Дәріс мәтіндері дәріс №1 ХІХ ғасырдағы тарихи әлеуметтік жағдай және қазақ Әдебиеті


Дәріс №2 ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫ ( 1802-1874 ) ПОЭЗИЯСЫ ЖӘНЕ СОЛ КЕЗЕҢДЕГІ ТАРИХИ ДӘУІР БОЛМЫСЫ



бет2/28
Дата01.03.2024
өлшемі0.58 Mb.
#493872
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
дарис

Дәріс №2
ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫ ( 1802-1874 ) ПОЭЗИЯСЫ ЖӘНЕ СОЛ КЕЗЕҢДЕГІ ТАРИХИ ДӘУІР БОЛМЫСЫ
1. Дулат қазақ әдебиетіндегі алғаш мысал жазған ақын.
2. Дулат шығармаларындағы оқу-өнер,білім тақырыбы.
3. «Еспембет» дастанының фольклорлық сипаты, композициясы, тілі.


1. Дулат қазақ әдебиетінде алғаш мысал жазған ақын. Дулат қазақ әдебиеті тарихында алғаш мысал жазған ақын. Оның бізге жеткен төрт-бес мысалы бар. Бұл жағынан оны әдебиетке жаңа бір форма әкелуші, жаңалық енгізуші деп қараған жөн. Дулаттың мысал ретінде жазған шығармалары үлгі, өнеге беру, ақыл айту ретінде келіп отырады. Онда кішіпейілділік, бірлік, әділеттік жақталып, мақтаншақтық, менмендік, бейшаралық, орынсыз пысықтық сыналады. Адамдағы абзал қасиеттерді ардақтаған, адамгершілікті жоғары тұтқан ақынның бұл мысал өлеңдерінің тәрбиелік мәні күні бүгінге дейін жойылған жоқ. «Сары шымшық» атты мысал өлеңінде таңдайы кеуіп шөлдеген жаман шымшық қып- қып етіп, қорқа-қорқа басып, көлден су ішсе сап зытады.Қайтып келіп басқа шымшықтарға мақтанады: «Барсам көлде дүйім құс тұр. Ортада аққу. Көл қорыған қызғыштар. Айламды асырып, соның бәріне сездірмей, ұрлап су іштім, әбден шомылдым. Бір кезде қалықтап қаршыға келіп қалды. Қаз қамысқа тығылды, аққулар есінен адасты, сұқсырлар суға сүңгіді. Мен ғана тырп етпей отыра бердім. Қаршыға менен қаймығып, көлге қонбады. Ақыры саңғыттым да, көлдің суын арамдап жөніме кете бардым.», - деп бөседі. Сонда бір шымшық қас сөйлеп, ана бір көлдің түбінде балалар құрған тұзақ бар,айналасы арпа, бидай, айлаңды асырып, тұзаққа түспей, сол жемді теріп же, бұл сенің қолыңнан келеді, -деп арандатады. «Қаршығадан қорықпаған тұзақтан қорқам ба?»,-деп мықтымсып барған сары шымшық тұзаққа түсіп, мерт болады.
Ендігі бір «Қара қарға» деген мысалында: Қара қарға жем іздеп жүріп,
өлген үйрек тауып алады. Өзі жемей балапандарына әкеліп береді. Олар бұл тәтті жемді қалай қолға түсірдің деп сұрайды анасынан. «Қайратты шешең қамысты көлден іліп әкетті» деп мақтанады қарға. Ата – бабамыз үйрек іліп көрген жоқ еді, -деп күдіктенеді балапандар.Осының бәрін естіп, көріп тұрған бір сауысқан қарғаға келеді де, қаршығаның теуіп түсірген үйрегін жоғалтып алып, іздеп келе жатқанын айтады.
«Қырғиды да жұмсапты,
Кім де болса алғанның
Сол жерде мойнын қи депті,
Жемімді алған ұрыға
Өлімнен тарт сый депті», - дейді.
Қарғаның зәресі ұшады, ішкен жегенін қайта құсады.Балапандарын шулатып тұра қашады.Үйректің қалған жемтігін сауысқан сүйрей жөнеледі.
Дулаттың мысал стилінде жазылған тағы бір шығармасы «Шаштараз».Бұл да қысқа сюжетке құрылған өнегелі, өрнекті туынды.Оның да оқушысына тәлім берерлік әлі күнге мәні бар аңыз бойынша, Ескендірдің басында қос мүйізі болыпты-мыс.Патша оны жасырып жүріпті.Шашын қиып, тарап, күтіп тұру үшін сыр шашпайтын, аузына берік шаштараз таптырып, одан ант алып,сұрағанын беріп, шашын алғызып жүреді. Шаштараз уәдесін біраз ұстап жүргенмен, күндердің күнінде уәдесін бұзып алады. Қанша айтпайын деп жүрсе де, ол ішін кернеген сырды жасыра алмай, ақыры далаға оңаша шығып, жерге етбетінен жатып, патшаның басында мүйізі бар деп қалады. Аузынан құпияның шығуы мұң екен,жел естіп, желден ел естіп тарап кетеді.Бейшара шаштараз аузына ие бола алмай, басынан айрылады. Ақынның бұл мысалы да адамгершілік тәлім береді.Уағыдаға берік, ұстамды бол дейді. Дулат мысалдарының ғибрат аларлық жақтары өте мол, өнегелі туындылар.
2. Дулат шығармаларындағы оқу,өнер-білім тақырыбы. Ақын шығырмаларынан орын алатын маңызды мәселенің бірі- оқу, өнер-білім. Дулат та басқа ақындар сияқты надандыққа, әдепсіздікке қарсы шығып, қазақ қоғамындағы адамгершілікке жат қылықтардың өріс алу себебі – осы надандық індетінің салдары деп түсінген. Сондықтан оқып білім алған адамдардың қоғам өмірінен алатын орындары өзгеше деп бағалаған. Адам бойындағы даналық пен жақсылық- бәрі тәрбиенің, оқудың нәтижесі. Елді оқыған тәрбиелі, білімді адам басқарса, зұлымдық пен озбырлық дегендерге жол берілмес еді,- деп түйген. Жалпы адамның «жақсы», «жаман» деп бөлінуі де сол парасаттылығында: ойлы, ұстамды, білімді, өнерлі болуы, ақылының өсуі-бәрі оның ізденіп тапқанына, содан соң бойына дарытқанына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет