ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ пәні бойынша
емтихан сұрақтарының
Т І З Б Е С І
ХІХ ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай және қазақ әдебиеті.
ХІХ ғасырдағы дәстүрлік әдебиеттің негізгі сипаттары.
ХІХ ғасырағы қазақстанның әлеуметтік өмірінде болған өзгерістер және оның әдебиетте көрінуі.
ХІХ ғасырдағы әнші-ақындар творчествосының ерекшеліктері.
ХІХ ғасырдағы қазақ халқының азаттық үшін күресі және оның көркем әдебиетте көрінуі.
Д. Бабатайұлы (1802-1874) поэзиясы және сол кезеңдегі тарихи дәуір болмысы.
Д. Бабатайұлының арнау, толғау өлеңдері.
Д. Бабатайұлының «Еспембет» дастаны-патриоттық мәні зор шығарма.
Дулат қазақ әдебиетінде алғаш мысал жазған ақын («Бір патшаның бір кезде», «Шымшық пен бөдене», «Сары шымшық», «Шаштараз» т.б.).
Дулат шығармаларындағы оқу,өнер-білім тақырыбы.
«Еспембет» дастанының фольклорлық сипаты, композициясы, тілі.
Дулат өлеңіндегі адамгершілік, еңбек тәрбиесі туралы ойлар. («Тегімді менің сұрасаң», «Ұста соққан темірдей» т.б.)
Дулат ақынның жеке адамдарға арналған арнаулары («Сүлейменге», «Кеңесбайға», «Бараққа», «Ел аралаған иманға».)
Дулат шығармаларының жанрлық, көркемдік ерекшеліктері. Өлеңдерінің өлшем-өміріндегі жаңашылдығы.
Махамбет (1803-1846)- қазақ әдебиетіндегі сыншыл реалистік, романтикалық толғау ақыны.
Махамбет өлеңдерінің философиялық-дүниетанымдық иірімдері.
Махамбет шығармаларындағы халық тұлғасының және Исатай батыр бейнесінің жырлануы.
Махамбет өлеңдерінің құрылысы мен стилі. Ақынның тіл шеберлігі .
Махамбет Өтемісұлы (1803-1846) жырларындағы күрескерлік, жауынгерлік, азаматтық әуендер («Ереуіл атқа ер салмай», «Атадан туған аруақты ер», «Ұл туса», «Күн қайда?» т.б.).
20. Махамбет жырларындағы ақын тұлгасы. («Менің атым Махамбет», «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны», «Мен тауда ойнаған қарт марал» т.б.).
21. Махамбет өлеңдеріндегі жыраулық дәстүр жалғастығының белгілері, өзіндік төлтума ерекшеліктері.
22. Махамбет шығармаларын жариялау, зерттеу жұмыстары. (Х. Досмұхамедұлы, Қ. Жұмалиев, Н. Савичев, Е.П. Ковалевский т.б.).
23. Шернияз Жарылғасұлының (1807 - 1867) толғау термелеріндегі өмірдің қайшылықтары.
24. Шернияз шығармаларындағы Исатай- Махамбет көтерілісіне байланысты туған өлеңдерінің мәні.
Шернияздың Махамбетпен, Абылмен, Қашағанмен дидарласқандағы өлеңдері.
Шернияз шығармаларының көркемдік- бейнелік қырлары.
Шортанбай Қанайұлының (1818-1881) өмірі мен шығармашылығы.
Шортанбай-реалист, сыншыл ойлы суреткер ақын («Зар заман», «Келер заман», «Тар заман», «Заман ақыр»).
29. Ш.Қанайұлы – айтыс-ақыны («Шортанбай мен Орынбай айтысы», «Шортанбай мен Шөженің айтысы», «Шортанбай мен Асан бұғы айтысы»).
30. Шортанбай шығармаларының көркемдік ерекшеліктері.
31. Сүйінбай Аронұлының (1822-1895) толғауларының тақырыптық – идеялық мазмұны.
32. Сүйінбайдың айтыстары – қазақтың сүре және түре айтыстарының үлгілері.
33. Сүйінбайдың ақындық шығармашылығы – қазақ поэзиясындағы дәстүрлі өнегелі мектеп.
34. С.Аронұлының адамгершілік тәрбиесі туралы толғаныстары («Жақсы менен жаманның айырмасы», «Нақылдар», «Жақсы болса ағайын» т.б.).
35. С.Аронұлының елдің тарихы, елді қорғаған батырлар туралы толғаулары («Қарасай батыр», «Өтеген батыр», «Ту алып жауға шықсаң сен», «Жабай батыр», «Сұраншы батыр» т.б.).
36. С.Аронұлының әйелге, адамның жастық, кәрілік, жас кезеңдеріне арналған өлеңдері. ( «Әйелдердің нұр сипаты», «Жиырма беспен қоштасу», «Өмір ағысы» т.б.).
37. С.Аронұлының шығармаларының өлеңдік өлшемі-өрімі, бейнелігі.
38. Майлықожа Сұлтанқожаұлының (1835-1898) өмірі мен ақындығы.
39. М.Сұлтанқожаұлының шығармаларының жанрлық түрлері, көркемдігі.
40. М.Сұлтанқожаұлының мысал өлеңдеріндері пернелеу (аллегория) арқылы адамзат өмірінің қайшылықты сырларын бейнелеуі. («Тоты құс», «Қасқыр», «Үш жігіт», «Бұлбұл»).
41. Майлықожа табиғат құбылыстарының шынайы суреттерін қазақы ауыл тұрмысымен байланыстыра жырлаушы («Жылдың төрт мезгілі»).
42. Базар Оңдасұлының (1839 - 1911) шығармашылығындағы басты жанрлар, көркемдік нақыштар, бейнелік мәселелері.
43. Б.Оңдасұлының дастандарындағы фольклорлық сипаттар мен авторлық,реалистік көркемдік шешімдер.
44. Оңдасұлының көңіл-күйдің алуан сырларын айшықтайтын философиялық толғаныстары. («Дүниені қудым», «Әлі де сенде арман жоқ», «Бір кезде Базар едім», «Бай да өткен, батыр да өткен» т.б.).
45. Б.Оңдасұлының халық тағдырына арналған азаматтық, әлеуметтік әуендегі толғаулары («Түбі туыс байтақ ел», «Ел жақсылары», «Қарындастың қамы үшін» т.б.).
46. Мұрат Мөңкеұлының (1843-1906) шығармаларындағы ойшылдық, философиялық-азаматтық тереңдіктер («Үш қиян», «Қазтуған», «Сарыарқа» т.б.).
47. Мұраттың жыршы – ақындығы, жыраулық дәстүрді насихаттаушы.
48. М.Мөңкеұлының айтыстарының көркемдік ерекшеліктері, тілдік-көркемдік нақыштары.
49. Мұрат мұрасының жариялану, зерттелу тарихы.
50. Мұрат Мөңкеұлының зар замандық сарындағы шығармаларындағы лирикалық, кейіпкер-ақын тұлғасына тән биіктік, романтикалық әуез, гуманизм сипаты.
51. Мұрат – патшалық отарлау саясатының зиянды зардаптарын анық болжаған ақын.
52. Мұраттың толғауларындағы халқының азып-тозбауын аңсаған романтикалық ой – армандары.
53. Мұрат толғауларындағы адамгершілік тәлім тәрбиесіне байланысты философиялық ойшылдық («Өлім», «Топқа түскендегі толғауы» т.б.).
54. Арнау, хат - өлең, той бастар жанрларындағы Мұраттың шығармалары («Қыз», «Боранбайға айтқаны», «Оқудан қайтқан жігітке хат», «Қаратоқай»).
55. Мұрат ақын шығармашылығындағы романтикалық, азаматтық сарындардың қазақ әдебиеті тарихындағы маңызы.
56. Ә.К. Боранқұлұлының (1868-1905) өмірі, ақындық шығармашылығы.
57. Ә.К. Боранқұлұлы толғау термелеріндегі заман зары, отарлық езгіден азып-тозып бара жатқан қазақ елінің тағдыры туралы күйзеліс («Заманның опасыз халіне айтқан өлеңі», «Өткен өміршілдік заманды жоқтап айтқан толғауы» т.б.).
58. Ә. К. Боранқұлұлының айтыстары («Кердері мен Құлымбет», «Қожахмет пен Кердері Әбу бәкір» т.б.).
59. Ә.К. Боранқұлұлының шығармаларындағы тілдік көркемдік, бейнелілік.
60. Шөже Каржаубайұлының (1808-1895) өмірі мен шығармашылығы.
61. Ш. Қаржаубайұлының айтыстары.
62.Орынбай Бертағылұлы (1816-1891) өлеңдеріндегі көркемдік ерекшеліктер.
63. О.Бертағылұлының арнау өлеңдері.
64. О. Бғертағылұлы – айтыскер ақын.
65. Мәделі Жүсіпқожаұлының (1816-1888) өмірі мен шығармашылығы.
66.М. Жүсіпқожаұлының өлеңдері.
67. Нұрым Жаршағұлұлының (1825-1895) шығармалары.
68. Нұрым Жаршағұлұлы – айтыстары.
70. Н. Жаршағұлұлы – толғау, терме, арнау, өлеңдері.
71. Біржан сал Қожағұлұлының (1834-1897) өмірі мен шығармашылығы.
72. Біржан сал Қожағұлұлының – көңіл-күй, философиялық өлеңдері («Ер жігіт дүниені көрген артық», «Орынбор», «Талай заман», «Жамбассапар» т.б.).
73. Біржанның махаббат тақырыбына байланысты лирикалық ән-өлеңдері («Айтбай», «Алтын балдақ», «Ләйлім шырақ», «Ақтентек» т.б.).
74.Біржан мен Сара айтысының эстетикалық - көркемдік тағлымы, қазақтың халық поэзиясының классикалық үлгісі.
75. Біржан сал – айтыс ақыны («Біржан мен Шөже», «Біржан мен қыз»т.б.).
76. Біржан сал шығармашылығының көркемдік ерекшеліктері.
77. Ақан сері Қорамсаұлы (1843-1913) - қоршаған ортаның әсемдік әлемін, сұлулық тағлымын жырлаушы суреткер ақын.
78. А.Қорамсаұлының лирикалық өлеңдеріндегі көңіл-күй, философиялық ерекшеліктері («Адамның біліміне ақыл серік», «Айтамын замандасқа біраз кеңес», «Әйелдер сипаты», «Жігіт сипаты», «Жастық шақтар» т.б.).
79. А.Қорамсаұлының махаббат тақырыбындағы өлеңдері. («Сырымбет», «Үш тоты», «Қара торғай», «Кербез сұлу», «Сүйген жардан айрылдым» т.б.).
80. А.Қорамсаұлының айтыс өлеңдері («Ақан сері мен Әділ»,»Қожамбет пен Ақан сері», «Орынбай мен Ақан» ).
81. Ақан сері өлеңдері тілінің көркемдігі, бейнелілігі.
82. Ақан сері Қорамсаұлының азаматтық әуенді, сыншыл ойлы өлеңдеріндегі заман қайшылықтары мен озбырлықты сынауы («Заманға қарап», «Құлагер» т.б.).
83. Сегіз Сері (Мұхамедханапия) Баһрамұлы Шақшақов (1818-1854) өмірі мен шығармашылығы.
84. Сегіз серінің лирикалық ән-өлеңдері, азаматтық романтикалық әуендер («Қашқын келбеті», «Үміт», «Үш жүзге атым шыққан сегіз сері», «Көңіл күй» т.б.).
85. Сегіз Серінің махаббат, табиғат туралы өлеңдері («Қарлығаш», «Гауһартас», «Еңлік», «Қызғалдақ», «Айым-жаным» т.б.).
86. Сегіз серінің арнау өлеңдері мен дастандары («Өкініш», «Ақбұлақ», «Үбі батыр», «Алуа Жарылқамыс», «Зейне-Зайып» т.б.).
87. Сегіз Серінің шығармашылығының ұлттық сөз өнері, мәдениет тарихындағы маңызы.
88. Сара Тастанбекқызының (1878-1916) өмірі, ақындық шығармашылығы.
89. Сара – қазақ әйелінің арманын, мұң-шерін поэзия тілі мен өрнектеген ақын.
90. С.Тастанбекқызының шығармаларындағы ақындық өнер сайысы.
91. Сара Тастанбекқызыныңайтыстары («Біржан мен Сара», «Төребай мен Сара»).
92. Сара Тастанбекқызының әулеметтік теңсіздік, заман зары тақырыбындағы лирикалық өлеңдері («Жүрек», «Ашындым», «Ортақ мұң»).
93. С. Тастанбекқызының арнау өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкер тағдыры хақындағы зар, мұң және оның әулеметтік мәні («Аққу», «Қарлығаш», «Торығу», «Қош бол, елім» т.б.).
94. С.Тастанбекқызының Біржан салмен болған айтысы, ондағы Сара өлеңдерінің көркемдік – эстетикалық тағылымы .
95. С.Тастанбекқызының шығармаларындағы көркемдік, бейнелілік кестелері.
96. Әсет Найманбайұлының (1887-1923) өмірі, ақындық шығармашылығы.
97. Ә.Найманбайұлының толғау – термелерінің, өлеңдерінің әншілік орындаушылықпен, сазгерлікпен тығыз байланыстылығы.
98. Ә.Найманбайұлының шығармаларындағы өнер, сұлулық, асыл мінез – құлық, еңбексүйгіштік, халық бақыты үшін еңбек ету тақырыптарының жырлануы. («Жігіттің жігіт болар бейнесінде», «Жас жігіт надандықпен алданады» т.б.).
99. Ә.Найманбайұлының айтыстары («Кемпірбай мен Әсет», «Әсет пен Рысжан», «Әсет пен Кәрібай»).
100. Ә.Найманұлының шығармашылығының көркемдік ерекшеліктері.
101. Жаяу Мұса Байжанұлының (1835-1929) шығармалары.
102.Балуан Шолақ Баймырзаұлының (1864-1919) өмірі мен шығармашылығы.
103. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы патша үкіметінің қазақ елінде ұстанған саясаты, оның қазақ әдебиетінде көрінуі.
104. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы патша үкіметінің қазақ елінде ұстанған саясаты, оның қазақ әдебиетінде көрінуі.
105. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ағартушылық идеясының өркендеу сыры.
106. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ дастандары және оларда көрінген гуманистік идеялар.
107. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясындағы азаттық идеясы.
108. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы аударма әдебиет жайы.
109. Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы.
110. Ш.Уәлиханов – қазақ тарихы мен әдебиетін, фольклоры мен этнографиясын зерттеуші, ағартушы, ұлы ғалым.
111. Ш. Уәлиханов – публицист жазушы («Құлжа күнделіктері», «Алты шаһар немесе Қашқария туралы», «Іл өлкесінің географиялық очеркі» т.б.).
112. Шоқанның фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы зерттеу еңбектері. («Қазақ шежіресі», «Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» т.б.).
113. Шоқанның қырғыз тарихы мен фольклорына байланысты зерттеулері («Манас» эпосы).
114. Шоқанның хаттары (Ата-анасына, Ф.М.Достоевскиге, А.Н. Майковке, К.К. Путновскиге т.б.) ондағы демократиялық, ағартушылық көзқарастары.
115. Шоқан туралы орыс ғалымдарының еңбектері. (Г.Н. Потанин, И.Н. Березин, Н.А, Аристов, Н.И. Веселовский, В.В. Бартальд, Н.М. Ядринцев) еңбектері.
116. Ш.Уәлихановтың шығармашылық мұрасының ұлттық тарихымыздағы маңызы.
117. Ы. Алтынсарин (1841-1889) қазақ халқының әдет-ғұрыптары туралы жазған этнографиялық еңбектері.
118 Ы. Алтынсарин шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
119. Ы. Алтынсарин – ұлы ағартушы, ұстаз – жазушы, ақын, этнограф, аудармашы.
120. Ы.Алтынсариннің шығармаларының философиялық, психологиялық мәні. . («Әке мен бала» , «Бақша ағаштары», «Ұйықпан әкім», «Қыпшақ Сейітқұл», «Таза бұлақ» т.б.).
121. Ы. Алтынсарин – қазақ мектебіне арналған тұңғыш оқу құралдарының авторы.
122. Ы. Алтынсарин өлеңдеріндегі реализм – қазақ халқының тұрмыстық қажетін өмір мазмұнын көркем тілімен бейнеленуі («Сөз басы», «Әй, достарым», «Әй, жігіттер!», «Азған елдің хандары», «Азған елдің қожасы» т.б.).
123. Ы. Алтынсарин әңгімелері – ұстаздық тәлім-тәрбие құрамы, қазақ жазба прозасы қалыптасуының бастау негізі.
124. Ы. Алтынсарин ағартушылық идеясының жаңашылдығы.
125. Ы. Алтынсарин өлеңдеріндегі оқу-ағарту тақырыбы.
126 Ы. Алтынсарин өлеңдері мен әңгімелеріндегі тақырыптық, көркемдік шешім тұрғысындағы үндестік.
127. Ы. Алтынсарин – халық әдебиеті мұраларын жинаушы, олардың ұстаздық жұмысына пайдалануы. («Қобыланды батыр мен Тайбурыл», «Орақ батырдың баласы Әлібек мырзаның бір ханға айтқан сөзі», «Нұрхан бидің бір сөзі» т.б.).
128. Ы. Алтынсарин – қазақтың ұлттық даму тарихының ұлы тұлғасы.
129. Ұлы Абай мұрасының жиналуы, жариялануы, зерттелуі.
130. Абайдың жас шағындағы өлеңдері («Сап-сап көңілім»,»Физули-Шәмси», «Тайға міндік» т.б.).
131. Абайдың лирикалық өлеңдері. Азаматтық көңіл күй, философиялық толғаныстар. («Көңілім қайтты», «Патша құдай», «Көкбайға», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Сенбе жұртқа» т.б.).
132. Абайдың сыншыл ойлы, сатиралық мазмұнды өлеңдері («Байлар жүр», «Мәз болады болысың», «Сабырсыз, арсыз, еріншек» т.б.).
133. Абайдың өнер тақырыбындағы шығармалары («Алыстан сермеп», «Сен мені не етесің?», «Қор болды жаным», «Ата-анаға көз қуаныш» т.б.).
134. Абайдың аудармашылық-нәзиралық шығармалары әлемдік әдебиетті қазақ тілінде сөйлетудің үздік үлгілері.
135. Абай поэмалары – дәстүрлі нәзира үлгілері.Оқиғаларды суреттеу арқылы өсиеттік, ұстаздық ой туғызатын шығармалары.
136. «Масғұт» поэмасында адамгершілік мәселесінің философиялық тұрғыда көркемдік шешіммен жырлануы.
137. «Ескендір» поэмасындағы ұлы Абайдың гуманистік ойлары.
138. «Әзім әңгімесі» поэмасындағы адамгершілік мәсәләләр.
139. Абайдың махаббат, ғашықтық сезімдермен өрілген тебіреністері. («Қор болды жаным», «Жігіт сөзі», «Қыз сөзі», «Көзімнің қарасы»).
140. Абай өлеңдерінде оқу, білім, ағарту, тәрбие мәселелері жырлануы («Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Бір дәурен келеді күнде» т.б.).
141. Абай өлеңдерінде табиғат құбылыстарының шынайы бояушы суреттерін айшықтауы («Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұры»).
142. Абайдың табиғат пен адамдық мінез-құлық, іс-әрекет, сезім мәселелерін астастыра жырлаған өлеңдері («Желсіз түнде жарық ай», «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі-ай» т.б.).
143. А. Құнанбаевтың ақындық мектебі. Шәкірт ақындары.
144 Абайдың қара сөздерінің тақырыптық, идеялық, көркемдік ерекшеліктері.
145. Абай қара сөздерінің халық тарихы, қазақ еліндегі қоғамдық құрылыс, елді басқару мәселелері (3,8,22,38,41,42,46-сөздер).
146. Абай қара сөздерінің оқу-ағарту, ғылыми, өнер-білім, халықтық тәлім-тәрбие мәселелері (2,8,10,17,18,25,32,33,38,43-сөздер).
147. Абай қара сөздерінде еңбектің мәні шаруашылық, тұрмыс туралы (29,33,42-сөздер).
148. Абай қара сөздерінде адамгершілік тәрбиесі, мінез-құлық мәселелері туралы (4,14,15,17,18,21,22,28,34,42,44 – сөздер).
149. Абай қара сөздерінде дін, имандылық, өмір сырлары туралы (12,13,15,27,31,35,36,37 – сөздер).
150. Абай қара сөздерінің поэтикасы.
151. Абай қара сөздері – ұлттық сөз өнеріндегі публицистика, ғылыми-философиялық мазмұнды прозалық шығармашылық дәстүрінің бастау негізі.
152. Абайтану ғылымының қалыптасу, даму тарихы.
153.Абай – қазақ сөз өнеріндегі жаңа реалистік жазба көркем әдебиеттің негізін салған ұлы классик ақын.
154. Ақылбай Абайұлы (1816-1904) . Өмірі мен шығармашылығы.
155. Ақылбай Абайұлының «Дағыстан» поэмасы. Поэмадағы адамдық сезім күйлерінің романтикалық әуенмен тартысты оқиғалар үстінде жырлануы.
156. «Дағыстан» поэмасындағы образдар жүйесі, тілі, стилі.
157. «Зұлыс», Ақылбайдың роман-поэма түрінде жазылған үлкен көлемді шығармасы.
158. Мағауия Абайұлы (1870-1904) өмірі мен шығармашылығы.
159. «Медғат - Қасым» поэмасының романтикалық көркемдік әдіс тұрғысындағы ерекшеліктері.
160. «Медғат - Қасым» поэмасындағы Қасым, Сәлім мен Ғазиза бейнелері, кек пен махаббат сезімдерінің жырлануындағы табиғи тартыс, көркемдік шешім мәселелері.
161. Көкбай Жанатайұлының (1864-1927 ) шығармашылық қалыптасу жолы.
162. Шәнгерей Сейіткерейұлы Бөкеев (1847 - 1920) өмірі мен ақындық – жазушылық шығармашылық қалыптасу жолы.
163. Ш.С. Бөкеевтың өлеңдері («Өмірдің өтуі», «Бұл күнде жас көңілім судай тастың», «Жалғаншы жарық дүние» т.б.).
164. Шәңгерей шығармашылығының әлемдік әдеби дамуға байланысты жақтары (романтизм, символизм мәселелері).
Достарыңызбен бөлісу: |