Дәріс мәтіндері дәріс №1 ХІХ ғасырдағы тарихи әлеуметтік жағдай және қазақ Әдебиеті



бет24/28
Дата01.03.2024
өлшемі0.58 Mb.
#493872
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
дарис

Мағауияның паэмалары.

Мағауияның қазақ әдебиеті тарихында атын қалдырған еңбегі – оның поэмалары.


Мағауияның тұңғыш жазған поэмасы - «Еңлік-Кебек». Бұл поэманы 20 жасында жазған, 1890 жазған. Поэма ол кезде кең тараған. Оның себебі«Еңлік-Кебек» поэмасын сөз еткенде айтамыз. Поэманың қолжазба көшірмесі ғана бізге жеткен. Мағауияның өз қолжазбасы сақталмаған. «Абылай» поэмасының да толық нұсқасы сақталмаған. Қолжазба көшірмелерде шығарманың үзінділері ғана сақталған. Мағауияның ең соңғы жазған поэмасы - «Медіғат-Қасым». Поэманың жазылған уақыты 1900 жыл шамасы. Бұл жөнінде Рақымжан Мамырзақов былай дейді : «Медіғат-Қасым» 1900 жылы шамасында жазылған. Себебі біз 1902 жылдан бастап айтушылардан еститін болдық.»
«Медіғат-қасым» поэмасының 1908 жылы көшірілген нұсқасы қазіргі бар тарихи қолжазба. Поэманы ертеректегі қолжазбалардан көшіріп алып жаттаған: Әрхам Ысқақов, Рақымжан Мамырзақов, Шәбден Әлмағамбетовтордың ауызша айтқандарын 1908 жылғы қолжазбамен салыстырып, зерттеп қарағанымызда ешбір қайшылық, бұрыс кетушілік байқалмады. Сондықтан «Медіғат-Қасым» поэмасының 1908 жылғы қолжазбасын Мағауия жазған түпнұсқадан ешбір айырмасы жоқ деп кәміл сеніп айта аламыз. Поэманы сол 1908 жылғы жазылған қолжазба бойынша зерттейміз.


Дәріс № 15
Шәңгерей Бөкейұлының өмірі (1847-1920) мен ақын-жазушы ретіндегі шығармашылығының қалыптасу жолы


1. Шәңгерейдің ақындық талғамы.
2. Шәңгерей – лирик ақын.


1. Шәңгерейдің ақындық талғамы.
Шәңгерейдің ақындық талғамы, қоғам өміріне қояр талабы, дүниетанымы өзі тұстас қазақ ақындарынан өзгеше еді десек, бұл өзгешеліктердің түп төркінін біз аталмыш орыс,Европа мәдениетінен ,әдеби көріністерінен,өнер өрнектерінен табамыз. Шәңгерей – қазақ топырағынан шыққан талант.
Шәңгерей –Махамбет те, Шортабай да, Дулат та, Сүйінбай да емес. Олардың әрқайсысын, бір-бірін ұқсастықтарынан емес, керісінше, бірін-бірі қайталмайтын,ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктеріне орай өзгеше талант дейміз. Сөйте тұрса да оларда қазақтың ұлттық поэзясы бұзылмайды.
Ақынның ой-сезім талғамы,қиянға негізделе бейнеленіп, қоғам қайшылықтарын , дәулет теңсіздігінің сырын қарастырудан гөрі, жеке адамның өмірін, тіршліік жайларын дүниенің пәнилігіне ұштастыра терең толғана суреттейді. Ақын – қоғамдағы адамдарды тотарға бөлмей,бәрен ортақ е түйер образдар жасауға шебер. Оған адамның дәулетінен гөрі жеке басының қадір-қасиеті, мейірімділігі, қайырымдылығы,өнерлілігі керегірек сияқты./1.295/ Сондай-ақ ақын творчествосында тұрмыс-тіршілік қамы да көп сөз бола бермейді. Қайта адамның жан дүниесінің тазалығы, әділдігі,қарпайымдылығы, батылдығы, сырты мен іші сай, айтарлықтай көз тартар сұлу болуы баса жырланады .
Шәңгерейдің шығармаларына арқау боларлық ортақ бейне – оның ақындық «мені». Ол барлық шығармаларында өзінің жайын, өмір жолын,дүниеге келгеннен кейінгі бастан кешкендерін айтар ойына ұштастыра отырып, образдар арқылы терең толғайды. Кейде өз атынан сөйлей отырып, оны басқа бір жанама хайуанат өміріне немесе соның тағдырына ,әдет-мінезіне,іс-әрекетіне ауыстыра бейнелейді. Ақынның бұлайша суреттеулері аллегориядан гөрі кейіптеуге, салыстырмалы бейнелеулерге ұқсас. Ол айтар ойларын қаз қалпында туралап баяндаудан гөрі бейнелі сурет жасауға әуес.
Шәңгерей көбіне өзінің жастық өмірін жырлады./1,26/ Өмірінң ішіндегі ең қызықты кезі жастық деп білді. Өсе келе, оған сол жастық өмір де қызығын жоғалтып,басқа түске енді.
Бұл күнде, жас көңілім, судай тастың,
Тасқындап кемеріңнен шалқып астың.
Төрт бұрыш дүниені көрмей болжап,
Қиялмен көп қапасын барып аштың.
Албырып жас кезінде дүниеге құлашын жайып, қиялын көкке шарықтатқан Шәңгерей ес біліп,айналасына өзінің көзқарасы беки бастағасын-ақ дүниеден суынып, жастық өмірдің келешегін емес, иек ашпада таяу тұрған қысқалығын жыр етті.
Шәңгерей ескі өмірді сұғына жырлап, оны қайта орнату керек демесе де, өз кезіндегі жаңалықтардың көбімен келісе алмады. Міне осыдан барып әлеумет өмірінен аулақтау,оның әр түрлі құбылысына берілу, көлемі шағын тақырыптарды алып жырлау, өзінің ой-пікірін соның айналасына жиыстыру,жалаң көркемдікті машықтау, «дарашылдыққа» ұшырады.Бұл үзінді келтірілген өлеңдердегі айтылған «жермен жексен болайын деп тұрған қиялда», «қарасын үзіп бара жатқан дүниеде» бір жағынан,өз өмірін жырлау болса, екінші жағынан, феодалдық өмірдің іріп бара жатқандығымен байланысты туған болатын-ды. Мұндай бағыт, жалғыз Шәңгерейдің басында ғана болған оқиға емес. Бұл ХІХ ғасырдағы орыс әдебиеінде де болды. Орыстың Фет,Тютчев тәрізді ақындары да искусство(көркемөнер) әдемілік үшін ғана керек,ол қоғам күресінен аулақ, «ерікті» деген көзқарасты ұсынды. Қазақ әдебиетіндегі Фет, Тютчевтің сыңары – Шәңгерей болды. /4.253/
Үстірт қарағанда бұл бағыттың өмірдегі – күрес-тартыспен еш байланысы жоқ жоқ тәрізді. Шындығына келгенде, сенде мені қызықтыратын еш нәрсе жоқ деп, жеке өмірімен байланысты ғана нәрселерді жыр қылудың өзі – қарсылық көрсету. Ақынның өз кезіндегі әлеуметтік құрылысқа жасаған наразылығы еді. Әдебиет тарихына көз жіберсек, кейбір ақындар өз кезіндегі құрылысқа риза болмай,өткен өмірді жырлады,кейбірі,өз дәуіріне риза болмағанмен,жақсылықы келешектен күтті. Ол күннің қандай болатынына көзі жетпесе де,өз елінің сол қалыпта тұра алмайтындығын, ол қалыпта тұрса да, оңбайтындығын,сондықтан оның өзгеруі және оны өзгерту керектігін айтты.Соны өзгертетін келешек жастар деп сене білді. /3.256/
Нұғыман Манаевтың айтуынша, Шәңгерей өмірінің соңғы кездерінде көлемді екі әңгіме жазған. «Шәңгерейдің «Қара мұрт» деген қара сөзбен жазған әңгіме-романы болған. Сол романын уақыында бастыруға бермеген. Қолжазба күйінде әркім ұрлап алып оқып жүріп,аяғында жоғалтқан. «Қарa мұртты» қолжазба күйінде ұрлап алып оқушының бірі Абдол Бөкейханов…» дей келіп: «Бесінші жылдың төңкерісі,16 жылдың оқиғасы ,баяғы орыс-жапон соғысы,1917 жылғы Октябрь Революциясы – бұлардың барлығы да Шәңгерейдің тұсында болған ірі оқиғалар. Шәңгерей сияқты ақындардың бұл сияқты ірі оқиғаларға селт етпей қалатын жөні жоқ. Бірақ бұл оқиғалар туралы ақынның не ойлап, не істегені туралы біздің қолымызда ел ауызында қалған бас-аяғы жоқ, азғана сөзден басқа ешқандай дерек те жоқ» – деді Н.Манаев.Шәңгерей ең алдымен ғылым мәселесіне үлкен сеніммен қарады. Қоғамның дамуы үшін ғылым негізгі шарттардың бірі екендігін ұғындыруға күш салды. Өлеңдерінде жастарды оқуға, ғылыммен шұғылдануға шақырады.
Оқысаң ғылым нұрын білім асар,
Көңілдің кіршік басқан көзін ашар.
Мас болған біліміне кейбір жастар
Жерлерге аяқ жетпес аяқ басар.
Апыр-ай, кімге аян бұл жаһанның
Белгісіз ұлылығы асқар-асқар.
Ақын бір жағынан, жастарды ғылымға үндесе,екінші жағынан, олардың «аяқ жетпес жерлерге аяқ басуын» аңғартады. Ғыылм түпсіз тұңғиық немесе асқар тауға ұқсас. Оның барлығын түп-түгел уысыңа сыйғызу мүмкін емес. Ғылымға ұмтылушылар өзіне белгілі бір шек қоюы керек деген пікірді мегзейді.Ақынның Эдисонға арнаған өлеңі ғылым мен надандықты бір-біріне қарама-қарсы қойып ,молдаларды мысқылдап,Эдсонды мадақтау тұрғысынан жазылған. «Жансыз затты сөйлеткен өнер-ғылымды»– молдалар «шайтани» іс деп бағалайды. Бұдан артық надандық бола ма дей келіп, молда біткендердің бәрін де зілді кекесін түрінде шенеп, ғылымға төмендегіше анықтама береді.
Бұл ғылым бір бәйтерек шектен асқан,
Шұлғанған бұтағына ғаршы-гүрсы.
Бар ғалам он сегіз мың саясында,
Таусылмас бұтақ сайын бар жемісі.
«Шайтани» бұл өнерді қаалй дейміз,
Әр өнер сол жемістің бірдемесі.
Шәңгерей кезінде ғылымның қоғамдық мәнінің зорлығын,халқымыздың мәдениетті елдер сапына кіруі үшін ғылымның керектігін көпшілікке түсіндіру көзі ашық ,оқыған азаматтардың ойын дәл жеткізген. Оған төмендегі өлең толық дәлел бола алады.
Сөйлеткен жансыз затты – өнер ісі,
Есітіп таң қалады көрген кісі.
Білмейді қалай етіп түсінерін,
Айтпаса түсіндіріп білген кісі.
Шәңгерей – тек көркем шығарма жазушы ғана емес,сонымен қатар көрнекті аудармашы.Лермонтовтың «Қашқын» поэмасын шебер аударған. Поэмада екі ағасы,әкесі жауларымен белдесіп, қан майданның төрінде қазақ тауып,зор ерлікпен өледі. Һарун кек алудың орнына ,өз басын аман сақтак мақсатымен қашады. Бұл қорқақтық ,Отанын сату ,әкесі,ағаларынан өз жанын артық санауы нағыз ездік деп көрсетеді ақын. Һарунның «іштен шыққан ала жыланның иреңдеуінің жақсысы-ай!» дейтін анасы қара басын қамтып жаудан қашқан ұлына жүрегі жылымайды. Оған ана теріс батасын беріп лағынет айтады.
Қимадың жақсы өлімге бір басыңды…
Кет жалғыз,қашқын болған масқаарңмен,
Қояйын қарайтпай-ақ ақ шашымды,
Қорқақ құл! Енді маған бала емессің,
Сүрттірмен ұятыңмен көз жасымды,– дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет