрд. СДР-дан астам болды.
Дүниежүзілік банкке мүше болғысы келген әр ел өз квотасының 10%-ын төлеу қажет. Оның 1%-ы доллармен немесе алтынмен, ал 9%-ы ұлттық валютамен төленеді. Төленген қаржының бірінші бөлігін банк өз еркімен пайдалана алады, қалғанын берген елдің рұқсатымен жұмсайды, ал қалған капиталдың 90% бірден төленбейді, бірақ банкке өзінің міндеттемесін өтеуге қажет болса, онда ол кез келген уақытта талап етеді.
Дүниежүзілік банк несиелік қабілеті бар дамушы елдердің үкіметтеріне өз несиесін береді.
Дамушы елдердің, егер адам басына шаққанда жалпы ұлттық өнім 1200 доллардан асса, бұл ел Халықаралық қайтақұру және даму банкісінен несие алуына мүмкіндігі бар. Бірақ несиенің пайызы банктің нарықтық пайызынан шамалыартығырақ болады. Әдетте төлеу мерзімі 12-15 жыл.
Халықаралық даму ассоциациясы (ХДА) өте кедей елдердің үкіметтеріне несие бере алады. Адам басына шаққанда жалпы ұлттық өнімі 700 доллардан кем елдерге ХДА-ның жұмсайтын барлық несиелерінің 80% жұмсалады. ХДА несиесіне пайыз төленбейді, оның қайтару мерзімі 35-40 жылды құрайды.
ХҚДБ қарыздарын (ссуда) беру шарттары:
1) несие тек қана үкіметтерге, олардың орталық банктері экономикалық даму үшін жасаған жоболарды қаржыландыруға, әрине, сол үкімет оны қайтаруға кепілдік берген жағдайда;
2) несие алушы өзіне қолайлы шарттармен басқа жерден несие алуға мүмкіндігі болмаса;
3) ХҚДБ-нің сарапшы комиссиясы ұсынған жобаға баға беріп оны қолдауға рұқсат берген жағдайда;
4) қаражатты пайдалану қатаң мақсатты көздейді және қаржы тек қана жобаны іске асыруына қарай кезең-кезеңімен беріледі.
Бұл ережелер ХҚДБ-нің де және оның несиелерінің де мүдделерін қорғауға қызмет етеді. Өйткені кейденесие беру мәселесі саясатқа және экономика жағдайына байланысты болуы мүмкін.
Дүниежүзілік банк несие берген кезде көбірек көңіл бөлетін жобаларға халқының жағдайы өте нашар дамушы елдер жатады. Бірінші кезекте ауылдық жердегі егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысатындарға, шағын кәсіпорындарға және қалаларға несие береді. Бұл көмек олардың еңбекті жақсы жүргізуіне, су, газ, энергия жүйесін қолдануына, денсаулығын жақсартуына, білімін көтеруіне, үй кұрылысын өндірімді жүргізуіне мүмкіндік береді.
Қазақстан Дүниежүзілік банкінің мүшесі ретінде оның несиесін пайдаланушы болып табылады. Оның несімен ондаған республика үшін маңызы зор жобалар қаржыландырылуда.
Еуропа қайта құру және даму банкіс.Европа қайта құру және даму банкісі (ЕҚЦБ) 1990 жылы 29 мамырда болған келісім бойынша халықаралық қаржы мекемесі ретінде кұрылған. Оның құрылтайшыларына барлық Еуропа елдерімен қоса, Албания, АҚШ, Канада, Марокко, Мексика, Египет, Израиль, Жаңа Зеландия, Австралия, Жапония, Оңтүстік Корея, сондай-ақ ЕЭО және Еуропалық инвестиция банкісі жатады. Сонымен қатар, бұл банктің құрылтайшыларына КСРО, Чехославакия және Югославия ыдырағаннан кейін құрылған жаңа мемлекеттер енді. Банк жарғысы бойынша барлық ХВҚ мүшелері ЕҚДБ-нің мүшесі бола алады. ЕКДБ-нің штаб-пәтері Лондонда. Өз жұмысын бұл банк 1991 жылы сәуір айынан бастады.
Банктің жарғысында белгіленгендей ЕҚДБ-нің мақсаты несие және ғылыми-техникалық көмек беру арқылы бұрынғы социалистік елдерге нарықтық экономикаға өтуіне, жеке және кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға қолдау көрсетеді.
ЕҚДБ-нің басты міндеті - бұрынғы социалистік елдерге саяси жүйенің өзгеру кезеңінде жаңадан экономикалық және әлеуметтік жағдай жасау үшін инвестиция беру, жекешелендіруге, құрылымдық қайта құру (көлік және байланыс, жол, энергия және коммуникациялармен қамтамасыз ету, тұрғын үй шаруашылығы), табиғатты қорғау, т.б. салаларды қолдау болып табылады.
ЕҚДБ-нің негізгі несие беретін объектілеріне - жеке фирмалар, жаңадан құрылған нарықтық құрылымдар, жекешелендірілген объектілер, бірлескен кәсіпорындар жатады.
ЕҚДБ несиелеу қызметін жүзеге асыра отырып, өз жұмысында дамыған елдердің банкі ісіндегі жалпыға ортақ стандарттарды пайдаланады, экономиканың нақты салаларына, инфрақұрылымға және экология саласының дамуындағы ұзақ мерзімді жоспарларды жүзеге асыруда жеке инвесторлармен, коммерциялық, орталық банктермен, Үкіметтермен серіктесіп жұмыс жасайды.
ЕКДБ-нің жұмысындағы маңызды аспекті - басқаратын кадрларды дайындау, әр саладағы нарық кадрларының біліктілігін арттыру. ЕҚДБ бастамасымен ХВҚ, Дүниежүзілік банк, ЕО және басқалармен бірігіп бұрынғы социалистік елдердің нарықтық экономика үшін банктік және шаруашылық кадрларды дайындауға байланысты міндеттерді шешуге көмек беретін Біріккен Венск институты құрылды. ЕКДБ-нің жарғылық капиталында ЕО елдері квотасы 51%, Орта және Шығыс Еуропа елдері, ЕО-нің мүшесі емес елдері - 13%, қалған Еуропалық емес елдердікі - 24%, олардың ішінде АҚШ үлесі (10%) құрайды. Еуропа елдерінің ішінде Италия, Германия, Ұлыбритания, Франция елдері әр қайсысы - 8,5% иеленеді. Сол сияқты Жапония да ЕКДБ-ның жарғылық капиталыңың 8,5% үлесін иемденеді.
ЕҚДБ жарғысы бойынша оған 10 млрд. ЭКЮ-ге акция шығаруға рұқсат етілген. Мұндағы 1 акция 10 мың ЭКЮ номиналына бөлінген.
ЕҚДБ-нің несие қоры жай ресурстар мен арнайы қорлардың қаражаттарынан тұрады. Жай ресурстар құрамына:
а) шығаруға рұқсат берілген акционерлік капитал;
ә) әлемдік капиталдар нарығынан алған заемдық қаражат;
б) заемдарды қайтарудан түскен қаражат пен кепілдіктен түскен қаражат, соңдай-ақ акционерлік капиталға инвестициялаудан түскен түсім;
в) арнайы қорға жатпайтын ЕКДБ-нің басқа қаражаты мен табыстары.
Арнайы қорға, арнайы жіберілген қаражаттар, инвестициялардан алған табыстар кіреді. Арнайы қорлардын қаражаты көбінесе тиімділігі төмен әлеуметтік салаларға, иесие беруге техникалық көмек көрсетуге жұмсалады.
Өз қызметінде ЕҚДБ операцияның әр түрлі формаларын қолданады: жекешелендірілген сектордың кәсіпорындарына несие беру, капиталға инвестициялау, бағалы қағаздарды орналастыру, кәсіпорындарға несие нарығына жету үшін кепілдік беру, ғылыми-техникалық көмек көрсету және займдар беру.;
ЕКДБ экспорттық несиеге кепілдеме бермейді және сақтандыру жұмысымен айналыспайды.
Жоғарыдағы операцияларды орындау үшін ЕҚДБ мына бағыттарға қаражат жұмсайды, олар: энергетика, инфрақұрылым, көлік, телекоммуникация, экология, агробизенс, қаржы секторы мен жекешелендіру.
ЕКДБ ұйымдық құрылымы бойынша өзге халықаралық қаржы институттарынан айырмашылығы жоқ. ЕҚДБ-нің басқару жұмысын баскару кеңесі, директорлар кеңесі және президент атқарады. Басқару кеңесіне - әр қатысушы банктен 2 өкіл кіреді. Әр жыл сайын болатын жиналыста кеңес өз басшысын төраға ретінде сайлайды.
Басқару кеңесі өкілетілігінің бір бөлігін директорлар кеңесіне жіктеуі мүмкін. Директорлар кеңесі - басты атқарушы орган болып табылады. Ол 23 мүшеден құралады: директордың 11-і ЕО және ЕИБ-ге мүше болған елдерден сайланады, 4-і Орталық және Шығыс елдерінен; 4-і қалған Еуропа елдерінен; 4-і Еуропалық емес елдерден сайланады. Мүше болған директорлар 3 жылға сайланады.
Басқару кеңесі 4 жылға ЕҚДБ Президентін сайлайды. Ол директорлар кеңесінің басқаруымен ЕҚДБ ағымдағы қызметін басқарады.
Азия Даму Банкі.Азия даму банкісі (АзДБ) 1965 жылы құрылған. Оның мүшелері болып Азиядағы дамушы елдермен қатар, Жапония, Австралия елдері де кіреді.
1980 ж. азияның 29 елі банктің аймақтық мүшелері ретінде банк мүшелерінің жиналысында 66,6 % дауыс алса, оның ішінде Жапония үлесі - 26,2% дауыс, Австралия -11,1% дауысқа ие болды. Кешірек АзДБ мүшесі болып, тағы 14 тәуелсіз дамыған ел қосылды. Олардың дауыс үлесі 33,4% құрайды. Бұған Жапония мен Австралияны қосқанда басқарушылар кеңесінің жиналысында алған үлесі 70%-дан астамын құрады. АзДБ-нің жарғысы бойынша банк, тек мүше болған елдерге қаржы бөледі. Штаб-пәтері Филиппиннің астанасы - Манила қаласында.
АзДБ өз операцияларын ЕҚДБ сияқты жүзеге асырады. 1980 жылы банктің негізгі капиталы 9,5 млрд. доллар болды, оның 8,9 млрд. долларына қол қойылды. Банктің ережесі бойынша капиталының 20% төленуі қажет, ал қалған 80% керек болса кез келген кезде талап етіле алады. Құйылған қаржы кепілдік қоры ретінде мүшелерінің қолында болады. Оның 81% алтын немесе конвертация жасауға болатын валютадан, ал қалған бөлігі ұлттық валютадан тұрады.
АзДБ-нің мүше болған елдердің банктерінің капитал жұмсалымдар бойынша түсімдерден аударған және өз еркімен қосқан жарналардан арнайы қоры бар. Осы қор қаражаты нашар дамыған елдердің экономикасын және әлеуметтік инфрақұрылымдарын жақсартуға жеңілдікпен несие беру үшін пайдаланылады.
АзДБ облигация шығару арқылы өзінің әлемдік-қаржы нарығанан тартады.
АзДБ несиенің көп бөлігін мынадай 5 елге барді – Индонезия, Оңтүстік Корея, Филиппин, Пакистан, Тайланд.1980 жылдың басында 8,7%-ға 5 млрд. доллар несие берді. Оның қайтару мерзімі 10-30 жыл. Бірінші қайтарым – 2-7 жылдан кейін. Берілген несиенің 1/3-і жеңілдетілген несие, яғни жылына 1%-дан 4% мөлшерлемесімен 40 жылға дейін беріледі..
Несиені беретін негізгі бағыттары – экономикалық және әлеуметгік инфрақұрылымдар, агроөнеркәсіп ауыл шаруашылығы, өндіретін және қайта өңдсйтін өнеркәсіп. Банкінің несиесі ең алдымен барлық жеке секторға, жекешелендірілген мемлекеттік бірлескен кәсіпорындарға, әсіресе дамып келе жатқан елдердің үкіметтеріне карыз алушы ретінде бағытталады.
Ислам Даму Банкі.Ислам даму банкісі өз жұмысын 1975 жылдан бастады. Банктің негізгі кеңсесі Сауд Аравиясындағы Джидде қаласында орналасқан. Аймақтық кеңселері үшеу, олар - Рабаг қаласында (Марокко), Куала-Лумпур (Малайзия) және Алматы (Қазақстан) калаларында. Банктің құрылтайшылары Ислам конференциясының ұйымы (ИКҰ) мүшелері. Қазіргі кезде олардың саны 52. Банктің жарғы капиталы 6 млрд. Ислам динары. Ол сома 800 мың акцияға бөлінген. Ислам динары (ИД) банк шотының есептесу бірлігі болып саналады, ал оның құны халықаралық валюта қорының (ХВҚ) бір арнайы векселіне тең. Оған мүше мемлекеттердің банктің жарғылыұ капиталындағы үлестері төмендегідей: Сауд Араииясы 16,6%,Ливия - 6,7%, Кувейт - 8,3%, ал Гамбия, Кырғыз,Мозамбик, Түрікменстан, Тәжікстан, Қазақстан, Мальдив, Суринам, Джибути, Комор елдері біріккенде 0,4% құрайды.
Ислам даму банкін құрғандағы негізгі мақсат Шариғат негізіне сүйене отырып, ИКҰ-ға мүше болған және болмаған мұсылман елдеріне экономикалық даму және әлеуметтік ілгерілеуі үшін қаржылай көмек көрсету. Әсіресе ИКҰ-ға мүше болған экономикасы нашар дамыған мұсылман елдеріндегі жобаларды қолдауға көбірек көңіл бөлу.
1996 жылы банк 2 мыңға жуық жобаларды қаржыландырды, оның ішінде сауда-саттық пен арнайы көмекке байланысты 12 млрд. ислам динары жұмсалды. Бүгінгі кезде халықаралық және аймақтық қаржы мекемелерімен бірлесіп жобаларға берілген қаржы мөлшері 170 млн. АҚШ долларына жетті.
Шариғат негізіне сүйеніп, банк коммуналдық шаруашылыққа, жол құрылысына, көпір, үй, коммуникациялар т.б. жобаларға, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мектеп салу, денсаулық сақтау объектілеріне, мәдениет, жалпы білім жүйесіне пайызсыз несиелер береді.
Банк өнеркәсіп және ауыл шаруашылығын бірігіп игерудегі жобаларға қаржы бөлуге қатысады, тез арада пайда келтіретін жобаларға, лизинг және қарызды мерзімінен кейінірек қайтаруға мүмкіндік жасайды.
Банк өзіне мүше болған мемлекеттерге техникалық көмек, кеңес беру, жобалардың технико-экономикалық негізін жасау, сондай-ақ құрал-жабдық сатып алу үшін зерттеу жұмыстарын және жобаның атқару фазасы кезінде оқыту жұмыстарын жүргізеді.
Банк өз портфеліндегі 1 млрд. АҚШ доллары тұратын өтімді бағалы қағаздарды сатып алады және сатады.
Ислам даму банкіне Басқарма бастығы жетекшілік етеді. Басқарманы банкінің барлық мүшелері ұсынады. Басқарманың Төрағасы болып оның мүшелері кезек-кезек сайланады. Басқарма жыл қорытындысын жасауға және келесі жылға керек бағыттарды анықтауға жыл сайын жиналады. Банкіні ұйымдастыруды шұғыл басқару үшін 11 адамнан тұратын, атқарушы директорлардан құралған Басқарма құрылады. Оның 5 мүшесі тағайындалады, ал қалған 6-ы сайланады.
Жарғы капиталына ең көп үлес қосқан (Сауд Аравиясы, Ливия, Түркия, Кувейт, Иран, Біріккен Араб Эмираттары, Индонезия, Пакистан) мемлекет ішінен 5 ел бір атқару директорын тағайындайды, ал 6-ын қалған мемлекеттер сайлайды.
Басқарма бастығы өз араларынан 8 жыл мерзімге банк Президентін сайлайды. Сайланған Президент - атқарушы директордың төрағасы, Басқарманың төрағасы, сонымен қатар, ол банктің әкімшілік аппратының да төрағасы болып есептеледі. Атқарушы директорлар кеңсені үш жыл басқарады, одан кейін жаңадан сайлауға түседі.
Ислам конференциясының ұйымына мүше болған кез келген мұсылман елі, атқарушы директорлардың Басқармасының шарттарын және мерзімін сақтай отырып банкке мүше бола алады.
Ресми банк тілі - араб тілі, ал қарым-қатынас үшін -ағылшын және француз тілдері болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет