Дәріс мәтіндері дәріс №1 ХІХ ғасырдағы тарихи әлеуметтік жағдай және қазақ Әдебиеті



бет21/28
Дата01.03.2024
өлшемі0.58 Mb.
#493872
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28
дарис

Хронологиялық кесте



1845
10 тамыз

Ақын Абай Семей облысы, казіргі Абай ауданы, Шыңғыс тауында дүниеге келген

1855

10 жасынан Семейде Ахмет-Риза медресесінде дін сабағын, араб, парсы тілдерін меңгереді

1860ж.
соңында

Аздап оқыған орысшасын дамытып, орысша кітаптарды көп оқиды

1870

Петербургтен жер аударылып келген жас революционер Е.П. Михаэлиспен кездеседі

1880

Михаэлис арқылы Долголопов, Леонтьев т.б. демократтармен танысады

1882

Абай ақынның өлеңдері жүйелі, ақындық үлгіде жазыла бастады

1882

Абай Құнанбаев орыс әдебиетін аудара бастайды

1880-1886

Абай ақын өз өлеңдерін жақын досы Көкбай атымен таратып жүрді

1886

Ақын ең алғаш рет өз өлеңдерін өз атына көшірген

1889

А.С. Пушкин шығармаларын аударумен көбірек шұғылданады

1891

Ақынның жақсы көретін інісі Оспан қайтыс болады

1896

Ақынның әкесі Құнанбай Меккеге барып, қажы атанады

1900-1904

Ақын ауруға щалдығды

1904
23маусым

Ұлы ақын дүниеден өтеді

1909

Омбыда ақынның тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрді

1906-1907

«Хабарларда» ақынның суреті және ол туралы Ә.Бөкейхановтың көлемді мақаласы жарияланады

1917

Орынборда Құрманов дегеннің редакциясы бойынша ақынның таңдамалы өлеңдерінің шағын жинағы басылып шықты

1914

А.Н.Веселовскийдің құрметіне арнап шығарылған «Шығыс жинағының» 3-бөлімінде ақынның кейбір өлеңдері бірнеше рет орыс тіліне аударылды [ 2;867-868]

1995

ЮНЕСКО келісімі бойынша дүниежүзінің 26 елінде ұлы ақын Абай Құнанбаевтің 150 жылдық мерейтойы аталып өтті

Дәріс № 13


Ақылбай Абайұлы Құнанбаев ( 1861-1904 ).
Өмірі мен шығармашылығы

Ақылбай Абайдың Ділдә деген бәйбішесінен 1861 жылы туған тұңғыш баласы. Құнанбайдың кіші әйелі Нұрғаным, өзінен бала болмағандықтан, Ақылбайды кішкенесінен өз бауырына басады. Ақылбай туғанда Абайдың өзі жаңа отау иесі еді. Сөйтіп, Ақылбай жас күнінен Нұрғаным тәрбиесінде болып, Құнанбай баласы болады. Ақылбайды тек 9-10 жасында, Құнанбайдың указной молдасы атанған Ғибатқанға оқуға береді. Ақылбай 4-5 жылдай оқып, одан әрі оқымайды. Абайдың 16 жасында туған баласы болғандықтан, өз әкесі Абайға баласы сияты емес, ағайындас Ырғызбайдың бір мырзасы сияқты.


Құнанбай, өзі сияқты қарадан шығып «хан» болған, яғни аға сұлтан болған Қисықтың Жұмақан деген баласының қызы Ізіқанға құда түсіп, үйлендіреді.
Үйленген соң Ақылбайға енші бөліп беріп, жеке бір ауыл етеді. Жасынан көрген тәрбисі, ұшқан ұясы, Құнанбай аты Ақылбайды масаттандырады. Ақылбай жас күнінен талантты домбырашы, өлеңші де болады. Бірақ, ол Құнанбай атағына, нағашыларының ата аруағына масаттанатын. Бұл кездегі Ақылбай айтатын өлең сарыны:
Нағашым ер Қазыбек әулие өткен.
Фәниден уақыт жетіп о да кетті.
Сасқан жан жер шетінен бабам десем,
Аруағы көз ашқанша келіп жетті,-
деген сияқты болатын. Ақылбайдың «Нағашым ер Қазыбек» дейтіні: Қаздауысты Қазбек би. Оның баласы Бекболат би, оның баласы Тіленші би, Тіленшінің баласы Алшымбай би, Алшымбайдың баласы Жүсіп. Жүсіптің баласы Ділдә.
Ақылбайдың жас күнінен әкесі Абайдан аулақ өскенін, оның ақ көңіл аңқаулығын пайдаланып, Абай дұшпандары әке мен баланың арасына от жағып, зұлымдық айла жасап, екеуін мүлде ажыратпақ та болған.
Абай баласының осындай мінездеріне, жасынан көрген жағымсыз тәрбиесінен пайда болған әдеттеріне қатты кейіп «Ата-анаға көз қуаныш » деген өлеңін (1890) жазады.
Абайдың бұл өлеңі талпымбай жүрген талантты Ақылбайға үлкен ой салып, қатты толғандырады. Енді бұдан былайғы Ақылбай өмірі Абай алдында ақын шәкірт болып, өзінің талантты інілеріне ақын аға, Ақыл аға атанып өтеді. Ақын аса шебер музыкант, домбыра, гармонь, скрипкаға жүйрік, мақтаулы өнерпаз болды.
Құнанбайдың мырзасы атанып, «бұлғыннан ішік киіп » бұлғақтап өткізген мағнасыз өмірін Ақылбай қалжың-шыны аралас:
Бұлғыннан ішік кидім кәмшат жаға,
Сарп еттім дүниені білмей баға.
Талай қыз «Ақылжан» деп тұрушы еді,
Дейтұғын сұмдық шықты-ау:«Ақыл аға»,-
деп кейін өлең етеді.
Ақылбайдың ақындығымен бірге ән шығаратын копозиторлық өнері де болған.
«Ақылбай сауықшыл әнші, скрипкашы болатын.....Домбыраға қазақтың ескі күйлері: «Азамат қожа»,«Бұлаң жігіт»,«Бес төре»,«Асыр қалша» деген күйлерді тартатын. Скрипкаға Абайдың әншісі атанған Мұқадан үйренген бірнеше түрлі орыс күйлерін тартатын. Дойбы ойынына Ақылбайды ұтатын бала қойған жоқ »,-дейді Ақылбайдың замандасы, Рақымжан Мамырзақов.
Ақылбай, ұстазы Абайдың ақылымен тау халқының өмірінен «Дағыстан», «Зұлыс» сияқты романтикалық поэма жанрының жаңа түрін дамытқан, талантты мәдениетті ақын.
Ақылбай Абай өмірінен қырық күннен соң, әкесінің қырқын берген күні, 1904 жылы 43 жасында Семей қаласында кенеттен қайтыс болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет