Дәріс материалдары 1 бөлім. Авттоматтандырылған кітапхана-ақпараттық процестердің теориялық негізі



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата05.02.2024
өлшемі294.58 Kb.
#490880
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Лекция

Дәлме-дәлдік жинауда, абоненттердің талап ету біліміне, толықтыру 
қызметіндегі қызметкерлердің біліктілігі, құжаттардың ақпараттық сапасына 
байланысты. 
Жылдамдық жинауда, ақпараттық қызмет кӛрсетуде қолжазбалар, 
патенттер, енгізілінеді. 
Жинаудың құны, бұл ұйымның жинау процесіне байланысты. 
Жинаудың көп еңбек сіңіруі, тәжірибеде әр жинауға кететін нормативтік 
еңбек шығынын басшылыққа алады. 
1.5. Тақырып: Ақпараттық ізденіс жүйелерінің құрылымы және 
элементтері.
Іздеудің мақсаты сауалдың мазмұнына қарай әр-түрлі болады. Кейде 
құжаттың шифрын ғана табу керек болса, кейде алғы сӛзді, рефератты, 
библиографиялық сипаттаманы немесе факторграфиялық мағлұматтарды 
алумен шектелінеді. 
Ақпараттық іздеу ақпараттық іздеу жүйесімен жүзеге асырылады. Ол 
талап етушінің сауалдарына жауап беретін құжаттардың мағынасына 
байланысты. Ізделінетін объектісіне және мақсатына қарай ақпараттық іздеу 
екі түрде ажыратылады: 
- құжаттық іздеу - құжат мағлұматтары туралы немесе құжаттың ӛзін, 
болмаса кӛшірмесін іздеу; 
- фактографиялық іздеу - мәліметтерді, фактілерді іздеу. Құжаттық 
және фактографиялық іздеуде түбегейлі айырмашылық жоқ, тек екі жақтың 
мазмұнына байланысты ғана айырмасы бар. Біріншісінде, құжатты немесе ол 
туралы мағлұматты іздесе, екіншісінде құжатта берілген фактіні іздейді. 
Осы белгісі бойынша іздеу формалды-механикалық, семантикалық және 
белгілі бір жағдайға байланысты ажыратады. 
Формалды-механикалық іздеу құжаттың мекен-жайын (оның шифр) 
немесе библиографиялық сыпаттамасын карточка каталогтарымен, сонымен 
қатар қарапайым механикаландырылған ақпараттық-іздеу жүйелерінде 
қолданылатын унитерм-карта, перфокарталар, апертурлық карталармен 
жұмыс істеген кезде іске асырылады. Бұл орталықтар тек ақпаратты іздеген 
кезде кішігірім массивте қолданылады. Осындай бағдарлама жолымен 


ақпараттық іздеу мәселелері құжаттың мағынасын ашатын және 
семантикалық жолмен ӛңдеуде жүзеге асырылады. 
Семантикалық іздеуде құжаттың мағынасы құрылған жасанды тілде 
айқындалады. 
Іздеу процесінде ЭЕМ сақталынған мәліметтер ӛңделіп, осыдан жаңадан 
ақпарат жинақталады. Бұндай іздеу жағдайға байланысты болып аталады. 
Ақпараттық іздеу жүйесінің құрамында ақпараттық іздеудің кез-келген 
түрін орындауда төрт негізгі компоненттерге негізделінеді: 
- логикалық-семантикалық аппарат, ақпараттық-іздеу тілінен тұратын
құжаттарды және сауалдарды индекстеуде қолданылады; 
- объектінің ақпараттық-іздеу масивте, ақпараттық іздеу жүзеге 
асырылады; 
- жүйеге ӛзара әрекет ететін адам (қолданушылар және жүйенің 
қызметкерлері. 
Осылардың ішінде ақпараттық іздеудің сапасын анықтаушы логикалық-
семантикалық аппарат-ақпараттық іздеу жүйесінің ең қажетті компоненті 
болып табылады. Логикалық-семантикалық аппараттың негізгі элементі -
ақпараттық-іздеу тілі болып табылады. Құжаттың және сұраныстың 
мазұнының айтылуы (білдірілуі) индекстеу деп аталады. Индекстеуде 
құжаттардың (ПОД - поисковые образы документов) және сауалдардың 
(ПОЗ–поисковыые образы запросов) іздеудің түрлері құрылады. Құжатты 
іздеу түрі- ақпараттық іздеуге қолданылатын және құжаттың негізгі 
мазмұнының мағынасы ақпараттық іздеу тілінде айтылатын мәтін. Ал, 
сауалды іздеу түрі-сауалдың ақпараттық мазмұны ақпараттық іздеу тілінде 
айтылатын мәтін.
Ақпараттық-іздеу массив-ретке келтірілген құжаттың іздеу түрінің ақпаратық 
іздеу жүйесінің құжаттық массивінде адресімен бірге сақталынған 
жиынтығы. 
АІЖ құжаттық массиві – бұл ақпаратты талап етушінің ақпаратық 
сауалдарына жауап беретін құжаттардың жиынтығы. АІЖ құжаттық 
массивінде сақталған рефераттар, аннотацияда (кітаптың, мақаланың 
мазмұны), сонымен қатар микротасымалдаушылардың алғашқы 
құжаттарының кӛшірмелері (микрофилмдер, микрооафишаларда) құжаттар 
ретінде ұсынылады. Егер алғашқы құжаттар кітапхананың қорында, 
мұрағатта, кітап сақтау қоймасында сақталынса, онда олардың адресі талап 
етушіге берілуі ақпараттық (адрестік) іздеу болып табылады. 
Автоматтандырылған АІЖ ақпараттық іздеуі электронды есептеу 
машинкаларында жүзеге асырылады. Жазу және сақтау оқитын машина 
тасымалдау: магниттік ленталарда, магниттік дискілерде, магниттік 
барабандарда іске асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет