Дәріс мәтіндері дәріс №1 ХІХ ғасырдағы тарихи әлеуметтік жағдай және қазақ Әдебиеті


Дәріс № 14 Мағауия Абайұлы (1870 - 1904). Өмірі мен шығармашылығы



бет23/28
Дата01.03.2024
өлшемі0.58 Mb.
#493872
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
дарис

Дәріс № 14
Мағауия Абайұлы (1870 - 1904). Өмірі мен шығармашылығы

Мағауия Абайдың Ділдә деген бәйбішесінен, әкесінің жиырма бес жасында туған. Ділдәдан төре ұл, екі қыз болған . Тұңғыш баласы –Ақылбай. Одан соңғы ұлы Әкімбай, ол сегіз жасында өлген. Қыздары Райхан және Күлбәдан, бесінші баласы Әбдірахман. Мағауия Абайдың кенже баласы. Бұлардың Ақылбайдан басқалары Абайдың өз тәрбиесінде болған.


Мағауияны әкесі сегіз-тоғыз жасында мұсылманша оқуға береді. Ауылда, «кішкене молла» деп аталатын, Мұхаметкәрімнен төрт-бес жыл оқыған соң, Абай оны қалаға апарып, оқуға бергені туралы айта келіп, М Әуезов былай деп жазады:
«Семейдегі Городское училище дейтін орысша мектепке түсірді. Мағауияның алдында орысша оқуға берген ағасы Әбдірахман Түмен қаласында оқып жүреді. Абай Күлбәдан деген қызын да орысша оқуға береді».( М.О. Әуезов - «Абай Құнанбаев. Мақалалар мен зерттеулер». Алматы, 1967 ж. 221-бет. Архив мағлұматтарына қарағанда, Мағауияның Семей қаласында: «Семипалатинская мужская киргизская школа» деген мектепте 1884 жылы оқып жүргенін көреміз.
Оқуға аса қабілетті, зерек, талант иесі жас шәкірт Мағауия қалада екі-үш жыл оқыған соң, денсаулығы төмендеп, науқаска шалдыға бастайды. Баласының денсаулығына қауіптенген Абай сол кездегі Семей қаласындағы ең тәуір, тәжірибелі дәрігер деп танылған –Становқа қаратады. Мағауияның өкпе ауруына ұшырағанын анықтаған дәрігер, енді оның қалада тұрып оқуына болмайтынын айтады. Сонымен амалсыз оқуын тоқтатып, Мағауия ауылына қайтады. Бұл-1886-1887 жылдар еді.
Мағауия орыс мектебінен алған бастауыш білімін әкесінің өнегесімен өз бетімен дамытып, орыс тіліне жетік болады. Абай оқитын кітаптары –орыстың ұлы ақын, жазушыларының еңбектерін Мағауия да зер салып , көп оқиды.
«Мұқа, Ақылбай, Кәкітай, Мағауия сияқты жас таланттар, ақындар, жыршылар Абайдың төңірегіне топталады. Олардың кейбіреулері Абайдан үлгі алып, өздігінен білімін көтереді, орыс әдебиетін оқып, үйренеді»,-дейді М.Әуезов.
Мағауия он алты-он жеті жасында қолына қалам алып, өлең жаза бастаған. Мағауияның лирикалық өлеңдері, Абай айтқандай :« тілге жеңіл , жүрекке жылы тиетін», «айналасы теп-тегіс жұмыр» келген нағыз көркем шығарма.
Ақынның алғаш жазғын шығармаларының бірі- «Ай жарық, жаздың түні ат терлетіп» деп басталатын өлеңі. Ақын бұл өленіңде, екі жастың жазғы жайлауда, ай жарық бір түнде ел көзінен ұрланып, ауылдан аулақ бір сайда, бірін-бірі аңсап табысқан сәттегі көңіл-күйін, сезім-сырын сипаттайды.
Сүйген жарымен көріскенше, көңілі жай таппай, жүрегі алып ұшып тұрған жігіт бейнесін аса нанымды, әрі әсерлі етіп суреттейді. Ауылдан ұрланып шығып, күткен жарына, жан ұшырып келе жатқан қыз бейнесін суреттейді.
Шыққан жарын көрінсе о да беттеп,
Әрең шыққан секілді ептеп-септеп,
Қара шапан, ақ көйлек, кәмшат бөрік,
Көк шалғынның үстінде көлбелектеп.
Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңнің үлгісі байқалады. Сонымен қатар Мағауияның махаббат тақырыбын жырлауында үлкен мәдениеттілік, Абай арқылы келген орыс әдебиетінің жақсы өнегесі көрініп тұр.
Мағауияның жастық-махаббат тақырыбына жазылған белгілі бір өлеңі-«Түсімде бүгін түнде көрдім дұхтар». Ақын бұл өлеңінде өз басынан кешкен бір халды баян етеді.
Абайдың жакын достарының бірі, әрі әнші, әрі жыршы Бейсенбай Жәнібековтың (1858-1917) Шәкежан атты бір қызы болады. Айттырып қойған күйеуін өзіне тең көрмей, қыздың көңілі Мағауияда болады. Оған өлеңмен хат жазып, махаббат сырын білдіреді. Шәкежанның адамгершілігі, Мағауияға қатты ұнайды. Бірақ, қосылып өмір сүруге жол жоқ. Қыздың жастай айттырып қойған қайыны - Сатыбалды бай, Ырғызбай тұқымының жуан бір жұдырығы.
Амалсыздан айырылған сүйген жардың күйігі Мағауияны қатты толғандырған. Осы оқиғаны түнде көрген түсі етіп, өлең жазып, өзінің сүйген жарымен кездесуін көрген түсі етіп суреттейді. Өзін ақ көңіл, адал жүрегімен шексіз сүйген қыздың махаббат сезімін ақын:
Тұрмады сыпайысып о да шыдап,
Қосылған адамбыз ғой тегінде ұнап.
Арта сап мойыныма ақ білегін,
Кеудеме келіп қалды басы құлап,-
деп суреттейді .
Аз өмірінің ішінде Мағауияның басынан кешкен өмір кезендерінің ең қайғылы, ауыр кезеңі ағасы Әбдірахман қазасы болады. 1894 жылы Алматыда қатты науқастанып жатқан Әбіш тағдыры Абай ауылын қатты күйзелтеді. Әбіштің науқасын естігеннен бастап, оған арналып жолдаған, әке махаббатын жеткізетін, Абай жүрегін жарып шыққан сағыныш, тілек жыры туады. Мағауия да ағасына арнап өлеңмен хат жазған.
«Дейтұғын сөзің қайта «Мағатайым», «Жалғыз міне отырмын әр нәрсе ойлап», «Бірге туған бауырлас»- деген өлең – жырларын туғызды.
Ыңқылдап жатыр екем жаңа барсам,
Жасымды тоқтата алмай, болдым сарсаң.
Сұп-сұр болып жатқанын шалқасынан,
Көкірегім көреді, көзімді алсам,-
деп, науқастың аянышты бейнесін суреттеп, өзінің мұңды сезім-сырын жазады. Еліне қайғы арқалап қайтпай, қуанышпен қайтуды арман, тілек етеде.
...Жолықсам күлкіменен құшақтасып,
Сөйлесіп, қалжындасып, көңіл басып.
Құдай-ау, өзің сақта жолығудан,
Жыласып, шуылдасып, ойбайласып,-
дейді.
Әбіштің науқасы күн сайын асқынып, Мағауияның үмітін үзгізе бастайды. Туған елден аулақта, ауыр науқасқа душар болып жатқан ағасының қасында жалғыз өзі болған кездегі басынан кешкен қасірет шегін шертеді.
Жалғыз міне отырмын әр нәрсе ойлап,
Тістеніп, көзге келген жасты «қойлап»,
Ауру тыныш болғанда мен де тыныш,
Ыңқ еткен дыбыс шықса жүрек ойнап –

Ыңқыл қағып жатады сұп-сұр болып,


Сырылдап қақыра алмай кеуде толып.
Жалғыздық, биғилаждық еске түсіп,
Жүрек болмай ериді мұны көріп,-
деп келіп, Әбіштің ерлік, адамгершілік қасиетін сипаттайды.
Шыншыл тіл, әдебі зор, таза жүрек,
Ақ көңіл сақталмайтын ішінде кек.
Өмірден үміті жоқ, бейнеті көп,
Жатады бір қозғалмай зор көкірек.
Болады байқағанға айтуға ер деп,
Тайсалмай еш нәрседен жатыр «кел» деп.
- Азабыңнан құтқар да, бар тілегім-
Айтады: жаным әзір ала бер деп.
Әбіштің халі күннен-күнге асқан сайын төмендей береді. Жанындай жақсы көретін аяулы ағасын өлімге қия алмай, жаны күйзеліп, жас басына қайғы – қасіреттің қара бұлты төнген Мағауия:
Дейтұғын сөзің қайда «Мағатайым»,
Жүректің тоқтауы жоқ барған сайын.
Жарқ-жұрқ етіп жайнаған жас шағында,
Шынымен қор бола ма ағатайым!
Жас татымас жылауға көзді бұлап,
Құдай-ау, жалбарынам жанын сұрап.
Сыртыңа ешбір белгі қоймасаң да,
Күймесіңе болмайды жүрек жылып,-
деп күңіренеді.
Ұзақ төсек тартып жатқан Әбіш 1895 жылы бірінші январь күні, 27 жасында қайтыс болады. Ағасын «аманат» деп, Алматыға уақытша жерлеп, қалың-қайғы арқалап, Мағауия еліне қайтады. Әбіш өлген соң, Мағауияның ағасына шығарған өлеңі бар. «Жас шыбық» атты лирикасы, әлеуметтік тақырыпқа жазған бір өлеңі ғана сақталған.
Мағауия Абайдың сегіз қырлы өнерпаз шәкірті болды. Ол ақындығымен қатар әрі әнші, домбырашы, гармонь, скрипка сияты музыка аспаптарын жақсы меңгерген шебер музыкант та еді. Ол мәдени-ағарту ісіне ат салысты. Мысалы, 1890 жылдар, Семейдегі бастауыш білім беру ісіне қамқорлық жасайтын қоғамның толық мүшесі болғаны мәлім.
Мағауия аз жасады, жасынан жабысқан науқас ақыры оны мендетіп жеңіп, 1903 жылы қараша айында, ақын төсек тартып жатып қалады. 1904 жылы, 14 май күні 34 жасында Мағауия дүниеден қайтады. Мағауияның бейіті қазіргі Семей қаласы, Абай ауданы, Ақшоқы дейтін жерде.
Мағауияның әйелі, Дәмегөй 1933 жылы өлген. Дәмегөйден туған қызы, бала күнінен Абай тәрбиесінде болған- Уәсила (1891-1954) Алматы қаласын да қайтыс болды. Құтайба атты ұлы 1918 жылы, Бабыр деген баласы жас шағында қайтыс болды. Кәмиля деген қызы, Жағыфар деген ұлы 1934 жылы дүниеден қайтқан.
Жағыфардың (1899-1934) қыздары, Мағауияның немерелері – Ишан мен Ғазел қазіргі Алматы қаласында тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет