Мәтіннің логикалық сызбасы
Н егізгі тезис
Дәлел 1 дәлел 2 дәлел ...
Иллюстрация (мысалдар)
Қорытынды (резюме)
2. Жазу кезіндегі дағдылар Жазу кезіндегі дағдылар жазбаша ғылыми қарым-қатынас барысында қолданылатын әртүрлі мағыналық құрылымдарды үйретуге арналады. Құрылымдық-мағыналық топтарды функционалдық аспектіні негізге ала отырып, деңгей бойынша және негізгі, аралық, шеткері аймақтарда қолданылатын тілдік құралдарды ажыратып оқытқан дұрыс. Сонымен бірге ғылыми және ғылыми-көпшілік мәтіннің баяндалу типтерін де назардан тыс қалдырмаған дұрыс. Өйткені тәжірибе барысында таза ғылыми мәтіндермен қатар ғылыми-әдеби (көркем), ғылыми-публицистикалық, ғылыми-құжаттық мәтіндердің кездесіп отыруы заңды, осы орайда біздің міндетіміз – осылардың барлығына ортақ, оқыту өлшемдеріне лайық, типтік мәтіндерді дұрыс іріктей алуымызда болса керек. Бұған қоса әрбір тілдің ерекшелігі болатыны тәрізді, қазақ тілінің де ұлттық ойлау ж үйесіне тән ерекшеліктердің тілдегі көріністерін және мұның ғылыми-көпшілік мәтіндерге де тән болып келетіндігін ескереміз.
3. Жазудан кейінгі дағдылар Редакторлық жұмыстар, өз жұмысына басқаның көзімен қарай білу, жазба жұмыста кездесетін стилистикалық-функционалдық белгілерді нақты айқындау т.т. дағдылар – жазудан кейінгі дағдылар қатарына жатады. Бұл кезеңдегі жұмыстар негізінен дайын мәтіндермен жүргізіледі, дәріс алушы дайын мәтіндерді функционалдық және коммуникативтік белгілеріне қарай ажырата білу керек, бұл дағды әртүрлі редакторлық немесе стилистикалық өңдеулер негізінде дамытылады. Қорыта келгенде, жазу болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін, лингвистикалық сауаттылығын танытатын маңызды тұстардың бірі. Сауатты жазуды үйрену қандай мамандық болмасын дағдыланатын жалпы филологиялық мәні зор сапалық өлшем болып табылады. Сондықтан оған үйрету, баулу жолдарын жетілдіру – тілдік курстардың , іс қағаздардың басты міндеттерінің бірі.
Ғылыми мақаланы жазу құрылымын зерттеу
1.Мақаланың аты;
2.Авторлары;
3.Кіріспе;
4. Зерттеу объектісі және әдістемесі
5.Зерттеу нәтижесі және оны талдау;
6.Қорытындылар мен ұсыныстар
7.Қолданылған әдебиет тізбесі
Мақаланың аты қысқа және мақаланың мазмұнын дәл көрсетуі керек. Кіріспе бөлімінде зерттелетін мәселенің мән-маңызын, зерттелу деңгейін және жарияланған ғылыми мақалалардың бағасын ашып жазуы қажет. Әрі қарай өз тәжірибесінің мақсат-міндеттері жазылады.
Келесі бөлімінде тәжірибедегі зерзат (алынған жануар немесе өсімдік тің қысқаша сипаттамасы, шаруашылық немесе өндіріс, уақыты) оны зерттеу әдістемесі көрсетіледі.
Бұдан кейінгі екі бөлім – негізгі бөлім болып есептеледі. Мұнда автор өзі жүргізген зерттеуден алынған нәтижелерді көрсетіп, оларға талдау жасайды.
Қорытындылар мен ұсыныстар тек автордың өз зерттеулерінен ғана шығуы керек және дәлелдемелердің статистикалық көрсеткіштерінің сенімділігі жеткілікті дәрежеде жоғары болуы қажет. Бұл да қысқа болуы шарт.
Әр мақала қолданылған әдебиеттер тізімімен аяқталуы тиіс. Автор ойын анық жеткізуі және сөйлемдерді қайталамауы тиіс. Басқа авторлардың зерттеулерін, еңбектерін, әдістемелерін талдауға немесе басқа бөлімдеріне қоса, міндетті түрде оған сілтеме жасауы және ол еңбектер әдебиеттер тізімінде болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |