Тақырып 1.9. Ақпараттық және кітапханалық қызмет көрсетуді
автоматтандыру.
Тӛменде күрделі жүйелер мен жүйелік талдаудың классикалық теориясы
негізделген шетелдік зерттеушілер тәжірибесі мен автоматтандырылған
кітапханаларды жүйелі құру жӛнінде ұсыныстар беріледі.
Кітапханаларды автоматтандыру үрдісі мынандай сатылардан тұрады:
Кітапхана жағдайын алдын ала автоматтандыру объектісі ретінде
зерттеу, сол қаланың, облыстың, республиканың кітапхана ісіне талдау жасау
және шетел автоматтандырылған кітапханасының даму тенденциясымен
танысу.
Сатылау мақсаты – автоматтандыру функцияларын енгізудің қажеттілігі
мен
пайдалылығы, электрондық және автоматтандырылған кітапханаларды
құрудың алдыңғы қатарлы тәжірибесі мен жағдайын зерттеу.
Алдын-ала жобалауды зерттеу кітапхананың ұйымдастырушылық
құрылымын және автоматтандыру құралдарын қолдануда ақпарат ағымы мен
ақпараттық қамсыздандыру мазмұнын жүйелеуге мүмкіндік береді.
Бұл сатыда маңызды сұраққа жауап алу керек: сіздің кітапханаңызды
автоматтандыру қажет пе? Осы кезеңде ойдағы
нәтижеге жетуге қажетті
ресурстар, қаржы кадрлар бар ма? Ӛйткені кітапхана үрдістерін
автоматтандыру біршама материалдық шығындар мен персоналдардың
күшін, олардың мамандығын қайта ӛзгертуін қажет етеді. Сондықтан да ӛз
мүмкіндіктерін дұрыс бағалауды қажет етеді.
Жобалаудың алдын ала зерттеу кезеңінде мынандай ақпаратты жинақтап
жүйелеу қажет:
- Кітапхана қоры (қанша кітап, журналдар, басқа да құжаттардың бары).
Бөлім II. Ақпараттандырылған ақпараттық қызмет көрсету жүйесі мен
АКАЖ-нің теориялық және әдістемелік негізі
2.6. Электронды каталог
.
Электронды каталог (ЭК) білім саласы бойынша кітапханада қандай
құжаттардың бар екендігіне жауап беретін
және мазмұны бойынша
түпдеректердің қорларын ашу үшін құрылған анықтама-іздестіру
аппаратының
құрама
бӛлігі
болып
табылады.
2. Электронды каталог кітапхана қорының мазмұнын ғылыми және
техникалық жағынан сауатты ашады, қорда сақталған әдебиеттерді белсенді
насихаттайды және әдебиеттердің жаңа түсімі туралы оқырмандарға жедел
хабарлайды.
3. ЭК ISIS бағдарламасындағы жергілікті
желімен байланысты дербес
компьютерлердің кӛмегімен құрылады және «ИРБИС» кітапханалық-
ақпараттық жүйесінің бӛлігі болып табылады.
4. ЭК-тың қызметіне кіреді:
• сипаттама жасаудың қолданыстағы ережесіне сәйкес толық
библиографиялық сипаттамалар мен библиографиялық ақпаратты сақтау
үшін MARK халықаралық стандартын енгізу, қарастыру және түзету.
• кез келген жолдар мен мәтін бойынша библиографиялық
сипаттамаларды
іздеу;
• каталогтық карточкаларды басып шығару;
• АПК-ті енгізу, қарастыру және түзету, библиографиялық сипаттамалармен
жұмыс істегенде және іздестіру барысында кӛрсеткіштерді пайдалану.
5. Электронды каталог кітапханадағы жаңа түсімдердің библиографиялық
сипаттамасын, ӛткенді шолатын қорды жоспарлы конвертациялау және
әдебиетті іздеу мен іріктеуге жақсы мүмкіндік береді.
6. ЭК лингвистикалық қамтасыз ету іздеу салу бойынша жүргізілетін түйін
сӛз, КБЖ
атауының нұсқатаңбасы, пәндік атаудан тұрады.
7. ЭК-та: кітаптар, мерзімді басылымдар, сондай-ақ CD ROM, бейне, қазақ,
орыс және ағылшын тілдеріндегі басылымдар мен ҚОК, ОБК, кітапхана-
бӛлімшелерінің негізгі қорларында сақталған әдебиеттер қамтылған.
8. ЭК-та әдебиетті жылдам іздестіруге кӛмектесетін құжаттарды жүйелеуге
арналған әдістемелік аппарат қызметін атқаратын алфавиттік-пәндік
кӛрсеткіштің (АПК) машина есептеуіш нұсқасы жүргізіледі.
9. ЭК қолда бар құжаттар мен оның мазмұны туралы ақпараттан басқа
олардың түрі, орналасқан жері мен құны туралы мәліметтен тұрады.
10. ЭК-та іздестіру құжатқа сипаттама беретін белгілер бойынша жүргізіледі:
яғни нӛмірі, атауы, түйін сӛз, пәндік атауы, КБЖ нұсқатаңбасы.
11. ЭК-тың құрылымы КБЖ кестесі бойынша қағаз түрінде жеткізуші
арқылы анықталады.
12. ЭК алфавиттік және жүйелі каталогпен байланысты.
Каталогты жүйелейтін және ұйымдастыратын негізгі құжаттар.
ЭК жүйелеу мен ұйымдастыру барысында келесі нұсқаулық – әдістемелік
құжаттар қолданылады:
ГОСТ 7.1-84 Құжатты библиографиялық сипаттау. Жалпы талаптар мен жазу
ережелері;
ГОСТ 7.1-2003 Библиографиялық жазба. Құжатты библиографиялық
сипаттау. Жалпы талаптар мен жазу ережелері;
ГОСТ 7.12-93 Библиографиялық жазба. Орыс тіліндегі сӛздерді қысқарту;
ГОСТ 7.59-90 Құжаттарды нұсқатаңбалау. Жүйелеу мен пәндестірудің жалпы
талаптары;
ГОСТ 7.66-92 Құжаттарды нұсқатаңбалау. Координаттық нұсқатаңбалауға
жалпы талаптар;
КБЖ кестесі (соңғы басылымдар)
және басқа да жіктеушілер; - Кӛпшілік
кітапханаларға арналған жұмыс кестелері. - М., 1997;
«ИРБИС» интегралды кітапханалық-ақпараттық кеңейтілген жүйесі.
Каталогизатордың нұсқаулығы. - М., 1997.
Каталогты жүргізу, пайдалану және оның сақталуы.