Дәріс конспектісі пән атауы: Банк ісі



бет35/43
Дата29.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479212
түріКонспект
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   43
Конспект лекций дисциплины Банк ісі каз

Бақылау сұрақтары

  1. Банктік менеджмент немен сипатталады?

  2. Банктік менеджменттің қандай қызметтері бар?

  3. Банктік менеджмент қандай қағидалармен сипатталады?



Әдебиеттер: Н:1-5 .Қ: 1-6


Тақырып 14. Банктік маркетинг.
Мақсаты: банктік маркетингке анықтама беру, банктік маркетингтің қажеттілігін, оның қағидаларын, негізгі түрлері мен тәсілдерін, сондай-ақ Қазақстан банктеріндегі маркетингтің даму стратегиясын көрсету.
Жоспар:
1. Маркетинг анықтамасы, оның мақсаты мен міндеттері
2. Банктік маркетинг қызметінің түрлері мен тәсілдері
3. Банктік маркетингті дамыту бағыттары


1. Маркетинг анықтамасы, оның мақсаты мен міндеттері

Маркетинг - бұл экономика, социология және басқару арасындағы ғылым. Нарықтық экономикада кез келген кәсіпкерлік нарыққа шығумен, барлық процестерді білумен және өнімдерді алға жылжытумен аяқталады. Егер дамыған елдерде маркетинг жарты ғасырдан аса бұрын өнеркәсіпте тарау алса,оның соңын ала, 40-жылдай бұрын маркетинг ірі банктер аясында қолдауға ие болады. Қазақстандағы нарықтық экономиканың дамуы мен прогресі жағдайында банк маркетингі мен оның ерекшеліктерін үйрену – бұл қажеттілік және банктік менеджменттің ажырағысыз бөлігі болып саналады.


Банктік маркетинг толығымен маркетингтің жалпы қағидаларына негізделеді, алуан түрлі қызметтерді орындайды, «маркетинг» жалпы түсінігінің құрамды бөлігі мен буынын білдіреді. Маркетинг – бұл өндіріспен және бәсекелестікті ескере отырып тауарларды тұтынушыға жеткізумен байланысты кәсіпкерлік қызметтің түрі, кәсіпорындар қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі.
Банктік маркетингті маркетингтің ерекше саласы, клиенттердің нақты қажеттіліктерін ескере отырып, банк өнімдерінің неғұрлым пайдалы нарықтарын іздеу және пайдалануға бағытталған коммерциялық, сол сияқты барлық басқа банктердің қызмет түрлері ретінде қарау керек.
Шетелдердегі, сол сияқты біздің еліміздегі қазіргі заманғы банктердегі маркетинг алдыға қойылған мақсаттарды орындаудағы өз стратегиясы мен философиясының, иделогиясы мен саясатының жиынтығын білдіреді.
Маркетингтік қызмет көрсетілетін қызметіне активті және әлеуетті сұранысты зерттеу мен талдаудан басталады. Маркетингтік қызмет жүйесі олардың өнімдеріне (банктік қызметтерге) сұраныс болуының арқасында ғана өмір сүреді. Банк өз шығындарының деңгейіне қатысты олардың бағасын алдын ала белгілей отырып, қызметтердің дайын қоржынымен нарыққа шығып және пайда алады.
Соңғы уақыттарда барлық елдердегі ірі коммерциялық банктердің басым көпшілік саны клиенттерге кешенді қызмет көрсетуге көшуде. Бұл банктердің несие-есеп айырысу және кассалық қызмет көрсетуден тысқары өз клиенттеріне өзге де тұтастай қызмет түрлерін көрсететіндігін білдіреді.
Кешенді қызмет көрсету тәжірибесі бізге де толық түрде қолдануға қолайлы екендігін көрсетіп отыр, сондықтан да отандық коммерциялық банктердің оны қолдануы, депозиттер мен жаңа салымшыларды тартудағы олардың бәсекеге төтеп беру қабілеттілігін артыратыны сөзсіз. Бұл бәсекелестік күресте клиенттерге көрсететін қызметінің ауқымын тұрақты түрде кеңейтіп отыратын, олардың құнын төмендететін, несие-есеп айырысу және кассалық қызмет көрсету сапасын жақсарта түсетін, несие беру кезінде қандай да бір жеңілдіктер жасайтын клиенттерге әртүрлі кеңестер беретін банк қана төтеп беріп, жеңіп шыға алатын болады, ондай болмаған жағдайда банктің несие ресурстарының көлемі күрт қысқарып, оның құрылымы, одан көзделетіндей, бухгалтерлік баланстың өтімдігі нашарлауы мүмкін. Ақыр соңында, мұндай банк банкротқа ұшырайды.
Сөйтіп, коммерциялық банктердің нарықта жаңа қызмет түрлерін табысты түрде алдыға жылжытуы, банктердің нарыққа кешенді талдау жасауға және маркетинг теориясы мен практикасын қолдану негізінде оны қайта өңдеуге көшуімен ғана мүмкін болады.
Мынаны атап өту көзделеді, маркетингті енгізу кірістіліктің өсуіне, тәуекелдің төмендеуіне әкелмейді және әкеле алмайды. Аталмыш екі көрсеткіш банк капиталын басқаруға, актив пен пассивті теңестіруге қатысты болады. Ұйымдастырушы феномен ретіндегі маркетинг банк қызметінің нарықтағы дамушы процесінің тепе-теңдігін ұстап тұру тетігі болып саналады.
Банктік маркетинг – бұл сол аумақтағы клиенттер қажетсінетін барлық көрсетілетін қызметтердің түрлерін, қызмет сапасына қойылатын талаптарды банктің жақсы білуі. Банктік маркетинг нақты және әлеуетті клиенттерді анықтауға бағытталған.
Банктік маркетинг пен нақты қоғамдық-саяси және экономикалық ахуалдарға қатысты оның қызметі туралы жалпы түсінікті келесі кестеден алуға болады.
5 кесте

Сонымен, банктік маркетингтің ерекшелігі – бұл клиенттерді тарту және көрсететін өз қызметтері көлемінің аясын кеңейту болып саналады.


Банктік маркетингтің жалпы қағидалары келесідей түрде берілген:

  • нақты мақсаттарға жетудегі барлық банк қызметкерлері әрекеттерінің бағдарланушылығы;

  • жоспарлауды, талдауды, реттеуді, бақылауды қамтитын банк қызметі процесінің кешенділігі;

  • маркетингті болашақ және ағымдағы жоспарлаудың біртұтастығы;

  • қабылданатын шешімдерге бақылау жасау;

  • жұмыскерлердің шығармашылық белсенділігін ынталандыру, олардың біліктілігін арттыру;

  • ұжымда табысқа жету үшін қызығушылықты арттыру.

Әрбір банк үшін бәсекелестік жағдайында төмендегідей маркетинг мақсаттарына қол жеткізу маңызды болып саналады:

  1. нарықты зерттеу және сұранысты қалыптастыру;

  2. банк қызметтеріне сұранысты ынталандыру;

  3. қабылданатын шешімдер жоспарларының негізділігі;

  4. клиенттерді тарту және клиенттерді ұстап тұра білу;

  5. банк кірісін көбейту және нарықтағы үлесін ұлғайту.

Маркетингтегі келесідей нақты міндеттерді шешу кезінде мақсаттарға жету мүмкін болады:

    • банктің тұрақты тиімді жұмысын қамтамасыз ету;

    • табысқа жетудегі кепілдік ретінде банк өтімдігін

қамтамасыз ету және клиенттер арасындағы беделін көтеру;

  • көрсетілетін қызметтердің көлемі, құрылымы мен

сапасы бойынша клиенттердің талап-тілектерін
жоғары дәрежеде қанағаттандыру;

  • ұжымның міндеттері мен оның әлеуметтік

проблемаларын шешу.

2. Банктік маркетинг қызметінің түрлері мен тәсілдері


Коммерциялық банктер мен өзге қаржылық – несие институттары маркетинг мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда клиенттердің қажеттілігіне бағдарланудың бірінші кезекті келістерін әзірлеп-жасайды, осыған орай клиент пен банктің мүдделерін үйлестіре білу маңызды болып саналады.


Банктік маркетинг «банк өнімдерін» көбейтуге бағытталған (банк операциялары, қызметтер) қызметтердің нақты түрлерін жүзеге асыру арқылы өз қызметін жүргізеді. Оған мыналар жатады:

  • Маркетингтік зерттеулерді жүргізу, ақпараттарды жинау, талдау.

  • Банк өнімін жасау. Банктің өз қызметінің сатушысы болуы.

  • Көрсетілетін қызметтер мен операцияларға баға белгілеу.

  • Банк өнімдерін таратуды ұйымдастыру.

Банктік маркетингте клиент басты орын алады. Банктегі басты тұлға – банктің клиенттері деп айтуға болады. Банк қандай операцияларды немесе қызметтерді көрсетуге тиіс екендігін солар алдын ала болжайды.
Банк клиенттері

  1. Үкіметтік мекемелер.

  2. Корпорациялар.

  3. Банк-корреспонденттер.

  4. Депозиттер мен несие бойынша беру бағыттары тұлғалардың санаттары, ірі немесе ұсақ кәсіпорындар.

  5. Траст-қызмет бағыттары бойынша банк клиенттері болып саналатын заңды және жеке тұлға.

  6. Заңды және жеке тұлғалар, меншік иелері немесе қозғалмайтын мүлікпен операция жасаушылар.

Жаңа клиенттерді тарту нарықты жақсы білу мен клиенттер тарапынан сұраныс болған кезде ғана мүмкін болады. Өз клиенттерін ұстап тұру мен көрсетілетін қызмет түрлерін кеңейту мақсаты алдыға қойылуы тиіс.
Банк қызметкері – қаржылық мәселелер бойынша сарапшы және оны клиенттер сезінуі қажет. Ең соңында, сенімді нығайтуға өзіндік әсерін тигізеді.
Банктердің бәсекелестігі жағдайында баға белгілеу саясаты маңызды рөл атқарады. Ол келесідей алты кезеңнен тұрады:

  1. Баға белгілеу міндеттерін қою.

  2. Сұранысты анықтау.

  3. Шығындарды бағалау.

  4. Бағаларды және бәсекелестердің банк өнімдерін талдау.

  5. Баға белгілеу әдісін талдау.

  6. Түпкілікті бағаны белгілеу.

Банк оларды меншікті бағаны анықтау негізі ретінде пайдалану үшін бәсекелестердің бағаларын зерттейді. Осыған орай банк тәуекелі дәрежесі, оны сақтандыру және банк үшін міндетті нормативтер мен көрсеткіштер анықталады және салыстырылады.
Солардың бірін банк таңдап алатын баға белгілеу әдістері келесідей болуы мүмкін: «пайда қосылған орта шығындар», шығынсыздықты талдау және мақсатты пайданы қамтамасыз ету. Түпкілікті баға оны клиенттердің, банк қызметкерлері мен бәсекелестердің неғұрлым толық өзіне қолайлы қабылдауын ескере отырып дәстүрлі түрде белгіленеді.
Нарыққа кешенді зерттеу жүргізіп, клиенттердің қажеттіліктері мен талап-тілектері анықталғаннан кейін барып банк шығындары мен көрсетілетін банк қызметтерінің болуы мүмкін бағасы анықталады.
Банк өнімдерін тарату маркетинг қызметінің қорытынды түрі болып саналады.
Банктік маркетингте соның көмегімен маркетинг мақсатына жетудің табыстары ашылып көрсетілетін дәстүрлі тәсілдер өмір сүреді. Бұл – клиенттермен қарым-қатынас жасау, қызмет тиімділігі, клиенттердің басымдыққа жетуі үшін өз акционерлерін дивидендтермен қамтамасыз етуі болып саналады.
Банктік маркетингте маркетинг қағидаларына жауап беретін, төмендегідей маңызды ерекше нақыл сөздерді сақтай білу көзделеді:

  1. «Тұтынушынікі әрқашанда дұрыс».

  2. «Барлығы тұтынушы үшін».

Маркетингтік қызметтің түрлерін қарастыру маркетингтің негізгі тәсілдерін зерттеумен қоса қабаттасып жүреді. Оқу әдебиеттері неғұрлым маңызды деген екі тәсілді – бірыңғайлау (типологизация), нарықтық сегменттеу тәсілін бөліп көрсетеді.
Бірыңғайлау (типологизация) - әлеуметтік сипаттамаларына, демографиялық және әлеуметтік-экономикалық факторларға сәйкес тұтынушыларды жеке ыңғайда қарастыру және топтастыру процесі.
Нарықтық сегменттеу – банк үшін неғұрлым болашағы зор болып саналатын нарық тұтынушыларын нақты топтарға бөлу процесі. Банк қызметінің сипаты, клиенттердің географиялық, демографиялық, психомәдени, мінез-құлық белгілері, негізінен, сегменттеу белгілері болып қатысады.
Банк қызметтерінің сипаты бойынша олар несие, операциялық, инвестициялық, делдалдық және басқа да сегменттерге бөлінеді.
Клиентуралық белгі нарықты заңды және жеке тұлғаларға, корпорацияларға, банк-корреспонденттерге, мемлекеттік органдарға бөледі.
Аумақтық құрылымдар, экономикалық аудандар, әкімшілік бірліктер геграфиялық сегменттеу объектілері болып саналады. Демографиялық сегменттеу халықты жас мөлшері, кірістері бойынша әлеуметтік-кәсіби тұрғыдан бөлуге негізделеді.
Психомәдени сегменттеу – бұл жеке тұлғалардың банктердің көрсететін қызметіне қатынасы.
Мінез-құлықтық сегменттеу банктің әрбір клиентінің бос уақытын зерттеуге негізделеді.
Ал нарықты сегменттеу мен анықтау банктің өзіне қажет. Белгілі бір қызмет түрлерінен алынатын тиімділіктер клиенттердің белгілі бір топтары үшін ғана пайдалы болып табылады. Ал басқа бір топтар үшін мұндай қызмет түрлері қымбат немесе дәл сол сәтте пайдасыз болуы мүмкін. Аталмыш қызмет түрлері қызықтыратын клиенттердің топтары мақсатты нарықты құрады.
Жоғарыдағылармен қатар, маркетингтік зерттеулердің өзге де белгілі тәсілдерінің өмір сүретінін атап өту көзделеді. Оған активті және пассивті маркетинг жатады.
Активті маркетингке келесілер кіреді:
1. Тікелей (жарнамалық). Жер-жерлерде клиенттер арасынан қаржыларды басқару жүйесін құру. Тікелей маркетингтің мақсаты – клиентті тез әрекет етуге мәжбүрлеу.
2. Байланыс құралдарын (пошта, теледидар) пайдалану. Телемаркетинг – бұл жеке адамдардың компьютерлерін қолдануға негізделген банктік қызмет көрсетуді үйде жалғастыру.
3. Халықтың кең ауқымды топтары арасында сұрау жүргізу.
4. Әлеуетті клиентпен жеке қарым-қатынас орнату.
5. Фокус-топ құру. «Фокус топ» бұл клиенттермен жеке байланыстарға негізделген, маркетинг әдістерін логикалық жалғастыру. Мақсаты – клиенттердің жағдайын анықтау.
Пассивті маркетинг – бұл банктің қызметі мен жағдайы туралы материалдардың баспасөз беттерінде жариялануы.
Банктер өз қызметтерінде активті, сол сияқты пассивті маркетингті пайдаланулары тиіс. Сонымен бірге, тәжірибе көрсетіп отырғанындай, негізінен, активті маркетингке басымдық беріледі.
Банктік маркетинг толығымен банктің көрсететін қызметтерін дамытуға бағытталған және бұл жеткілікті кең ауқымды өзара байланысты түсінік болып саналады.
Банктердің клиенттерге көрсететін қызметтерін қызмет түрлеріне бөліп топтастыруға болады.

Қызметтердің түрлері

Ұлттық банк арқылы беріледі

Коммерциялық банктер арқылы беріледі

1

2

3



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет