Дәріс материалдары 1 бөлім. Авттоматтандырылған кітапхана-ақпараттық процестердің теориялық негізі



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата05.02.2024
өлшемі294.58 Kb.
#490880
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Лекция

1.2. 
Тақырып: 
Автоматтандырылған 
кітапхана-ақпараттық 
жүйенің (АКАЖ) негізгі қызметін ұйымдастыру және тиімділігі. 
Қазақстан 
Республикасында 
кітапханалық 
жұмыс 
процестерін 
автоматтандыру кӛпшілігінде РАБИС бағдарламасы негізінде жүргізілініп 
отырған жұмыстар нәтижесінде кітапханадағы технологиялық жұмыстар 
автоматтандырылып, жаңа технологиялар кеңінен енгізілуде.
АКАЖ кітапхана бӛлімдерінің қызметін автоматтандыруға арналған. 
Бұл жүйе кітапханалардың барлық түріне негізделген. Жүйенің негізгі 
қызметі толық библиографиялық сыпаттамалы әдебиеттермен және 
құжаттардың 
мәтіндерімен 
жұмыс 
жүргізу 
болып 
табылады. 
Библиографиялық сыпаттама бір немесе бірнеше электронды каталогта 
қолданылады. 
Автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйенің негізгі қызметіне 
жататындар: 
- сыпаттаманы 
жазуды 
қолданыстағы 
ережелерге 
және 
библиографиялық ақпаратты сақтауға арналған халықаралық MARC 
стандартына сәйкес толық библиографиялық сыпаттаманы енгізу, 
қарау; 
- құжат мәтінін енгізу, қарау және редакциялау
- құжаттың барлық поляларға берілген сыпаттамасы және мәтін мазмұны 
бойынша жылдам іздестіруді іске асырады; 
- тақырыптық тізімдерді дайындау және оны қағазға басып шығару
- USMARC және ISO форматында ақпарат алмасуды іске асыру; 
- тақырыбы, бір автор және т.б. бойынша берілген параметрлер бойынша 
әдебиеттер тізімін қалыптастырады және оны қағазға басып шығарады
- жаңа түскен басылымдар жеке (персональды), тақырыптық және 
қажеттілігіне қарай, пәндік-географиялық басылым атаулары сияқты 
кӛрсеткіштер шығарады; 
- кітап формулярын басып шығарады; 
- қолданыстағы каталогтар мен картотекаларды толықтыру үшін 
каталогтық карточкаларды басып шығарады
- USMARC және ISO форматында мәтіндік файл кӛмегімен дерек 
қорларды толықтырады. Мұндай файлдарды электронды почта және 
ИНТЕРНЕТ арқылы беруге болады.
Еліміздегі кітапханалардың жұмыс процестерін автоматтандыру жұмысы үш 
бағытта жүргізілініп отыр. Олар тӛмендегідей: 
1. ақпараттық процестерді автоматтандыру және оның негізінде жеке Дерек 
қорлар мен Дерек қорлардың жиынтығын (баз и банков) құрастыру және 
ӛздерінің ақпараттық ресурстарын ғаламдық ақпараттық кеңістік жүйесіне 
шығару; 
2. ғаламдық ақпараттық кеңістік жүйесіндегі ақпараттық ресурстарды 
пайдалану; 
3. сыртқы дерек қорлар мен дерек қорлардың жиынтығын пайдалану. 
ҚР кітапханаларының жұмыс процесіне жаңа ақпараттық технологияларды 
және компъютерлік техника базасындағы бағдарламалық құралдар арқылы 


енгізу 1989 жылдан бастау алады. Бұл жаңалықтың кӛшбасшысы – Қазақстан 
Республикасының Ұлттық кітапханасы болып табылады. 1989 жылы 
кітапханада алғашқы кезекті АКАЖ құрастырылды. 1992 жылдан бастап ҚР 
Ұлттық кітапханасында ЛВС (локальды есептеу жүйесі) құрылып 
электронды каталог және тақырыптық Дерек қорларды қаллыптастыру 
жұмыстары басталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет