Дәріс сабақтарының конспектілері 1,2 ДӘріс негізгі жағдайлар. Таным мен шығармашылықтың методологиялық ғылыми негіздері



бет29/58
Дата19.05.2022
өлшемі0.7 Mb.
#457259
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   58
Бақылау сұрақстары:



  1. Ғылымды әлеуметтік институт ретінде тану кезеңдері мен әрекеттері

  2. Ғылыми стиль

  3. Ғылыми таным

  4. Ғылым логикасы

  5. Ғылым философиясы



Лекция 21
Ғылыми мақала жазу үлгісі

Ғылыми мақала жазу – өзіне жазуға дейінгі ойлау элементтерін қосатын, тілден тыс жатқан логикалық құбылыстармен де байланысы бар күрделі үдеріс. Ғылыми мақала жазуды санада белгілі бір тақырып жайында ойды қорытуға қабілеті бар жеке тұлға ғана іске асыра алады. Студенттің болашақ маман екендігін ескерсек, осы міндетті (ғылыми мақала жазу) университетте оқып жүріп игеру немесе игерту үшін қадам жасау маман және оның болашақ саласы үшін де пайдалы болмақ. Ғылыми мақала жазу тек сауатты жаза білумен шектелмейді, ең әуелі ол ойлау дағдысын, сондай-ақ жазу барысындағы біліктілікті игеруден көрінеді және жазудан кейінгі атқарылатын жұмыстарды да жетік меңгеру қажет. Осылай еткенде ғана ғылыми мақала жазуды ұйымдастырудың басты тетіктері мейлінше кең көрініс таппақ, үйрету әдістемесі де неғұрлым толыққанды болмақ. Егер үш мәселе бойынша студенттер қажетті дағдыларды қалыптастыра алса, ғылыми мақала жазу барысында ілгерілеушілікке ие болады. Олар:


1) Жазуға дейінгі дағдылар;
2) Жазу кезіндегі дағдылар;
3) Жазудан кейінгі дағдылар.
Жазылымның сөйлеу әрекеттерінің басқа түрлеріне қарағанда (сөйлесім, оқылым, тыңдалым) әлдеқайда күрделі және содан кейін, осы әрекеттердің негізінде жүзеге асатынын ескерсек, аталған дағдыны студенттің бойында қалыптастыру аса маңызды болып табылады. Ол студенттің белгілі бір тақырып бойынша оның логикалық сызбасын нақты көз алдына елестетіп, түсіне алуға, өз ойында ойша жинақтап алуға көмектеседі. Бұл дағды – нақты жазуға апарар жол болмақ, осы жолда шыңдалмаған үйренуші жазу барысында да кейбір қателіктерге ұрынуы әбден мүмкін.
Жазуға дейінгі қалыптасатын дағдыларды мына сызба бойынша беруге болады:

Аталған дағдылардың негізінде студенттің тілдік санасында мәтіннің логикалық сызбасы түзіледі, оны былайша беруге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет