Адам мәнінің марксистік түсінігі
«Жеке адамның мәні оның сақалында, қанында, не дерексіз бір физикалық жаратылысында емес, - әлеуметтік сапасында».
«... адамның мәні жеке индивидке тән абстракт емес. Өзінің шындығына келгенде ол – барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы»
Карл Маркс
1818 –1883
Абайдың «Адам бол!» деген үндеуі – ол ойшыл-ақынның шығармашылығының өзегіне айналды. Абай үңдеуінің этикалық мәні – адамның өмірдегі міндеті мен рөлін жоғары бағалау.
Адам – ақын көзқарасында ақыл-ойдың, адамшылықтың, еңбексүйгіштіктің және білімділіктің, достық пен махаббаттың түгелдей көрініс табуы, жинақталуы. Ай мен күн – аспан әлемінің әшекейі, орман мен жемістер – таудың әшекейі, ал жердің сәні – адам. Абай үлкен мақтанышпен: «Адам деген даңқым бар!» деп жар салады
Әл Фарабидің «әрбір адамның әлемде (дүниеде) өз орны бар» деген ойын Абай жаңғыртады: «Сен де бір кірпіш дүниеге»
Абай Құнанбаев
(1845-1904)
Абай адамның ерекше пенде ретінде жаратылғанын ескертеді: “Адам баласынан махшарда (о дүниеде) сұрау беретұғын қылып, жаратқандығында hәм ғадаләт, hәм махаббат бар”.
Дүниедегі өлі табиғат, тіршілік болсын бәрі де адам үшін жаратылған. Ал мұның бәрі де Алла тағаланың адамға деген сүйіспеншілігін көрсетеді, олай болса, адам да Жаратқанды барлық жан тәнімен сүюі керек, сонда ғана өз өмірінің мән мағынасын табады.
Абай «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» өлеңінде:
Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек, - деп нақтылай түседі.
«Ыстық қайрат» - бұл үнемі ізденіс үстінде болу, тек қана алға ұмтылу, жасампаз болу.
Достарыңызбен бөлісу: |