Дәріс сабақтарының конспектілері 1,2 ДӘріс негізгі жағдайлар. Таным мен шығармашылықтың методологиялық ғылыми негіздері



бет28/58
Дата19.05.2022
өлшемі0.7 Mb.
#457259
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   58
Ғылым философиясы - философияның ғылымды адам іс-әрекетінің ерекше аясы әрі ұдайы дамудағы таным жүйесі ретінде қарастырылатын бір саласы. Ғылым танымды гносеология және методология тұрғыдан зерттеу тарихы әріден басталғанымен, ғылым философиясы 20ғасырда ғана дербес пэн ретінде қалыптаса бастады. Ең алғаш бұл термин Кант, Э.Литтре, Спенсер, т.б. ғалымдар еңбектерінде қолданылды. Олар ғылым тілім философиялық тұрғыдан зерттеу әрекеттері тек формалды логиканың шеңберінде жүзеге асуға тиіс, ал ғылыми-теориялық ұғымдарды эмперикалық таным, тәжіребе сынағы арқылы негіздеуге болады деп тұжырымдады. Бұл тұжырым бойынша, ғылым- адамның ең жоғарғы ісі, ал ғылым философияның бір ғана міндеті - тұтастай ғылымды, оның пәндік салаларын логикалық-методологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету. Бертін келе бұл тұжырымдаманың сыңаржақтылығына көзі жеткен ғылымдар ғылым философиясының зерттеу нысандарына елеулі өзгерістер енгізілді. Енді ол ғылымның құрылымымен қатар тарихын зерттеуге ден қойып, бұрыннан белгілі проблемалармен қатар жаңа пәндік мәселелерді, олардың қалыптасу үрдісін қарастыра бастады. Ғылымның теориялық сатысының белгілі бір шамада тәжірибеге тәуелсіз екендігін мойындап, жаңа ғылым білімнің табиғатында тәжірибе-сынақ арқылы дәлелдеу мүмкін емес дүниетанымдық көзқарастардың, методологиялық принциптердің болатынына көз жеткізді. Бірақ ғылымның даму заңдылығын, оның қызметтік міндеттерін дұрыс түсіндіре алатын методологиялық ұстын диалектикалық көзқарас қана. Сананың техникаландырылу деңгейінің артып, компъютерлік дүмпудің өркениет өрісіне тікелей әсер етуі, сол арқылы ғылым функциясының кеңейіп, қоғамның өзге салаларының, алуан текті мәдениет тұрпаттарымен байланысының күшеюі ғылым философиясының алдында күрделі мәселелер қойып отыр. Сондықтан ғылым философиясы ғылыми танымның логикалық-гнесеологиялық проблемаларымен қатар ғылымның әлеуметтік-философиялық және этикалық - этностық мәселелерін зерттеуге тиіс.
Материалдық өндіріс прогрессісінің бастаушы күші болатын, техника дамуымен қатар ғылыми-техникалық революция жағдайында, ғылымның түп- тамырының құрылысы шығады. Қоғамдық өмірде барлық факторлар ғылымды дамытады және қоғамдық өндіріске тұрақты әсерін көрсетуде. Басқа өндіріс әрекетіне өарағанда, материалдық өндірісте, яғни экономика, саясатта, білім және басқару жүйесінде ғылымның дамуын тез темппен дамуын қажет етеді. Қазіргі кезде ғылымның дамуы эксперименттік және зертханалық құрал- жабдықтардан, ғылыми мекемелерден, ғылыми еңбектер бірлестігі (коорперация) және бөлімшелерімен байланысты. Қазіргі қоғамның барлық элементіне және барлық оның түрлерінің әрекетіне ғылым және техниканың әсері өте зор. Қазіргі таңда ғылым қоғамның көп мөлшерде өндірістік күшіне айналуда. Физикалық және жан-жақты (умственный) еңбектің барлық формаларына: медицина, көлік, байланыс және т.б. жатады. Қазіргі адамға қажетті тұрмыс (быт)- бұл ғылыми-техникалық прогрестіңпайда болатын әсер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет